Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Менеджмент» ұғымының мәнін, оның мақсаты мен міндеттерін ашып көрсетіңіз.
2. Менеджменттің кәсіби іс-әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктерін айқындаңыз.
3. Басқару ой-пікірлерінің эволюциясын бейнелейтін менеджменттің шетелдік мектептеріне кесте құрастырыңыз (атауы, құрылған жылы, негізгі идеялары). Дайындалған кесте бойынша кез келген мектептің қысқаша сипаттамасын (оң және теріс жақтарын көрсете отырып) жазбаша беріңіз.
4. Педагогикалық (мектептік) менеджменттің американдық, жапондық, батыс еуропалық, азиялық типтерінің ерекшеліктерін көрсететін әдебиеттерді өз бетіңізше зерделеңіз. Оқылған материал негізінде «Шетелдік педагогикалық менеджмент модельдері» кестесін құрастырып, оған ортақ және айрықша белгілерді анықтаңыз. Олардың салыстырмалы сипаттамасын жазбаша беріңіз. Өз позицияңызды анықтаңыз: басымдықты қай типке жатқызасыз және неге?
5. «Менеджменттің пайда болу тарихы» шағын хабарлама дайындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Гончаров М.А. Методологические основы менеджмента в сфере образования // Знание. Понимание. Учение -2009.- №1, С. 174-178
2. Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов. -Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006. - 48 с. (Сер. «Гуманитарная педагогика». Вып. 4).
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика". – М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
№2 дәріс
1.2. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде
Жоспар:
1. Білім берудегі басқару түсінігі.
2. Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктері.
3. Педагогикалық менеджменттің жүйетүзуші факторлары.
4. Педагогикалық менеджмент мақсаты мен міндеттері, атқаратын қызметтері.
Негізгі ұғымдар: білім беруді басқару, педагогикалық менеджмент, білім берудің сапасы, жүйе құраушы факторлар, мемлекеттік-қоғамдық басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |