3
Дәрістер
№1 дәріс
1-БӨЛІМ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Менеджмент басқару туралы ғылым
Жоспар:
1. «Менеджмент» ұғымының мәні. Менеджмент кәсіби қызметтің
ерекше түрі ретінде.
2. Басқару туралы ғылымның дамуы, басқару ой-пікірінің эволюциясы:
менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары.
3. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты.
4. Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық
типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері.
Негізгі
ұғымдар:
басқару,
менеджмент,
теориялар
мен
тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері .
1. «Менеджмент» ұғымының мәні. Менеджмент кәсіби қызметтің
ерекше түрі ретінде. Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру,
ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың
еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу,
әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері,
құралдары мен нысандарының жиынтығы. 1670 жылдан «management»
ұғымы өзінің қазіргі мағынасында қолданыла бастады және сол кезеңнен бері
«коммерциялық істерді басқару»; адамдармен қарым-қатынас тәсілі, манері,
билік және басқару өнері (Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігі); өндірісті
басқару қағидалары, әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы
(Шет тілдер сөздігі) дегенді білдіреді.
Кез келген бизнестің пайда болуының негізгі мақсаты қаражатты
еселеу, пайда табу, шаруашылықтың тиімділігін арттыру; нарық сұранысын
қанағаттандыру; әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады. Осыдан
бизнестің мәні фирманың нарықтағы орнын сақтау үшін өзін, оның
стратегиясы мен тактикасын үнемі жетілдіруін, соған қарай ұмтылуын
көрсетеді. Демек менеджменттің маңызды міндеттері: өндірісті ұйымдастыру
және бәсекеге қабілетті тауарды өндіру; өндіру үрдісін жетілдіру, жаңа
ғылыми технологияны ендіру, өнімнің сапасын жоғарлату.
Менеджмент - бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді
басқарудың теориясы мен практикасы, нақты мақсатты жүзеге асыру үшін
кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар
қызметінің түрі.
4
«Менеджмент» ұғымы өзінің мәні бойынша «басқару» терминінің
баламасы, толық емес формадағы синонимі ретінде кең мағынада
қолданылады. Мысалы, «басқару» ұғымы адамзат әрекетінің сан алуан
түрінде (көлікті басқару); әртүрлі іс-әрекет саласында (жансыз табиғатты,
биологиялық жүйені, мемлекетті басқару); әртүрлі басқару органдары
(мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы, сонымен қатар кәсіпорындағы
және бірлестіктегі бөлімдер) (И.Н. Герчиков).
«Менеджмент» ұғымы нарық жағдайында фирма деңгейінде
әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқаруда қолданылатындықтан, ұйым
мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды
ұтымды пайдалану үрдісі деп түсіндіріледі.
Сондықтан менеджмент феномені мына бағыттарда қарастырылады:
- басқару әрекетінің ерекше спецификалық түрі ретінде (Питер Ф.
Друкер);
- жүзеге асырылатын кәсіби іс-әрекеттің дербес түрі ретінде (И.Н.
Герчиков).
Бұл мағыналарда менеджмент кәсіби іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде
осы әрекеттің субъектісі талантты маман – менеджерді, оның іс-әрекет
түрлерін сипаттайды. Себебі, кез келген бизнес саласы өзінің соңынан
адамдарды ерте алатын және барлық ойластырылған мақсаттарды, атап
айтқанда, фирманы табыстың шыңына жеткізу, тұрақтану үшін оның
дамуына, болашақтағы жаңа перспективаларды көруіне мүмкіндік беретін
және оны жүзеге асыратын менеджерсіз мүмкін емес.
«Менеджер» сөзі ағылшын тілінен шыққан, бір нәрсені реттеу, бір
нәрсені меңгеру, басшылық ету деген мағыналарды білдіреді. Ол
экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін
адам, мұндай адамдардың міндетіне белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын
ұйымдастыру жатады.
Кәсіби іс-әрекеттің дербес түрі ретінде менеджмент менеджерді
кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық дербестігін меңгерген лауазымды
тұлға ретінде ұсынады. Ол өндірісті ұйымдастыру және басқару бойынша
маман (кәсіби шебер, профессионал) ретінде кәсіпорындағы жұмысты
ұйымдастырады, кәсіпорын (ұйым) қызметкерлерінің өндірістік іс-
әрекеттерін, тұрмысын және қызмет көрсету саласын басқарады.
Сондықтан менеджер төмендегілерді білуге міндетті: біріншіден,
өндірісті басқаруды, яғни шарушылық ұйымдағы қойылған мақсатты, алдын
ала дайындалған жоспар және жұмыс нәтижесін үздіксіз бақылау бойынша
қорды тиімді бөлуді әрі дамыту үрдісін басқаруды; екіншіден, өндіріс
ресурстарының негізгі түрлерін: материалдық ресурстарды (жер, ғимараттар,
бөлмелер, т.б.); қаржы ресурстарын (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның
қарамағындағы ақшалай қаражат қорларының жиынтығы, жалпы ұлттық
өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу барысында құралатын құнды
қағаздар, кредиттер, банктегі счеттар, т.б.) ; еңбек немесе адам ресурстарын
(қызметкерлер); ақпараттық ресурстар мен уақыттық ресурстарды, т.б.
5
Демек менеджер (басшы) оның қарамағында өндірісті басқарудың бес
қуатты тетігін және оған сәйкес жоғарыдағы бөліп көрсетілген бес
ресурстардың бар екендігін; кәсіпорын (ұйым) мақсатына қол жеткізу үшін
оларды ұтымды пайдалануды білуі қажет, сонымен бірге өзіне есеп беруі
керек. Менеджер міндетінің бірі қызметкерлердің (адамзаттық ресурсты)
жұмыстарын тиімді ұйымдастыра білу болып табылады. Басшының
шеберлігі, яғни басқару өнері өзінің бақылау қызметін сақтай отырып, қол
астындағылардың жұмыстарын бағыттау және үйлестіру, қарым-қатынас
орнату, жауапкершлігін жете ұғынудан байқалады. Менеджер мәселесінің
80% адаммен байланысты туындайды . Ол ұжымда жұмыс істей отырып,
ақпараттандыру, мотивациялау, тәрбиелеу қызметтерін тұрақты атқаруы тиіс.
Сенімді жоғалту басшының кәсіптік карьерасындағы ең жағымсыз жағы
болып табылады.
Басқару адамдардың кәсіптік қызметі, бұл ұжымға және жеке адамға,
олардың бірлескен жұмысына (еңбек) мақсатты түрде жүйелі ықпал ету. Ол
ең алдымен, әсер ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттілігін
көрсетеді. Басқару – бұл берілген мақсатқа сай басқару объектісін реттеуге
бағытталған шешімді дайындау, ұйымдастыру, бақылау, анық ақпарат
негізінде талдау жасау және қорытынды шығару.
Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсініктер беріледі: адамдармен
қарым- қатынас жасау әдісі; билік және басқару өнері; шеберліктің ерекше
түрі және әкімшілік дағды; басқару органының әкімшілік бөлігі.
Басқару үрдісі шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған
шешімнің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіру мен бақылауды
бірізділікпен жүзеге асыруды сипаттайды. Бұл анықтама басқару әрекетінің
мазмұнын аша түседі. Басқару мәселесімен ғылымның салалары айналысады,
атап айтқанда, информатика, юриспруденция, философия, психология,
педагогика, эргономика, социология, кибернетика, т.б. Басқару теориясын
белгілі бір ережелерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және
өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақты
ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |