Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі



Pdf көрінісі
бет24/43
Дата05.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#47647
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
11-14 дәріс. 


Қазақстан және Ресей. Патшалық Ресейдің онтүстік Қазақстанды 
жаулап алуы және оның салдары. 
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы қазақтың билеуші 
тобының Ресеймен жақындаса түсуіне түрткі болды. Тәуке хан өлгеннен 
кейін қазақ хандығының ішкі жағдайы қиындай түсті. Тәукенің орнына 
Қайып сұлтан аға хан болды. Кіші жүздегі иеліктердің бірін билейтін 
Әбілқайыр хан өзінің Қайыпқа бағынышты, оған тәуелді екенін мойындайды. 
Бірақ көп ұзамай-ақ 1723 жылы аға ханның атағын Әбілқайыр алады.
Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген билері де Әбілхайырды хан деп 
танымады, осының салдарынан қазақ жері жеке-жеке хандық, сұлтандық 
иеліктерге бөлініп кетті. Қазақтың ішкі саяси жағдайының тұрақсыздығы мен 
феодалдық бытыраңқылығын пайдаланған жоңғар феодалдары қазақ жеріне 
басып кірді. 1723 жылы басталған бұл жойқын, әрі тұтқиылдан шабуыл Қазақ 
хандығының берекесін кетірді. 
Сонымен, Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдың 30-жылдарының бас кезіндегі 
ішкі және сыртқы саяси жағдайы жоғарыда айтылғандай өте қиын жағдайда 
болды. Әбілқайыр ханға Тәуке кезінде басталған Ресей мемлекетімен 
қатынас жасау саясатын жалғастырып, Қазақ хандығының күресу тәжірибесі 
өз күшімен сыртқы жаулардан түпкі сақтанып қалу мүмкіндігінің жеткіліксіз 
екенін көрсетті. Сондықтан да, Әбілқайыр хан сыртқы шапқыншылықтардан 
қорғану үшін және хан билігін нығайтуға қажет күшті тіректі солтүстік-
батыстағы көршісі – Ресей мемлекетінен іздеуге мәжбүр болды. 
Әбілқайырдың Түркістаннан Ырғыз жағына кетіп қалуы, Кіші жүз жеріне 
Ресейдің қол астындағы қалмақ пен башқұрт феодалдарының қазақ жеріне 
тынымсыз шабуылдарын күшейтті. 
Ресей патшасына бодан болуы туралы 1730 жылы қыркүйектің 8 күні 
хат жазып, елшісі Сейітқұл мен Құлымбетті орыс мемлекетінің астанасы 
Петербургке жіберді.
Әбілқайырдың бұл тілегін Анна Ионовнаның үкіметі қабылдап
қазақтарды Ресейдің қарамағына алуға ұйғарды. Содан соң 1731 жылы 19 
ақпанда императрица Аннаның Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына 
олардың Ресей бодандығына қабылданғаны туралы грамотасын тапсыру 
үшін және Кіші жүз қазақтарынан ант алуға Сыртқы істер коллегиясының 
тілмашы әрі дипломат А.И.Тевкелев басқарған елшілері келді. Елшілер 
Қазақстанның Ресей қол астына алынғандығы туралы Ресей патшасы Анна 
Ионовнаның Әбілқайыр атына жазылған грамотасы мен қазақ сұлтандары 
үшін көптеген сый-тартулар алып келеді. 
1731 жылы қазан айының 7-10 күндері Кіші жүздің ханы Әбілхайыр бас 
болып 27 сұлтан Ресейдің қол астына бодан болғандығын сендіріп ант берді. 
Мұның өзі қазақтардың Ресейге қосылуының алғашқы кезеңі еді. Кіші жүз 
ханы Әбілқайырдың Ресейге кіруіне Кіші жүз бен Орта жүз сұлтандары мен 
билері қарсы болды. 
ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстандағы саяси жағдай, түптеп келгенде, Ресей 
мен Қазақстан қарым-қатынасында жаңа кезең болғандығын естен 
шығармауымыз керек.


1735 жылы желтоқсанның аяғында Орта жүздің Ресей қол астына 
қабылдануын қуаттаған жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан Орта 
жүзге Ресей елшілігін жіберуді өтінді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1740 
жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді. 
Кіші жүз бен Орта жүз бодан болғаннан кейін де қазақ даласында саяси 
жағдай түзеле қойған жоқ. Ресей патшасы өз алдына нақты міндеттер қойды. 
Біріншіден, Ресей империясының шығыс шекараларының қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету. Екіншіден, қазақтармен айырбас сауданы кеңейту және 
қазақ жерін Шығыс елдермен сауда жасаудағы дәнекерлік мақсатта 
пайдалану болды. Патша үкіметінің бұл міндетттері А.И.Тевкелевке берген 
сыртқы істер коллегиясының нұсқауынан анық байқауға болады. 
Ресей патшасы Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен оның айналасындағы 
адамдарды пайдаланып, қазақ даласына өз ықпалын нығайта түсті. 
ХҮІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан. 1734 жылы 
Кириллов экспедициясын Орынбор өлкесіне аттандырып жатып, патша 
үкіметі оның алдына мынандай талаптар қояды: 
- қазақ даласымен сауда байланысын күшейте отырып, қазақтарды 
тәуелді ету; 
- қазақ даласы мен башқұрттардың шекарасынан Орынбор қаласын 
тұрғызып, оған орыс адамдарын қоныстандыру; 
- қандай тәсілмен болса да, қайырымды болып көріну, немесе сыйлықтар 
беру арқылы, күш көрсету немесе үнемі үрейде ұстау арқылы болса да, 
әйтеуір қалай да қазақтарды мойынсұндырып, ырыққа көндіру
- Жайық өзенін бойлай қазақтар өте алмайтындай етіп әскери 
бекіністердің шебін салу; 
- алтын және басқада бағалы кен орындарын іздеп тауып, зауыт салу. 
Орта Азия мен сауда жүргізу және Арал теңізде кеме қатынастарын орнату; 
- қазақтар мен башқұрттарды үнемі бақылауда ұстау; 
- егер олардан патша үкіметінің жүргізген саясатына қарсылық білдірген 
толқулар білінсе, оларды бір-біріне айдап салып, өзара қырқыстыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет