Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, іскерлік қарым-қатынас, өзара әрекеттесу стильдері, басқару этикасы.
1. Коммуникация түрлері: ішкі және сыртқы, формальды емес, вербальды және вербальды емес. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзгелермен тіл табысу әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығына, ақыл-ойына және т.б. байланысты жүзеге асады. Тіл табысып, өзгелермен қатынас орнату адамның өзінің талап-тілегін, ынта-ықыласын, көзқарасын жете түсінуін талап етеді.
«Қатынас» түсінігінің көп қырлы анықтамасының болуы негізінен осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар мен тәсілдеріне байланысты. Қатынас адамдар арасындағы байланыстардың қалыптасуы мен дамуының көп қырлы күрделі үрдісі. Қатынас белгілі бір қарым-қатынас процесін жүзеге асыру. Қарым-қатынас бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы іске асады.
Қатынас құрылымының өзара байланысты үш жағы болады:
Коммуникациялық – адамдардың өзара мәліметтермен алмасуы; пікірлесуі. ақпаратпен алмасуы,
Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, бұл белгілі бір іс-әрекет барысында әріптестер арасында өзара ықпалдастық туындататын қарым-қатынастың орнауы; бұнда пікір алмасу, білім бөлісу, көңіл күйінен хабар беру, іс - қимылдарын өзара үйрету, бірігіп әрекет ету немесе қатынас үрдісінде әрекетпен алмасу.
Перцептивті - адамдардың қатынас кезінде бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы, бұл қарым - қатынас барысында орнайтын өзара түсіністік тетіктеріне психикалық әсер ету, иландыру, еліктеу жатады.
Қарым-қатынас стратегиясы: ашық-жабық; монологтық-диалогтық; рөлдік-тұлғалық. Ашық қарым-қатынас – өз ой-пікірін жеткізе білу және басқа адамдардың позицияларын, пікірлерін есепке алу. Жабық қарым-қатынас – жағдайға қатысты өз ой-пікірін білдіре алмау енмесе білдіргісі келмеу. Сонымен қатар «бір жақты сұрау» және «мәселені истерикалық түрде ұсыну» деген қарым-қатынас стратегиялары да болады. «Бір жақты сұрау» - жартылай жабық қарым-қатынас, мұнда адам өз ой-пікірін айтпай, басқа адамның ой-пікірін білуге ұмтылады. «Мәселені истерикалық түрде ұсыну» басқа адамның ой-пікірін сұрамай, өзінің мәселесі мен сезімдерін ашық түрде білдіру.
Қарым-қатынас тактикасы қарым-қатынас ережелерінің техникалары мен білімдерін қолдану негізінде нақты бір жағдайда қарым-қатынас стратегиясын іске асыру тәсілі. Қарым-қатынас техникасы қарым-қатынас икемділіктерінің жиынтығы: сөйлеу және тыңдау.
Қарым-қатынас құралы: вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Сөйлеу қажеттілік қарым-қатынасты реттейді. Жай сөйлеу үшін деп қарау ағаттық, жүйелі ой, сөйлей білу-рухани таным денгейі. Өз тіліңді білу-ұлттық парыз. Өзге тілді білу- өнер, өрелік. Тіл негіз (қазына), сөз - түрткі (мотив). Сөз көмегімен жүзеге асатын қатынас вербалды деп аталады. Вербальды емес қатынаста ақпарат алмасу вербальды емес белгілер (дене тұрысы, мимикалар, дауыс ырғағы, көзқарастар т.б.) арқылы жүзеге асады. Сөз адамның зияткерлік ой-түсіні ретінде қызмет етеді. Сондықтан да сөйлеу әртүрлі идеяларды бекітуге, таратуға, бірлескен іс-әрекетті үйлестіру үшін, адамның ішкі көңіл күй толғаныстарын ой елегінен өткізу үшін, басқа адамдармен өзара қарым-қатынас үшін тиімді қолданылады. Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады: сөздердің мәні мен мағынасы сөздері нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру; тілдегі дыбыстық құбылыстар – сөйлесудің темпі, ритмі, иннотациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі; дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы. күлу, жылау, сыбырлау, т.б. Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7 пайызын сөздер, 40 пайызын дыбыстар, 53 пайызын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды.
Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдардың пайымдауынша:
1.Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді: мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын; жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын; пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрысын, енкею, қисаю т.б. қалыптарын зерттейді.
2. Тактика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтасу, сипау т,б. денеге тию әрекеттерін зерттейді.
3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді. Адамдардың өзара байланысында келесі арақашықтық зоналары белгіленеді:
Ым-ишара қарым-қатынас барысында көп ақпарат береді. Ым-ишараның негізгі түрлері: иллюстраторлық ым-ишаралар - мәлімет беретін ым-ишаралар: белгілер, пиктография – суреттердің бейнелері, кинстография – денемен қозғалыс, идеографтар ойдағы заттарды біріктіретін қолдардың қозғалысы; реттегіш ым-ишаралар адамның белгілі бір нәрсеге көзқарасы мен сезімін білідіретін ым-ишаралар. Мыс. күлу, бас изеу, т.б.; эмблемалық ым-ишаралар – қарым-қатынастағы сөздерді белгілі бір қимыл-қозғалыстармен ауыстыратын ым-ишаралар қол көтеру, рахмет деп бас изеу; адапторлық ым-ишаралар – адамның қолдарының қозғалысымен байланысты әдеттері. Мыс. басқа адамға қол тигізу, қолдағы заты ұстау, сипау, т.б.; аффекторлық ым-ишаралар – дене және бет-әлпет бұлшық еттерінің қозғалысы арқылы белгілі бір эмоцияларды білдіретін ым-ишаралар. Мыс. көз қиығының қозғалысы, беттің қызаруы, т.б.
Қарым-қатынас барысында кездесетін ым-ишаралардың түрлері: баға беру /иегін қасу, тұрып ары бері жүру; өзін-өзі сендіру ишарасы – орындыққа отырып тербелу/; өзіне-өзі сенімсіздік немесе тыныштық таппау ишарасы – саусақтарын қиылыстыру, алақанын шымшу, саусақтарымен столді тықылдату, орындыққа отырар алдында оны тексеру; өтірік айту немесе бір нәрсені жасыру ишарасы – қолымен аузын жабу, мұрнына қолын тигізіп отыру, дененің басқа жаққа бұрылуы, көздің ары-бері жүгіруі т.б.; өзін-өзі бақылау ишарасы – бір қолын екінші қолымен қысып арқасының артында ұстау, орындықта шынтақты тіреп отыру; келіспеу ишарасы – қолдарын кеудесінің үстінде қиылыстырып ұстау, денесінің артқа қарай бағытталуы, саусағымен мұрнының ұшына тию. Осындай ишараны түсіне білу адамдардың мінез - құлық ережелерін ажыратуға, кім екенін білуге жақсы көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |