Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Адам, ерiк және сезiм қысымы( аффект ) мәселелерi



бет81/188
Дата23.10.2023
өлшемі2,7 Mb.
#120692
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   188
Байланысты:
фил. конспект лекции (2)

Адам, ерiк және сезiм қысымы( аффект ) мәселелерi

Б.Спинозаның ойынша, адам табиғаттың ажырамас бiр бөлiгi, олай болса, ол толығынан табиғат заңдылықтарына тәуелдi. Егер Дүниеде механикалық заңдылықтар үстем болатын болса, адам арқылы табиғаттың екiншi ойлау қасиетi өзiнiң көрiнiсiн табады. Бiрақ, адамның дене құрылысы толығынан табиөатқа бағынады. Сезiмдiк идеяларда да адамның денелiк, табиғи жақтары басым болады. Ал адамның жан-дүниесiнiң өзiнен шығатын идеялар, егер олар сезiмдiк танымнан анағұрлым алшақ болса, соншалықты айқын, таза ,ақиқатты. Оның ойынша, “дене жан-дүниенi ойлауға итере алмайды, ал жан да дененi қозғалтып, иә болмаса тұрақтата алмайды². Яғни субстанцияның бұл екi қасиетi бiр-бiрiмен қатар өмiр сүрiп отырады.
Адамның жан-дүниесiнде бiр-бiрiнен бөлек неше-түрлi идеялар болғаннан кейiн, онда сую, керек қылу, ерiктiктi аңсау сияқты күрделi құбылыстар болуы мүмкiн емес дейдi Б.Спиноза. Табиғаттың ажырамас бөлiгi ретiнде адам бүкiл дүниелiк шытырман қарым-қатынастарға кiредi. Соның iшiнде ол ең алдымен өзiн сақтап қалуға тырысады. Ал мұның өзi оның неше-түрлi сезiмдерi мен iңкәрларын тудырады. Оны философ аффектiлер (сезiм қысымы) дейдi. Олардың iшiндегi ең негiздiлерi - құштарлық (appetitus)- ол дененi сақтап қалу жолында пайда болады. Жан-дүние саласына кiрiп құштарлық iңкәрлiкке (cupiditas) айналады. Тағы екi күштi сезiм - ол қуаныш пен қайғы (laetitia & tristitia).
Б.Спиноза көне замандағы Платон мен Сократқа ұқсап, барлық дұрыс емес iс-әрекеттер танымдағы қателiктермен байланысты деп есептеген. Адам өзiн қоршаған жағдайларды дұрыс түсiнсе, онда ол өзiнiң iс-әрекетiнде қаталаспайды, өзiн бақытты сезiнедi, бiрақ ол басқаларға бақытсыздық болып көрiнуi де мүмкiн.
Ойшыл Дүниедегi ең жоғарғы игiлiк - ол Құдайды танып-бiлiп оған деген зерделiк (интеллектуалдық) махаббат деңгейiне көтерiлу дейдi. Ал Құдайдың субстанция мен табиғатқа тең екенiн есiмiзде сақтасақ, ал адамзаттың рухының сол табиғаттың модусы (көрiнiсi) болса, онда адамның ғылымның қиын да ауыр жолына түсiп дүниетануы оның жүрегiнде бақыт сезiмiн тудырып, оны ләззатқа жетелейдi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет