Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидаларын бөліп көрсетеңіз. Сызбанұсқа дайындаңыз.
2. Әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеті және іс-әрекеттің негізгі бағыттары.
3. Ғылыми-әдістемелік кеңес, оның мақсаты, міндеті, қызметі және өкілеттілігі.
4. Аттестациялаудың ерекшеліктерін түсіндіру.
5. Педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және өздігінен білім алуын жетілдіру. Өз үлгіңізді ұсыңыз.
6. Жас мұғалімдер мектебі үлгісін ұсыныңыз.
7. Педагогикалық шеберлік мектебінің жоспарын дайындау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Гончаров М.А. Методологические основы менеджмента в сфере образования // Знание. Понимание. Учение -2009 — №1, С. – 174-178
2. Борытко Н.М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов. -Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006. -48 с. (Сер. «Гуманитарная педагогика». Вып. 4).
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика". - М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: НОУ-ХАУ в образовании. – М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
№ 10 дәріс
Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
Жоспар:
1. Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
2. Мектептегі рухани-психологиялық климат.
3. Педагогикалық кеңес, оның мақсаты мен міндеттері, қызметі және өкілеттілігі.
4. Еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу.
Негізгі ұғымдар: мектепішілік басқару жүйесі, педагогикалық кеңес, технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару.
1. Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару. Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады.
Қазіргі жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Педагогикалық технология ұғымының мән-мағынасы туралы пікірлер сан алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология – бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді.
Технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин "Педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті", - деп анықтайды.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді (М.В.Кларин).
Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы (Б.П.Беспалько).
Оқыту технологиясы оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе кызметін атқарады (Г.Селевко).
Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді. Педагогикалық үрдісі технологиясы мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық нұсқауларының жиынтығын көрсетеді.
Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқаруда төмендегі екі технологиялар топтамасы қолданылады:
Мектепішілік басқару технологиясы:
1. Жалпы білім беру мектебін басқарудың базалық технологиясы, соның ішінде, дамыту режимінде мектепті басқару (П.И.Третьяков)
2. Әдістемелік жұмысты басқару технологиясы, соның ішінде, педагогикалық кеңесті өткізу (Г.К.Селевко).
3. Білім беру мекемесін басқаруды оңтайландыру технологиясы (Ю.К.Бабанский).
4. Педагогикалық сараптама технологиясы.
5. Мектепішілік мониторинг технологиясы.
6. Жобалау технологиясы.
Авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары:
1. Бейімдеу педагогикасы мектебі (Е.А.Ямбург, Б.А.Бройде).
2. Орыс мектебі моделі (И.Ф.Гончаров).
3. Өзін-өзі басқару мектебінің технологиясы (А.Н.Тубельский).
4. Агромектеп (А.А.Католиков).
5. Еңтеңгі күн мектебі (Д.Хорвард).
6.Қашықтан білім беру орталығы «Эйдос» (А.В.Хуторской, Г.А.Андрианова).
Достарыңызбен бөлісу: |