Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық



Pdf көрінісі
бет77/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Әдістемелік жұмыс – педагогикалық кадрлардың идеялық, ғылыми-
теориялық, кәсіптік, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша 
ұжымдық, топтық, жеке жүйелі жұмыстарды енгізетін кешенді 
шығармашылық үрдіс.
 Портфолио – пән бойынша жетістіктері мен біліктілік деңгейін 
көрсететін жұмыстарын мақсатты түрде жинақталуы. 
Кәсіби біліктілік - жұмысшы дайындығының нақты қызық түріндегі 
күнделіліктің және еңбек қызметін орындаудың белгіленген деңгейінің 
кәсіби дәрежесі. Кәсіби біліктілік көрсеткіші, жұмысшының берілген 
мамандығы мінездемесінің нормативтері мен мамандану ұғымының сәйкес 
келуі. 


144 
Квалификация (біліктілік) термині екі мағынаны білдіреді. 1. 
Квалификация қызмет етушінің, жұмыстың белгілі бір түрін атқаруына 
рұқсат ететін, құжат арқылы куәландырылған білім деңгейі мен кәсіби 
даярлығын көрсетеді. 2. Қызметкердің кәсіби қызмет аясын анықтайтын 
құжатпен бекітілген және үздіксіз білім беру жүйесінде көп өзгермейтін 
мамандығы. 
Мектепішілік басқару жүйесі - оқу орнының дамуына жағдай жасау; 
басқару және басқарылу жүйелерінің өзара қатынасын қамтамасыз ету; 
мектеп ішіндегі әкімшілік және қоғамдық бақылауды педагогикалық үрдіске 
қатысушылардың өзін-өзі талдау және өзін-өзі бақылаумен үйлестіру; әр 
мұғалімнің жұмысына ақпараттық банк жүйесін құру (есеп, сараптама, 
бақылау, талдау, бағалау).  
Педагогикалық кеңес - ғылыми негіздегі педагогикалық үрдістің 
даму стратегиясын басқарудың алқалық (коллегиялық) органы. 
Ұжым (лат. collectivus – жинақталған) - бір мақсатқа бағытталған 
мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында 
оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы.
Педагогикалық ұжым -
педагогикалық көзқарастарының, сенімдері 
мен іс әрекеттерінің бірлігімен ұйымдасқан оқу-тәрбие мекемесі (мұғалімдер, 
тәрбиешілер, директор, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп дөрігері) 
қызметкерлерін біріктіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет