89
келеді. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сыйластық,
талапшылдық және ниеттестік сипатта болуды талап етеді. Әлеуметтік-
психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының басты механизмі –
еліктеу, өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдалану.
Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің
эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілері
оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес
келетін, келмейтіндігін салыстырады. Ұзақ уақыт бірлесе қызмет жасау,
мүдде ортақтығы жағымды еліктеу үрдісін қалыптастырады. Өз әріптесінің
сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог
туындаған жағдайдан шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді.
Өзара әрекеттестіктің екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа
ықпалын
сипаттайды.
Обал,
сауапты
білетін,
принципті,
іске
жауапкершілікпен қарайтын, төртіпті, кепшіл, қайырымды, әдепті педагогтар
ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал
керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз
климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық,
сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді.
Жекелеген педагоггардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды
инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге
ұмтылдырады, жігерлі педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер
ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке
жұмылдырылса, онда табысқа жету қиын емес. Жеке адамның ұжымға және
оның әлеуметтік-психологаялық климатына ықпал жасайтын негізгі әдістері
сеңдіру, жеке үлгі өнеге көрсетуі. Сендіру үрдісінде бір адамның екінші
адамға немесе тұтас ұжымға әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады,
Ұжымдағы жағымды әлеуметтік-психологиялык климаттың қалыптасуынсыз
жеке тұлғаның жасайтын ыкпалының тиімді әдісі жеке үлгі көрсету болып
табылады, Ол үлгі адамның өз еңбегіне, әріптестеріне. ұжымдык пікірге
қатынасы, барлық кезде де нақты, ол әрекет пен мінез-құлықтың үлгісін
береді, көңілдегі мен өмірдегіні салыстыруға мүмкіндік береді.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын
факторлар қатарына ұжымдағы келіспеушілік немесе «климаттык ауытқу»
жатқызылады. Әлеуметтік - психологиялык келіспеушілікті көптеген
мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын
карама-қайшыльқтын шиеленсуі ретінде қарастырады. Педагогикалық
ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық
келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің
мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары
туралы әртүрлі пікірде болады.
Достарыңызбен бөлісу: