Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу



Pdf көрінісі
бет46/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

4. Еңбекті тігінен және көлденеңінен бөлу. Еңбек іс-әрекеті 
диалектикалық дамитын көп салалы қоғамдық үдеріс болғандықтан, оның 
мәні, мазмұны, әлеуметтік болмысы өзгеріп отырады. Еңбек үдерісінде 
өндіргіш күштердің элементтері өзара табиғи түрде қосыласады, еңбек 
өндіріс құрал-жабдықтарын тұтынады (К.Маркс). Қоғамның өндіргіш 
күштерінің өркендеуі, адамның жетілуі, оған тән қабілеттер мен 
мүмкіндіктердің үйлесімді дамуы, адам еңбегінің еркіндігін талап етеді. 
Еңбек іс-әрекеті арқылы адамның биологиялық, материалдық, рухани 
қажеттіліктері өтелетінін, еңбек арқылы тәжірибе жинақтап, оны кейінгі 
ұрпағына мирас етіп қалдырып, өзінің дене және ақыл-ой қабілеттерін 
көрсете алатындығын диалектикалық материализм тұрғысынан дәлелденгені 
белгілі.
Ғалымдар Н.А.Бердяев, Э.В. Ильенков, Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков,
Т.Ғабитов және т.б еңбектерінде еңбек - адамның мақсатқа бағытталған 
саналы әрекеті, қоршаған ортаны практикалық тұрғыда меңгеруі, өзінің 
қажеттілігіне қарай жасампаздықпен өзгеруі деп түсіндіріледі. Адамның 
шығармашылығы мен өмірлік тәжірибесінің негізінде еңбек бірте-бірте 
түрленіп және күрделене отырып, жеке еңбек, еңбек заттары және құралдары 
болып бөлінген. Кез келген қоғамның материалдық, экономикалық өркендеуі 
және әлеуметтік өрлеуі өндірістің игілігі және қызметіне байланысты. 
Осыдан адамзат өзінің материалдық, әлеуметтік, рухани қажеттілігіне 
қатысты оны тұтынады. Мақсат пен қажеттілік субъектілік ретінде 
объектілікке қарама-қайшылығын көрсетеді, объективтілік қажеттілікті 
терістей отырып, субъективтілік ретінде өзінің нақтылығын терістейді және 
өзінің қарама-қайшылығына көшеді. Осы қарама-қайшылық арқылы 
идеалдылықтан ақиқатқа өтуі, заттың ішкі бейнесі мен оның объективтілігі 
арасындағы айырмашылықты жойып, мақсаты өндірістік әрекетке ұласады.
Өндірістік қатынастар – материалдық игіліктерді өндіру үдерісінде 
адамдар арасында объективті түрде қалыптасқан заңды қатынастар және
өндіріс пен тұтыну арасындағы күштер қатынасы арқылы жүзеге асады.
Өндіріс күштері – ресурстар, факторлар, заттар, еңбек құралдары, 
жұмысшы күшінің жиынтығы ғана емес, белгілі қатынастарды құрайды. 
Өндірістік қатынастардың жетілуі адамдардың қоғам заңдылықтарына 
қатысты еркіндік мөлшерінің өсу көрінісі, қоғамдық қатынастарды саналы 
түрде меңгеру көрсеткіші.
Экономикалық теорияларда өндіріс күштерінің дамуы табиғатқа 
қатынасы және табиғаттағы қалпын білдіріп, адам мен табиғаттың 
арасындағы «зат алмасуы» технологиялық қатынас деп түсіндіріледі. 
Өндірістің, өндіріс күштердің дамуы арасындаға қарама-қайшылық іс-
әрекеттік сипат алып, адамда қалыптасқан еңбекке қабілеттілік, білім, 
тәжірибесі, рухани мәдениеті материалдық игілікке қарағанда тұрақты бола 
түседі. Өзінің табиғи күштерін әрекетке келтіріп, еңбек белсенділігі 


93 
үдерісінде адам табиғаттағы зат алмасуды бақылайды және оны басқарады. 
Еңбек іс-әрекетінсіз адам мен табиғат арасында зат алмасу болмайды, ол 
еңбек заттары және құралдары арқылы іске асады. Бұлардың бірлігі және 
үйлесімділігі өндірістегі еңбек іс-әрекетін қалыптастырады. Сонда адамның 
өндірістегі еңбек іс-әрекетіндегі үйлестік, айырмашылық, қарама-қайшылық 
оның тәжірибесінің дамуын қамтамасыз етеді. Адамның еңбек іс-әрекетіндегі 
тәжірибесі сол қоғамның формасымен белгіленіп мазмұны өзгеріп отырады. 
Сондықтан қоғамдық қатынастардың көп құрылымдары өндіріспен 
байланысты болуымен қатар адамдардың көп жылдық өмір тәжірибесімен 
сабақтасуын қажет етеді. Бұл тәжірибелерсіз өндірістің, ғылым мен 
мәдениеттің дамуы мүмкін емес. Себебі адам белгілі нәтиже алуы үшін іс-
әрекеттің формасын және амалын, қарым-қатынасты, белгілі көлемдегі 
білімді, салт-дәстүрді, норманы, өлшемдерді меңгеруі тиіс. Тек әлеуметтік 
тәжірибені меңгерген жағдайда қоғамдық іс-әрекеттерге араласып, 
шығармашылықпен еңбектене алады. Сонда ғылым, техника, экономика, 
ауыл шаруашылығы, мәдениет – адамның еңбек іс-әрекетіндегі тәжірибесінің 
жемісі.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру ынтымақтастық 
педагогиканың негізінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істейтін 
жұмыстары нәтижелі болу үшін жағдай жасау. Қазіргі ғылым мен озат 
практика жетістіктерінің нәтижесіне негізделген еңбекті ұйымдастырудың 
жетілдіру үрдісі. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісін дұрыс ұйымдастыру және 
құралдарды барлық қатысушылардың толық және тиімді пайдалануы, іске 
асыруды интенсификациялау, ізгілендіру және гуманитарландырудың 
диалектикалық ұштасуы жағдайында мүмкіншілік алады. Педагогикалық 
еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ПЕҒҰ) - ғылыми есептелген әрекеттердің 
кешені, ол ғылымның жетістігі негізінде еңбек үрдісін жетілдіруге септігін 
тигізеді, барынша аз құрал, уақыт және күш жұмсау арқылы еңбекте жоғары 
нэтижені қамтамасыз етеді. 
Педагогикалық 
еңбекті 
ғылыми 
ұйымдастырудың 
негізгі 
заңдылықтары: уақытты барынша үнемдеу және тиімді қолдану; еңбектің 
және демалыстың жағымды жағдайын жасау және тиімді қолдану; еңбек 
процесіндегі бүкіл қатысушылардың психикалық және денелік денсаулығына 
және жан-жақты дамуына барынша қамқорлық жасау. 
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары 
мыналар: оптималдығы, ізгіліктігі, эстетикалығы, үнемділігі, ұжымдылығы, 
мамандандырылуы, перспективалылығы. 
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мазмұны: еңбек 
жағдайы (материадық база, психологиялық климат); еңбек режимі (кесте, 
ішкі тәртіптің ережесі, жоспарлау); функционалдық міндеттерді тиімді бөлу, 
еңбекті кооперациялау; жұмыстың тиімді эдістері мен тәсілдерін енгізу; 
мұғалімнің біліктілігін және мектептің әдістемелік жұмысын жетілдіру.
Еңбек нарығы қазіргі заманғы экономиканы дамытудың негізгі және 
стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Егер адам еңбегі затқа 


94 
айналып, өзінің жасаған тауарларын сата алмаса, онда өзінің өмір сүруі үшін 
өзінің жұмыс күшін сатуы тиіс делінген. Адамзат тәжірибесі оның еңбекке 
деген жақсы ынтасы, талаптануы, шығармашылығы еңбек нарығы 
жағдайында іске асады және қалыптаса түседі. 
Сөздіктерде еңбек нарығы дегеніміз – жұмыс күшіне сұраныс және 
оған ұсыныс ұстанымы деп берілген. Жаңа экономикалық жағдай 
жалпыадамзаттық құндылықты жетілдіру, адамның жаңа рөлін түсіну, өзінің 
әлеуеттік әлеуетін жүзеге асыра алуын талап етеді. Нарық типіндегі 
әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесі адамға белсенділік, дербестік
бастамашылдық, 
тәжірибесінің 
мол 
болуын, 
еңбекке 
құзыретті, 
экономикалық ойлау тәрізді қатал талаптар қойып отыр. Адамның еңбек іс-
әрекеті материалдық және материалдық емес өндірістер саласында іске 
асады. Материалдық өндіріске материалдық өнім алу салалары өндірістер, 
ауылшаруашылығы және материалдық қызмет көрсету салалары көлік, 
тасымалдау, сауда, және т.б. Материалдық емес өндірістердің өнімдеріне
рухани құндылықтар, яғни білім беру жатады. Білімге деген қажеттіліктің өзі 
әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктердің бірі.
Ғылыми-техникалық прогресс экономика ғылымын дамытып, ондағы 
адам факторының ролін, нарық жағдайындағы еңбек іс-әрекетіндегі 
ерекшеліктерді зерттеуді мақсат еткен.
А.З.Дадашев, 
Т.И.Заславская, 
С.Н.Жұмабаев 
ғалымдардың 
еңбектерінде еңбек нарығы, оның ішінде еңбек ресурстарының жұмыспен 
қамтамасыз етілуі, еңбектегі бәсекелестікке қабілеттіліктің әлеуметтік-
экономикалық мәселелері қарастырылған. Олардың ойынша еңбек нарығын 
жүзеге асыруда әлеуметтік-экономикалық шарттар мыналар: еңбек іс-
әрекетін еркін таңдау құқығының берілуі; еңбек биржасын бірлікте және 
тиімді ұйымдастыру; экономикалық кеңістік пен оған азаматтардың еркін 
кіру мүмкіндігі; еңбек жалақысы өсуін шектемеу мен жұмыс орындарының 
болуымен ерекшеленеді.
Бүгінгі таңда еңбектегі көптеген қиыншылықтар жастардың 
мамандықты еңбек нарығына немесе қоғамдағы беделі мен абыройына қарай 
таңдауына байланысты туындайды. Қазақстан Республикасындағы білім 
беруді дамыту саласындағы өзгерістер жалпы білім берудің жаңа сапасына 
қол жеткізуде білім берудің мақсатын және жоспарланған нәтижелерін қайта 
қарауды талап етеді. Жедел дамып отырған технологиялар заманында білім 
берудің басты ұстанымы «өмір бойы білім алу, өзін-өзі жетілдіруі» болып 
отыр. Жалпы білім беру сипаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму 
деңгейімін, саяси құрылымымен, тарихи-мәдени, ұлттық ерекшелігімен 
анықталады. Мектеп басшысы міндеттерді дұрыс бөліп, жұмыс істеуге 
жағдай жасап, нақты көмек беріп, тексеріп, басшылық етіп отырады. 
Ұжымның белсенділігін көтеріп, мектепті қажетті материалдармен, 
құралдармен жабдықтап, табандылық және талап қойғыштық танытады. Оқу-
тәрбие және шаруашылық жұмыстарын қатар жүргізу мектептің 
жұмысындағы күрделі мәселе. 


95 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет