Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Гносеология (дүниетаным) мәселелерi



бет80/188
Дата23.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#120692
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   188
Байланысты:
фил. конспект лекции (2)

Гносеология (дүниетаным) мәселелерi
Таным мәселелерiне келгенде бiз Б.Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезiмдiк танымды ой елегiнен өткiзген бiлiмнен айыру керек екендiгiн басым айтқан. Сезiмдiк таным әрқашанда бұлдыр, көмескi. Тек ақыл-ой ғана айқын бiлiм бередi. Ғылымдардың iшiндегi ең айқыны - математика.
Сезiмдiк танымның бұлдырлығы - ол тек қана сыртқы затты ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар, оны өзiнiң денесiндегi өзгерiстермен, әсiресе, сезiм мүшелерiмен байланыстырады. Санадағы сезiмдiк бейнелердiң бiр-бiрiмен байланыстары кездейсоқты. Мысалы, аттың iзiн көрген әскери адам жақындап қалған жауды есiне елестетсе, қарапайым шаруа - соқа мен жыртылған жердi елестетедi,-дейдi Б.Спиноза.
Бiрақ, сезiмдiк танымды толығынан жалған деп есептеуге де болмайды, олардың қайсыбiрiнде аз-да болса ақиқаттың жұрнақтары бар. Мысалы, надан адамның “күн - кiшкентай зат және жерге өте жақын орналасқан²,- деген жалған пiкiрiнiң өзiнде күннiң өмiр сүрiп бiзге ықпалын тигiзiп жатқаны жөнiнде ақиқаттық пiкiр бар,- дейдi ұлы ойшыл.
Күнбе-күнгi өмiрден алатын сезiмдiк таным - қалың бұқараның негiзгi тәжiрибесi, соның арқасында олар бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсiп өмiр сүрiп жатады. Ақыл-ой арқылы алынатын бiлiмнiң шындығының өзiн бiз оқтын-оқтын тәжiрибе арқылы тексерiп отыруымыз қажет,- деп қорытады Б.Спиноза.
Абстрактылық бiлiм де тәжiрибеден шығады. өйткенi, адамдар дүниеден алған тәжiрибесiн сөз арқылы қорытады. Бiрақ, сөзге адамдар өзiнiң тәжiрибесiне сәйкес әр-түрлi мағна бередi. Сондықтан, бiреулерге адам - тiке жүретiн жануар, екiншiге - күлетiн пәнде, ал үшiншiге ол ойлай алатын тiршiлiк т.с.с. Сондықтан, сөз заттың кейбiр ғана қасиеттерiн белгiлеуi мүмкiн, яғни оның мағнасы затпен толық тең емес. Ал схоластика мектебi универсалияларды (ең жалпы ұғымдарды) дүниемен теңеп, оларды шынайы болмыс деп есептейдi. Философия саласындағы көп даудамалар көбiне “ойды дұрыс көрсететiн сөздердi қолданбағаннан, иә болмаса басқаның айтқан сөздерiн дұрыс түсiнбегеннен туады²,-дейдi ұлы ойшыл.
Б.Спиноза нағыз шынайы бiлiмге тек қана ақыл-ой, зерде (ratio, intellectus) арқылы жетуге болады деген пiкiрде болды. Ақыл-ой арқылы сөздердi жалпы ұғымдық дәрежеге көтерiп, оның мән-мағнасын айқындауға болады. Ғылымдағы ең құнды ұғымдар математика саласынан шығады. Олар бiр-бiрiмен байланысты, жүйелi - сондықтан сезiмдiк танымға қарағанда анағұрлым биiк дәрежеде. Егер, Б.Спинозаның ойынша, сезiм заттың сыртқы жағын бейнелесе, онда ақыл-оймен бiз заттың iшкi сырын ашамыз. Сондықтан болар, Б.Спиноза өзiнiң “Этика² деген еңбегiнде “геометрикалық методты² пайдаланып, анықтама, аксиома, теорема деген ұғымдарды мораль саласын талдауға пайдаланады.
Б.Спинозаның ойынша, шындықты танып-бiлудiң үшiншi түрi - ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегенiмiз - тiкелей, сезiм мен ақыл-ой елегiнен өткiзбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкiл Дүниенiң бiртұтастығын тануға мүмкiндiк бередi. Адам рухының шығармашылық қасиетiнiң негiзiнде бiз шынайы аяқталған шексiздiк идеясын ашамыз. Ол бiзге интуиция арқылы ғана берiледi.
Тағы да бiр ерекше атап кететiн нәрсе - ол Б.Спинозаның таным теориясының (гносеология) оның болмыс iлiмiмен (онтология) қосылып жатқанында. Оның себебi - субстанция-табиғаттың ойлау қасиетi бар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет