Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері



бет44/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

3. Адами ресурстардың құндылығы. «Адам ресурстары» түсінігі экономика ғылымының негізін салушы санаттардың бірі болып табылады. Адам ресурстарының тұжырымдамалық ережесінің теориясы, қазіргі постиндустриялды қоғамның даму үдерісінде ең маңызды басымдығы және белсенді субъектісі, басты мақсаты адам болып табылатынын білдіреді.
«Адам ресурстары» түсінігіне ғалымдар анықтамалар баршылық.
Негізгі капиталға еңбек құралдарын, ғимараттарды, жерді, сонымен қатар «қоғамның барлық тұрғындары мен мүшелерінің бойындағы пайдалы қабілеттерін» енгізді. Бұл қабілеттер нақты бір тұлғаның ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар осы тұлғаның өмір сүріп отырған қоғам байлығының бір бөлігіне айналады (А. Смит).
Адам ресурстары әрбір адамда бар, капиталды құрастырушы болып табылатын білімдердің, қабілеттер мен мотивациялардың қоры, өйткені оның қалыптасуы ағымдағы тұтынуға зиян келтіре отырып қаражат бөлуді талап етеді де, олар өнімділікті арттырудың қайнар көзі ретінде қызмет етеді (С.А. Капелюшников).
Адам ресурстары тұрғындардың табиғи, экономикалық (өндіруші), әлеуметтік және саяси сапаларының жиынтығы ретінде ұсынылатын жалпы әлеуметтік категория (А.А. Горкопко).
Қазақстандық экономист ғалымдар (Б. Л. Тәтібеков, М. К. Мелдаханова) адам ресурстарын әлеуметтік-экономикалық және экономикалық аспектілерде төмендегідей сипаттайды:
Адам ресурстары жоғары білім деңгейі, кәсібилік пен кәсіпкерлік қабілеттерді иеленуші, елдің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде көрініс табатын адами ресурстар. Адам ресурстары елдің экономикалық өсуі мен дамуына ықпалын тигізетін қолданыста бар немесе қолданыла алатын халықтың бір бөлігі. Оларға шетелдік мемлекеттердің еңбек ресурстары, (I және II топ мүгедектерінен басқа) халықтың барлығы қосыдалы,
Адам ресурстарын дамыту сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделген адамның мүмкіндіктерін үздіксіз, тұрақты кеңейту үдерісі болып табылады. Бұл кезде адам дамуының әр кезеңінде негізін қалаушы ретінде үш басты мүмкіндіктер танылады: лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін ресурстарға еркін қол жеткізу; белсенді, салауатты, ұзақ өмір сүру; өмір сүру ағысында үздіксіз қажетті, кәсіби білім алу. Бұл тұжырымдамалар адам ресурстарын дамыту теориясының негізін қалайды және қоғамның әлеуметтік прогрестік өлшемдерін қалыптастырады.
Адам ресурстарының дамуы келесі негізгі қағидаттардан тұрады:
- барлық адамдарда тең мүмкіндіктер болу қажет, сондықтан жынысына, дініне, ұлтына, тұрғылықты орнына байланысты шектеулерді жою қажет;
- барлық азаматтардың өз іс-әрекеттерінің өнімділігін арттыруға, табысын қалыптасыру үдерісіне толық қатысуға және еңбегі үшін лайықты ақшалай сыйақы алуға мүмкіндіктері болу қажет;
- мүмкіндіктерге қол жетімділікпен қазіргі ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпақтың да қамтамасыз етілуі қажет, сондықтан тиісті түрде барлық капитал түрінің (материалдық, адами, экологиялық) ұдайы өндірісі қамтамасыз етілу қажет;
- даму адамдардың өз күштерімен жүзеге асырылу қажет. Азаматтар өз өмірлеріне әсер ететін шешімдерді қабылдау үдерісіне толық қатысулары қажет;
- адам ресурстарының сандық және сапалық дамуы мемлекет дамуының негізгі басым бағыттарына сәйкес болуы тиіс;
- адам ресурстарын дамыту олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы керек. Яғни адам ресурстарын оқыту және қайта даярлау кезінде әлемдік стандарттарға сүйену қажет. Бұл қағидаттардың әлі де кеңейтілетініне келісеміз, әйтсе де, азаматтар үшін келесі үш басты мүмкіндіктер өзгертілмейтіндей болу қажет: сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге қажетті ресурстарға қол жеткізуде еркін мүмкіндіктері болу қажет; ауырмай, ұзақ және белсенді өмір сүруге мүмкіндігі; өмір сүруі кезінде үздіксіз өзі қалайтын және кәсіби қажетті білім алуы қажет.
Осы тұрғыда еліміздің экономикалық-әлеуметтік тұрақты дамуының басты факторының бірі адам капиталының орны ерекше. Адам капиталы бұл категория ретінде адамның жасампаздық қабілеті, білім, білік, дағды және индивиттің жеке тұлғалық сапаларының жиынтығы, яғни тәжірибесі, оны жұмыс күші ретінде пайдалана алуы және ұлттық байлықты өсіру мен құнын жоғарлатудағы ұйымдастырушылық әрекеттері.
Сондықтан қазіргі қоғамда экономиканы индустриялық-инновациялық дамыту тұлғадан әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуды және белсенді өмір позициясын талап етеді. Әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі талаптары білім беруге адекваттық ұстаныммен қарауға ықпал етеді.
Білім беру ұйымдарының педагогикалық үдерісінің мазмұны тұлғаны өзіндік іс-әрекеттің субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға бағытталып, құзыреттілік және тұлғаға бағдарлы тұрғыдан құрылуы тиіс. Бүгінгі жағдайда педагогикалық үдеріс тек білім, білік, дағдыны меңгерту, әдістемелік жұмыста репродуктивті ақпараттар берумен шектелмеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет