Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және өздігінен білім алуын жетілдіру



бет36/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

5. Педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және өздігінен білім алуын жетілдіру. Мектептегі әдістемелік жұмыс педагогикалық мәдениетті көтерудің бірден-бір шарты болып табылады. Мұғалім әдістемелік жұмыстың қандай түрін таңдаса да, соңғы нәтижеде оның тиімділігі мұғалімнің өз бетінше білімін көтеруге байланысты болады. Сондықтан да үздіксіз білім беру процесін жоңары оқу орны – мұғалімдер білімін жетілдіру институты – семинар, курс, практикум және т.б. оқу түрлерімен шектеуге болмайды, оған осы оқу түрлерінің арасындағы тынымсыз ой еңбегін де жеткізу керек. Ересек адамның өз білімін көтеруі бойынша даралығымен ерекшеленеді, содан да мұғалімнің өз білімін көтеру жұмысына тәжірибелі әріптесі, беделді мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет.
Біліктілікті арттыру – базалы мамандықтар аумағындағы кәсіптік білім мен тәжірибелік білімді жаңарту және тереңдетуге мақсатты түрде бағытталған процесс.
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру оның өз бетінше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі қарастырылады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық пен арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерінен тұрады және ол жалпы педагогикалық мәдениетті қамтиды. Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға нақты көмек көрсету үшін оның кәсіптік қызметіндегі сұраныстарын, қажеттілігі мен жеке қызығушылықтарын ескеру қажет. Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп, жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап таба алады.
Мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі әдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда өз мектебі педагогтарының алдындағы қиындықтарға баса назар аударады. Әркімге қатысты мәселелерді бірлесе талқылау мұғалімнің өз білімін көтеру әрекетіне ықпал жасайды. Сондықтан да директордық, оқу ісі меңгерушісінің өз білімін көтеруді ынталандыруы және оған басшылық жасауы негізінен жанама сипат алады. Өздігінен білім көтеру ауқымды мәселелерді қамтиды. Мәселелер топтамасының арасында оқушылардың ғылыми көзқарасын, оның рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін қалыптастыруды атауға болады. Әрбір мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой әрекетінің дербес ерекшеліктерін ескеру негізінде құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, дербес жұмыс жоспар құрып, оны іске асра алуына тікелей байланысты. Сонымен, мұғалімнің кәсіби даярлығы оқу орны қабырғасымен шектеліп қана қоймайды, ол оның кәсіби қызметі бойында жалғасып отыратыны анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет