144
Квалификация (біліктілік) термині екі мағынаны білдіреді. 1.
Квалификация қызмет етушінің, жұмыстың белгілі бір түрін атқаруына
рұқсат ететін, құжат арқылы куәландырылған білім деңгейі мен кәсіби
даярлығын көрсетеді. 2. Қызметкердің кәсіби қызмет аясын анықтайтын
құжатпен бекітілген және үздіксіз білім беру жүйесінде көп өзгермейтін
мамандығы.
Мектепішілік басқару жүйесі - оқу орнының дамуына жағдай жасау;
басқару және басқарылу жүйелерінің өзара қатынасын қамтамасыз ету;
мектеп ішіндегі әкімшілік және қоғамдық бақылауды педагогикалық үрдіске
қатысушылардың өзін-өзі талдау және өзін-өзі бақылаумен үйлестіру; әр
мұғалімнің жұмысына ақпараттық банк жүйесін құру (есеп, сараптама,
бақылау, талдау, бағалау).
Педагогикалық кеңес - ғылыми негіздегі педагогикалық үрдістің
даму
стратегиясын басқарудың алқалық (коллегиялық) органы.
Ұжым (лат.
collectivus – жинақталған) - бір мақсатқа бағытталған
мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында
оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы.
Педагогикалық ұжым -
педагогикалық көзқарастарының, сенімдері
мен іс әрекеттерінің бірлігімен ұйымдасқан оқу-тәрбие мекемесі (мұғалімдер,
тәрбиешілер, директор, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп дөрігері)
қызметкерлерін біріктіреді.
Достарыңызбен бөлісу: