Кәсіптік этика (профессионалдық этика)- адамдардың нақты еңбек
қимылдары шеңберіндегі этикалық принциптер мен нормалар анықтайды.
Педогогикалық этика –басты мақсаты адамның ішкі рухани
байлығына еркін еңбек тәрбиелеу арқылы ықпал жасау.
Басқару этикасы – бұл профиссионалдық этиканың бір түрі. Басқару
этикасы – ол басқару іс-қызметіне бағытталған, этикалық ұғымдар және
тәрбиелік нұсқаулар жүйесі.
Басқарудың демократиялық стилі – басшының бағынушыларына
қандайда бір шешім қабылдау мен орындауына ерекше сеніммен қарауға
негізделген басқару түрі. Бұндай басшы жұмысшылардың интеллектуалды
мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жұмыста психологиялық жағдайды
қолайлы етуге тырысады.
Қақтығыс
-
экономикалық,
әлеуметтік,
саяси,
рухани
қызығушылықтар мен мақсаттарға бағытталған индивидтер мен түрлі
әлеуметтік қауымдастықтар арасындағы күрес түрінде көрінетін әлеуметтік
қарама-қайшылықтардың өршуінің ең жоғарғы шегі.
Қақтығысты басқару - қақтығысқа қатысушылардың мінез-
құлықтарын коррекциялау мен мақсатқа бағытталған себептердің әсерін
қалыпқа келтіру.
Қақтығысты шешу – қақтығысқа қатысушылар мақсаттарының
өзгеруі немесе толықтай бір-бірден себептерінің шектелуі.
Көшбасшы – топ мүшелерінің өзара әрекет ету нәтижесінде немесе
нормалары мен құндылық бағдарларына сәйкес келетін топ құру арқылы
көзге түсетін шағын топтың өкілі.
Лидер – қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға.
Лидер аса беделді тұлға ретінде танылады
: көшбасшы; басшы, жетекші; аса
құнды әлеуетті меңгерген, топқа жетекші ықпал жасай алатын белсенді
мүше.
Көшбасшылық қасиет - функцияларды орындаудың табыстылығын
қамтамасыз ететін, топтың лидермен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің,
психологиялық сапалары мен қабілеттерінің жиынтығы.