Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Іскерлік қарым-қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде



бет49/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

3. Іскерлік қарым-қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде. Қатынас формасы бойынша ол іскерлік (жеке), ресми (ресми емес), формалдық (формалдық емес) болуы мүмкін. Іскерлік қатынасбелгілі бір нәтижеге жетуде, нақты проблемаларды шешуде, белгілі бір мақсатты жүзеге асыруда және іс-әрекет, ақпарат алмасуда көрінетін байланыстар мен іс-қимыл үрдісі. Сонымен бірге адамдардың қызметтiк ортасында жүзеге асыратын көп жоспарлы, күрделi даму үрдісі. Олардың мүшелерi арнаулы статустарға, мақсаттарға жетуде, нақты тапсырмаларды шешуде көзге түседi.
Iскер әдеп тәртiптiң екі тобын бөлiп қарастырады: бiр ұжымдағы мүшелердiң мәртебелерi бойынша қарым-қатынас нормалары; жетекшiнiң және бағынушының вертикалды байланысын насихаттау.
Жалпы талаптар жұмыстағы ұжыммен серiктестiктермен жақсы қарым-қатынаста болуға негiзделедi. Мұнда сүйiспеншiлiк және жаратпаушылық орын алмауы керек. Iскер iс-әрекет сөйлеген сөзiнен де көрiнедi. Сөздiк әдептi дұрыс қолдану-тiлдiк тәртiптiң қоғамдық нармаларына сәйкес, дайын «формуланы» қолдануға мүмкiндiк беретiн ұсыныс, алғыс т.б.
Қарым-қатынас ешқандай мәселесiз болу үшiн келесi кезендерден өтуi керек: байланысты қалыптастыру (танысу), басқа адамды түсiну, өзiн басқа адам ретiнде сезiну; қарым-қатынас жағдайын бақылау, өткендi ойлау, үзiлiске шыдау; қызықты мәселелердi талдау; байланысты аяқтау (одан шығу); мәселелердi шешу.
Ақпаратпен алмасу тәсiлi бойынша iскер қарым-қатынасты ауызша және жазбаша деп екіге бөлiнедi. Монологтық түрiне: амандасып сөйлесу; сауда-саттық сөйлесу (жарнама); ақпараттық сөйлесу; баяндама (жиналыстарда, отырыстарда).
Диалогиялық түрi: iскер сөйлесу, тек қана бiр тақырыпқа байланысты қысқа уақыттық байланыс; iскер әңгiме - шешiм қабылдауда қолданылатын ұзақ уақытқа созылатын ақпаратпен алмасу; байланыстар - кез келген сұрақты ашу мақсатында оны талқылау; интервью (радио, телевиденияларда тiлшiлермен сөйлесу); пiкiр сайыс; кеңес (жиналыс); прессконференция; іскер байланыстық әңгiме - үздiксiз «тiрi» диалог; телефондық әңгiме (дистантты) вербалды емес коммуникациядан тұрады.
Оқыту үдерісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағы да қатысуы қажет: ақпараттық (ақпараттың беруілуі және сақталуы); интербелсенді (бірлескен іс-әрекетте өзара әсердің ұйымдастырылуы); перцептивті (адамның басқа адамдарды қабылдауы және түсінуі). Жұмыс бабындағы қатынас – іскерлік қатынас деп аталады. Іскерлік іс-әрекетті формальды деп атайды, күнделікті тұрмыстық – отбасылық қатынасты формальды емес деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет