3.1. Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде Жоспар:
1. Педагогикалық ұжым – дамудың нақты заңдылығымен әрекет ететін феномен.
2. Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде.
3. Адами ресурстардың құндылығы.
4. Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері: алқалық келісімге келу, шынайылық, дәлел деңгейін арттыруға бағдарлау, жеке басын ынталандыру.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық ұжым, ұжымды басқару, адам ресурстары, басқару элементі, бағдарламалық іс-әрекет.
1. Педагогикалық ұжым – дамудың нақты заңдылығымен әрекет ететін феномен. 20-шы жылдың басынан 60-шы жылдың аяғында ұжым мәселесі дәстүрлі педагогикалық мәселе болды, бірақ ұжымдық өмірдің жеке аспектілері басқа ғылымдар шеңберінде де зерттелінді. 60-шы жылдардың басында әлеуметтік-саяси жағдайлардың өзгеруіне байланысты барлық қоғамдық ғылымдар жағынан ұжымға көп назар аударылды.
Педагогикада ұжымды құру және тұлғаның жан-жақты дамуы үшін оның барлық мүмкіндіктерін пайдалану, яғни тұлғаға мақсатты тікелей емес, ұжым арқылы жанама түрде ықпал етудің құралы ретінде қарастырылды. Тәрбиенің негізгі мақсатын, А.В.Луначарский, басқамен үйлесімді өмір сүре алатын, басқаның сезімі мен әлеуметтік мағынасына қарай ынтымақтастыра алатын тұлғаны қалыптастыру деп есептейді.
А.С.Макаренко ұжымның теориясы мен практикасын дайындауға ерекше үлес қосты. Ол ешқандай әдістің мұғалім - оқушы жұбы туралы түсінікті шығара алмайтындығын, ал мектепті және ұжымды ұйымдастыру жөніндегі жалпы түсініктен шығару мүмкіндігін дәлелдеді. Ол алғашқылардың бірі болып ізгілікті идеялармен тәрбиелік ұжым тұжырымдамасын жан-жақты негіздеген. Балалар ұжымын ұйымдастыру негізіне алынған педагогикалық қағидалар ұжымның әрбір мүшесінің әлеуметтік ұстанымын анықтайтын міндеттер мен құқықтар жүйесін қамтамасыз етеді. Перспективалар бағыты жүйесі, қатарластыра әрекет ету әдістемесі, жауапкершілік тәуелділік қатынасы, жариялық қағидасы және басқалары адамда қуанышты сезімді, өзінің күшіне сенушілік, қорғаныштықты қамтамасыз етуге, үнемі алдыға қозғалуға қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған.
А.С. Макаренко ұжым – бұл жалпы, қоғамдық құнды мәнді мақсаттары бар және оған жету үшін бірлескен іс-әрекеттерін біріктіретін балалар тобы деп анықтайды. Әрбір ұжымның мақсаты оны ұйымдастырудың бірлігіне байланысты өзінің басқару органы болады және жалпы ұжымның бөлігі болып табылады. Мақсат пен іс-әрекеттің бірлігімен біріктірілген ұжымның мүшелері жауапкершілікті тәуелділік, басқару мен ұжым алдында барлық мүшелерінің теңдігі және олардың бірдей жауапкершілігі жағдайында бағыну сияқты белгілі бір қатынасқа түседі. Осыдан ұжымның өзіне тән негізгі белгілері көрінеді: қоғамдық маңызды мақсаттың болуы, оның үнемі алдыға қозғалу шарты мен тетігі ретінде бірізділікпен дамуы; тәрбиеленушілердің алуан түрлі әлеуметтік іс-әрекеттерге жүйелі қатыстырылуы; сәйкес келетін бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру; балалар ұжымының қоғаммен тығыз байланысы. Ұжымның мынадай белгілері де маңызды: оң жағымды дәстүрлер мен қызықтыратын перспективаларының болуы; өзара көмек, сенім және талап етушілік атмосферасы; сын және өзіндік сынды дамыту; саналы тәртіп және т.б.
Ұжымның дамуы үшін тән белгілер бірден және автоматты түрде пайда болмайтыны маңызды. Тек жоғары дамыған ұжым ғана өзінің әлеуметтік қызметтерін, атап айтқанда, қоғам мүшелерінің әлеуметтік тіршілігінің табиғи формасы және бір мезгілде тұлғаның негізгі тәрбиешісі. Ұжым оқушылардың арнайы ұйымдастырылған бірлесітігі ретінде бірден қалыптаспайды. Адамдардың бір де бір бірлестігі алдымен ұжымды сипаттайтын белгілілерді көрсетпейді. Ұжымды қалыптастыру үрдісі ұзақ және кезеңдер қатарынан өтеді.
А.С.Макаренко ұжымның даму кезеңдерін, оның қалыптасуын анықтайтын талаптың негізгі параметр болып қатысатынын алғаш рет негіздеді. Ол тәрбиелік ұжымның дамуындағы қажетті жол ұжым талабы есебінде педагогтың шешімді талабынан әрбір тұлғаның еркін талабына заңды өту деп есептеді.
Бірінше кезеңде педагогтың оқушыларға жеке талабы балаларды ұжымға топтастыратын құрал ретінде қатысады. Тәрбиеленушілердің басым бөлігінің, әсіресе кіші жастағы топта бұл талаптардың бірден және ешқандай мәжбүрлеусіз қабылданатынын ерекше атауға болады. Араласқан топтың ұжымға өсуінің көрсеткіші пәндік іс-әрекеттің барлық сапалы деңгейі, көңілді стилі мен кейпі болып табылатыны туралы айтуға болады. Соңғысының болуы өз кезегінде оқушылар тарапынан және топтың жалпы тұрақтылығы ынтасының көрінуі бойынша талқылауға болады.
Ұжым дамуының екінші кезеңінде тұлғаға талапты алып жүруші белсенділік болады. Осыған байланысты педагогқа әрбір тәрбиеленушіге тікелей бағытталған талаптардан бас тартуға тура келеді. Мұнда қатарласқан әрекет әдісі күшке енеді, педагог өзінің талаптарында оны қолдайтын оқушылар ұжымына сүйену мүмкіндігіне ие. Бірақ белсендінің өзі нақты өкілдікті алуы тиіс, және педагог осы шартты орындаған жағдайда белсендіге, ол арқылы жеке тәрбиеленушіге талап қоюға құқығы бар. Сондықтан бұл кезеңде шешімді талаптар ұжымның балаптары болуы тиіс. Егер бұл болмас, онда нақты мағынасында ұжым да болмайды.
Үшінші кезең екіншісінен табиғи өсіп, онымен тұтасады. А.С.Макаренко «ұжым талап еткенде, ұжым белгілі стил мен кейіпке жақындағанда тәрбиешінің жұмысы математикалық нақты, жұмыс арқылы ұйымдастырылған болады» - деп жазды. «Ұжым талап еткенде» ережесі өзін-өзі басқару жүйесінде оның қалыптасқаны туралы айтылады. Бұл ұжым органдарының пайда болуы ғана емес, педагогтың нақты өкілдігімен берілген негізгісі. Тек өкілділік арқылы міндеттер, онымен бірге өзін-өзі басқарудағы қажеттілік пайда болады.
Ұжым тікелей елеулі формада жеке сана үшін, тұтас алғанда қоғамдық жүйеге тән ерекшіліктер мен сипаттамаларды өндіреді. Болашақта өмір сүрудің және оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсатты формасымен ұжым оларға тұлғаның толық қанды іс жүзінде өзін көрсетуіне мүмкіндік, толық адамгершілік-психологиялық өмірді, адамзаттық қатынастың көптүрлігі мен байлығын береді. Тек ұжымда және оның көмегімен жауапкершілік сезімі, ұжымшылдық, жолдастық өзара көмек және басқа да құнды қасиеттер тәрбиеленді және дамиды. Ұжымда қарым-қатынас, мінез-құлық ережесі меңгеріледі, ұйымдастырушылық дағдысы, басқару және бағыну дағыдысы қалыптасады. Ұжым тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін кең кеңістікті (еркіндікті) ашады.
Ұжымның үш тәрбиелік қызметтерін бөліп көрсетеді:
- ұйымдастырушылық – ұжым өзінің қоғамдық пайдалы іс-әрекетін басқару субьектісі болады;
- тәрбиелік – ұжым белігілі бір идеялық-адамгершілік сенімді алып жүруші әрі насихаттаушы болады;
- ынталандыру – ұжым барлық қоғамдық пайдалы іске адамгершілік-құнды ынтасын қалыптастыруға мүмкіндік береді, өзінің мүшелерінің мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын реттейді.
Ұжымның дамуында бірлескен әрекет ерекше рөл атқарады. Бұл біріншіден, барлық оқушылардың алуан түрлі және әлеуметтік әрі адамгершілік қатынаста мазмұнды ұжымдық іс-әрекетке тартудың қажеттілігін; ал екіншіден, мұндай ұйымдастырушылық пен ынталандырудың қажеттілігі еңбекке қабілетті өзін-өзі басқара алатын ұжымдағы тәрбиеленушілерді ұйымдастыратыны және біріктіретінін анықтайды.
Осыдан екі маңызды қорытынды шығады:
ұжымды қалыптастырудың маңызды құралы ретінде ұжым мүшелерінің (мұғалімдер мен оқушылар) оқу-танымдық сан алуан түрлі іс-әрекеттері қатысады;
тәрбиеленушілер іс-әрекеті бірқатар шарттарды сақтаумен құрылады, дұрыс талап ету, қоғамдық пікір қалыптастыру, қызықтыратын перспективаларды ұйымдастыру, ұжымдық өмірдің оң жағымдыдәстүрлерін құру және көбейту.
Педагогикалық талап ұжымды қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Ол мектепте тәртіпті орнатуға көмектеседі, тәрбиеленушілер әрекетінде ұйымдастырушылық сипатқа ие; оқушыларды басқару және әкімшлік құралы ретінде қатысады, яғни педагогикалық әдіс ретінде; тәрбие үрдісінде ішкі қарама-қайшылықты оятады және оқушының дамуын ынталандырады; өзара қарым-қатынасты бекітеді және оған қоғамдық бағыт береді. Педагогикалық үрдіс диалектикасында педагогикалық талап алдымен педагог қолындағы әдіс, өзінің дамуында тәрбиелік ұжымның іс-әрекетінің әдісі болады және бірмезгілде балалар іс-әрекетінің ішкі ынтасына айналады, олардың қызығушылығынан, қажеттеліктерінен, тұлғалық талпынысы мен тілектерінен көрінеді. Талап ету оқушыларды үйрету мен жаттықтырумен тығыз байланысты. Оны жүзеге асыруда тәрбиеленушінің көңіл-күйі мен ұжымның қоғамдық пікірін ескеру, оларға сүйену қажет. Педагогтың талабын барлығы болмаса да көпшілігінің қолдауы өте маңызды. Осындай жағдайға белсенді жеткізеді, сондықтан оның тәрбиесі де маңызды.
Ұжымдағы қоғамдық пікір – бұл ұжымдық өмірдің әр алуан құбылыстары мен фактілері арқылы тәрбиеленушілер ортасында берілетін талдап қорытылған бағалаудың жиынтығы. Қоғамдық пікірдің сипаты мен мазмұнын, оның кемеліне келуін нақты тіршілік жағдайында немесе еркін таңдау жағдаятын құру арқылы тәрбиеленушілерді бақылай отырып, айқындауға болады. Ұжымда қоғамдық пікірді қалыптастырудың негізгі екі жолын бөліп көрсету қабылданған: практикалық іс-әрекеттерді тәртіпке келтіру; ұйымдастырушылық-түсіндірушілік іс-шараларды әңгімелесу, жиналыс және т.б. формада өткізу. Егер оқушының мазмұнды әрекеті барлығының белсенді қатысуымен ұйымдастырылса, олар табыстың қуанышын ғана емес, кемшілікке сыни тұрғыдан қарауға үйренеді және оны жеңуге талпынады. Оқушылар арасындағы табанды, пайдалы қарым-қатынастың болуында барлық ықпал ұжымға, оның мүшелеріне ықпал етеді, және керісінше, бір оқушыға ықпалды басқалары өзіне қатысты қабылдайды. Ұжымның дамуы үшін тәрбиеленушілердің перспективті ұмтылыстарын ұйымдастыру, яғни А.С.Макаренко ашқан ұжымның қозғалыс заңы үлкен мәнге ие. Егер ұжымның дамуы мен нығаюы оның іс-әрекетінің мазмұндылығы мен динамикасына байланысты болса, онда ол үнемі алдыға қозғалуы, барлық жааңашылдыққа және жаңа табысқа жетуі қажет. Тоқтау ұжымның дамуында оның әлсіреуіне және ыдырауына алып келеді.
Сондықтан ұжымның дамуының қажетті шарты перспективаларды құру және біртіндеп күрделендіру болып табылады: жақын, орта және алыс. Олардың тәсіл талаптарына сәйкестігін оперативті, тактикалық және стратегиялық міндеттерге жатқызу және әрбір тәрбиеленушіге жалпы ұжымдық перспектива жағдайында өзінің тұлғалығын бөліп көрсетуге көмектесу орынды.
Ұжымды дамытудың маңызды шарты өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру болып табылады. Ол «жоғрыдан» құрылмайды, яғни органды құрудан бастап, сол және басқа да іс-әрекет түрлерін ұйымдастырумен табиғи (төменнен» өсуі тиіс. Сонымен өзін-өзі басқару алғашқы ұжымда және педагогикалық жүйенің барлық масштабында өзінің қалыптасуында келесі қатал алгоритмдік қадамдарға бағынуы тиіс:
- нақты істі біткен бөлім мен көлемге бөлу;
- бөліктер мен көлемге сай микротоп қалыптастыру;
- іс-әрекеттің әрбір бөлігіне жауаптыны таңдау;
-өзін-өзі басқарудың бірегей органында жауапкершілікті біріктіру;
- жауапты, негізгі тұлғаны таңдау.
Сондықтан өзін-өзі басқару органы және оның мектептегі саны нақты іс пен іс-әрекет түрлеріне байланысты, оқушыны дайындау осы сәтте қалыптасады. Басқаша айтқанда, көптеген өзін-өзі басқару органдаы уақытша, белгілі бір мақсатпен құрылады және алдын ала қалыптаспайды. Басқару мен бағыну қатынасында түрлендіруге мүмкіндік беретін педагогикалық мән осымен тұжырымдалады. Мектептік өзін-өзі басқару қызметтерінің негізгі педагогикалық шарттарын атауға болады, олар: өзін-өзі басқару органдарының кезеңмен алмасуы және өкілетті тұлғаларды міндетті болуы және олардың есеп беруі; өзін-өзі басқару жүйесіне сай атрибуттардың, ойын элементтерінің болуы.