Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


-16 дәріс. ХІХ ғасырдағы және ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы



Pdf көрінісі
бет26/43
Дата05.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#47647
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
 
15-16 дәріс. ХІХ ғасырдағы және ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы
патшалықтың заңдары. 
Ресей империясы қазақ жерінде ХІХ ғасырдың 60-90 жылдары 
әкімшілік-территориялық реформалар жүргізді. 1867 жылы “Жетісу және 
Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бекітілді, ал 1868 
жылы Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын басқару туралы 
уақытша ереже бекітілді. Осы ережелерге сәйкес бүкіл Қазақстан 
территориясы 
Түркістан, 
Орынбор 
және 
Батыс-Сібір 
генерал-
губернаторлығына бөлінді. Барлық билік – азаматтық, әскери биліктер бір 
ғана генерал-губернатордың қолында болды. Орынборға Орал мен Торғай 
облыстары, Батыс-Сібірге Ақмола мен Семей облыстары; Түркістанға Жетісу 
мен Сырдария облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының территориясы 
Астрахан губерниясының құрамына, Маңғышылақ 1870 жылы Кавказ әскери 
округының құрамына кірді. Генерал-губернаторлар тағайындап отырған уезд 
бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті шонжар тап өкілдерінен 
алынды. Уезд бастықтарына полиция да, әскери бөлімдер де, уездегі 
мекемелер де, бекіністер де бағынды. Уездер территориялық пинципке 
негізделген болыстарға, ал болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға 
бөлінді. 
1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот комиссиялары 
мен уездік соттар құрылды. Сот мекемелері Ресей империясының 
отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Уездік және әскери соттар 
бұқараны қанауды үдетті. Реформа арқылы отарлық басқару, билік 
нығайтылды. 


ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан Ресей империясының капитализмге 
дейінгі өндірістік қатынастар басым болған аграрлы-отарлық шет аймағы 
болды. 
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының көп 
бөлігін иелік етіп қана қоймай, сонымен бірге қазақтарды рухани жағынан 
отарлады. Халықты тілінен, дінінен, жерінен айыру бағытында қатыгездікпен 
ойластырылған шараларды жүзеге асыра бастады.
Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған “Қазағым менің, 
елім менің” – атты мақаласына былай деп ашына жазған еді: “Ең алдымен 
қазақ халқы – Россияға тәуелді халық, оның ешқандай правосы жоқтығы кек 
тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті 
керек емес нәрселерге жұмсалады. 
Енді патша чиновниктері біздің дінімізге, атадан мұра болып келе 
жатқан әдет-ғұрыптарымызға тиісе бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды”. 
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында таптық күрес шиеленісе 
түсті. Патша үкіметі осы таптық күресті шешу мақсатында қазақтардан 
көптеген жаңа жерлерді тартып алып, оған Ресейден орыс шаруаларын 
жаппай қоныс аудара бастады.
Ресейден қоныс аударған шаруалар салықтан, әскерден босатылды. 
Оларға алғашқы кезде ақшалай жәрдем берді. Бұл Қазақстанға қоныс 
аударған орыс шаруалары Ресей империясының Қазақстанды отарлауының 
тірегі болды. 
Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару, әсіресе Столыпинның
аграрлық саясаты кезінде кең өрістеді. Бір ғана 1906 жылдан 1907 жылға 
дейінгі аралықта қазақтардан 17 миллион десятина құнарлы жер тартып 
алынды. Қазақтарды құмды, шөлейт жерлерге ығыстырып тастады. Бұл қазақ 
халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келді. 
ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында патша үкіметі шаруалар толқуын 
әлсіретіп, жер мәселесін шешу мақсатында орыс шаруаларын Қазақстан
Орта Азия сияқты ұлттың аймақтарға қоныс аударту мәселесін қолға ала 
бастады. 1868 ж. “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” ереже 
қабылданды. 1870 жылдан бастап Ресей мен Украинадан Жетісу, Семей, 
Орал, Сырдария, Ақмола облыстарына көптеген шаруалар қоныс тепті. 1862-
1877 жылы Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. 
Көтеріліс нәтиежесінде Ұйғыр мемлекеті құрылды. Кейін Цинь империясы 
Ұйғыр мемлекетін құлатты, Цинь империясының қыспаққа алуы, ұйғырлар 
мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды. 
1883 жылы “Жетісу облысына орыс, ұйғыр, дүнгендерді орналастыру 
туралы” ереже қабылданды. Қоныс аударған ұйғырлар саны 45000, 
дүнгендер саны 5000 болды. Жаркент, Ақсу, Ақкент, Малыбай, Қарасу, 
Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалады. 1897 жылы Жетісудағы 
ұйғырлар саны 55999 адамға; дүнгендер саны 14136 адамға жетті. 
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейден, Украинадан Қазақстанға 1,5 
миллионға жуық адам келді.


1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағы бойынша қазақтар өз жеріндегі 
халықтың 81% құраса, 1914 жылы олардың саны 65%-ке төмендеді.
Сонымен бірге ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға капиталистік 
қатынастар ене бастады. 
Қазақстанда негізінен кен қазып шығару және тау-кен зауыттары, 
өңдеуші кәсіпорындар дамыды. 
Тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындары Алтай 
мен Орталық Қазақстанда өркендеді. ХХ ғ. басында Қазақстандағы мыс
алтын, темір және басқа қазба байлықтар шығаратын тау-кен өнеркәсібі 
шетелдіктердің қолында боды.
ХХ ғ. бас кезіндегі тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын 
шығару болды. Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары 
пайдаланылды. Сондай-ақ тұз өндіру ісі де біршама дамыды. Семейде, 
Павлодарда тұз кәсіпшіліктері болды. Батыс Қазақстандағы Орал-Ембі 
аймағында мұнай шығарылды.
Жалпы алғанда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін, теріден 
былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, спирт шығаратын 
кәсіпорындар басым болды. 
1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. 
ХІХ ғасырдың аяғына қарай шаруашылықтың дамуына байланысты 
Қазақстанда банкілер пайда болды. Орал банкісі (1876 ж.), Қызылжар банкісі 
(1881 ж.), Семей банкісі (1895 ж.), Омбы банкісі (1895 ж.), Верный банкісі 
(1912 ж.) ашылды. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда, 
айырбас ісі қанат жайды. ХІХ ғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды 
орын алған көптеген жәрмеңкелер ашылды. Алғашқы жәрмеңке 1832 ж. 
Бөкей ордасында ұйымдастырылды. 1848 ж. Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке 
Талдықоянды деген жерде ашылды. Қарқара жәрмеңкесі, негізінен Қытаймен 
сауда жасайтын ірі орталық болды. 1880 ж. Қазақстанның шығыс өңірінде 
70-ке жуық маңызды сауда орталығы (жәрмеңке) болған. 
ХІХ ғасырдың І-жартысында Қазақстан, Қытай Шынжаң араларында 
сауда байланысы дами түсті. Екі ел арасындағы ірі сауда орталықтары: 
Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері мен Семей, Қызылжар (Петропавл) 
қалалары. 
Ресейдегі 1905-1907 жылдар аралығында болған бірінші буржуазиялық-
демократиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, ұлт-
азаттық қозғалыстың дамуына әсер етті. 
1905 жылғы Петербургте болған қанды жексенбі оқиғасы Қазақстанға да 
тарады. Соған байланысты Түркістан, Шалқар, Перовск, Жосалы темір 
жолшылары ереуілге шықты. 
Сонымен бірге бұл революция қазақ зиялыларының саяси көзқарасының 
қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына ықпал жасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет