1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағы бойынша қазақтар өз жеріндегі
халықтың 81% құраса, 1914 жылы олардың саны 65%-ке төмендеді.
Сонымен бірге ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға капиталистік
қатынастар ене бастады.
Қазақстанда негізінен кен қазып шығару және тау-кен зауыттары,
өңдеуші кәсіпорындар дамыды.
Тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындары Алтай
мен Орталық Қазақстанда өркендеді. ХХ ғ. басында Қазақстандағы мыс,
алтын, темір және басқа қазба байлықтар шығаратын тау-кен өнеркәсібі
шетелдіктердің қолында боды.
ХХ ғ. бас кезіндегі тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын
шығару болды. Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары
пайдаланылды. Сондай-ақ тұз өндіру ісі де біршама дамыды. Семейде,
Павлодарда тұз кәсіпшіліктері болды. Батыс Қазақстандағы Орал-Ембі
аймағында мұнай шығарылды.
Жалпы алғанда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін, теріден
былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, спирт шығаратын
кәсіпорындар басым болды.
1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
ХІХ ғасырдың аяғына қарай шаруашылықтың дамуына байланысты
Қазақстанда банкілер пайда болды. Орал банкісі (1876 ж.), Қызылжар банкісі
(1881 ж.), Семей банкісі (1895 ж.), Омбы банкісі (1895 ж.), Верный банкісі
(1912 ж.) ашылды. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда,
айырбас ісі қанат жайды. ХІХ ғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды
орын алған көптеген жәрмеңкелер ашылды. Алғашқы жәрмеңке 1832 ж.
Бөкей ордасында ұйымдастырылды. 1848 ж. Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке
Талдықоянды деген жерде ашылды. Қарқара жәрмеңкесі, негізінен Қытаймен
сауда жасайтын ірі орталық болды. 1880 ж. Қазақстанның шығыс өңірінде
70-ке жуық маңызды сауда орталығы (жәрмеңке) болған.
ХІХ ғасырдың І-жартысында Қазақстан, Қытай Шынжаң араларында
сауда байланысы дами түсті. Екі ел арасындағы ірі сауда орталықтары:
Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері мен Семей, Қызылжар (Петропавл)
қалалары.
Ресейдегі 1905-1907 жылдар аралығында болған бірінші буржуазиялық-
демократиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, ұлт-
азаттық қозғалыстың дамуына әсер етті.
1905 жылғы Петербургте болған қанды жексенбі оқиғасы Қазақстанға да
тарады. Соған байланысты Түркістан, Шалқар, Перовск, Жосалы темір
жолшылары ереуілге шықты.
Сонымен бірге бұл революция қазақ зиялыларының саяси көзқарасының
қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына ықпал жасады.
Достарыңызбен бөлісу: