Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен өмір сүруі жөніндегі ілімі



бет56/175
Дата18.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#118431
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   175
Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен өмір сүруі жөніндегі ілімі.
Мемлекеттің пайда болуы, өмір сүріп соңында күйреуі - Ибн-Халдунды өте қызықтырып, оның терең ойларын туғызған. Мемлекет, әрине, мүлік пайда болған кезде дүниеге келеді. Оның өзегін уақытында өте биік дәрежеде ұйымдасқан, ауыз-бірлігі биік ру, я болмаса тайпа құрайды.
Бірақ, уақыт өткен сайын мемлекет басшысы сол мемлекеттің басқару жүйесін құрайтын өзінің туыстарынан бірте-бірте алшақтай бастайды.
Олардың орнына басқа топтардан адамдар тартылып, неше түрлі көтеріңкі жағдайлар (привилегиялар) жасалып, оларға басқару істері тапсырылады. Осы сәттен бастап мемлекеттің күйреуі басталады,- деген ойға Ибн-Халдун келеді. Оның себебі – сол мемлекеттің негізін қалаған ішкі бірлігі мол алғашқы ру, я тайпа қуылғаннан кейін оның орнына келген адамдар тек жалақы үшін ғана қызмет етеді. Егер мемлекет үстіне қауіп төнсе, ол үшін жан-тәнін беретін адамдар олардың ішінде тым аз.
Ибн-Халдун мемлекет пен өндірістің, бүгінгі сөзбен айтқанда экономикамен өзара байланысын терең зерттеген ойшыл. Оның жасаған бұл мәселе жөніндегі кейбір тұжырымдары бүгінгі біздің қал-жағдайымыздан көшіріліп алынғандай.
Мемлекеттің өз табиғаты, өндірістің де өзінікі бар. Мысалы, тауарлардың бағасы өндіріске жұмсалған қаражатқа, оны әкелуге кететін ақшаға, нарықтағы сұранысқа т.с.с. байланысты,- дейді ойшыл. Оның сыртында қажетті түрде салынатын салықтар да өндірелетін тауарлардың бағасын өсіреді.
Мемлекет, әрине, салықсыз өмір сүре алмайды. Ол бүгінгі мемлекеттің басына келген кешегі көшпенділерге тәтті өмір сүру үшін, әскер ұстап шекараны күзетіп және ел ішінде өзінің саяси қарсыластарымен күресу үшін керек. Мемлекет, бір жағынан, салықтың көлемін өсіруі мүмкін, екінші жағынан, экономикаға тікелей араласып ішкі және сыртқы сауданы бақылауға алып, одан пайда табуы мүмкін.
Салық үлкен болса, онда халық әлсірейді, сонымен бірге мемлекеттің өзі де әлсірейді,- дейді Ибн-Халдун (біздің үкіметке Ибн-Халдуннан осыдан 500 жыл бұрын өмір сүрген дәріс алса да болғаны). Елдегі бай адамдар мемлекеттегі өздерінің алтынын алып басқа жаққа кетеді. Қарапайым адамдардың өзі де тамақ, киім іздеп Дүниенің төрт жағына қаңғып кетеді. Ал мұның бәрі де мемлекеттің өзін жояды, өйткені, мемлекет - қоғамның бітімі (формасы), ал оның материясы - ол сол елді құрайтын, оның өндірісінде істейтін адамдар.
Сонымен, мемлекет күйреді. Бірақ, ол мемлекет атаулының бәрінің де жойылуы емес. Оның орнына басқа мемлекет бітімі келіп, ол да тарихтағы өзінің қажетті сатыларынан өтіп, өз орнын жаңа мемлекетке береді.
Ибн-Халдун бойынша, әр мемлекеттің өз өмір сүру ғасыры бар. Оның ұзақтығы орташа алғанда үш ұрпақтың өміріне тең. (Кеңес мемлекетінің пайда болып күйреуін алайық, ол үш ұрпақтың шеңберінде болды. С.М.) Бірінші буын сол мемлекеттің негізін қалап, өздерінен гөрі жалпы мемлекеттік мәселелердің қамын ойлайды. Екінші буын жаңа пайда болып жетілген мемлекеттің жинаған байлығын пайдаланып рахатқа батуға тырысады. үшінші буын сол мемлекетті әлсіретіп, оның титығына дейін жеткізеді.
Сонымен, мемлекет пен цивилизацияның дүниеге келуінің негізгі себебі-бір. Ол өндірістік дамудың негізіндегі байлықтың, артықшылықтың пайда болуы. “Мемлекет өздерінің адамдарынан ақша жинап, басқарып отырған адамдарға жұмсайды. Ол байлық қарапайым адамдардан келген мемлекет лауызымдарына, одан қалса, солармен байланысты астанадағы адамдарға жұмсалады.
Қайсыбір мемлекет пен цивилизацияның әлсіреп құруының алғы шарты ел басқарған адамдардың аса қымбат заттарға ие болуға ұмтылуы, өмірден барынша ләззат алуға тырысуы, өйткені, ол қымбатшылықты туғызып, салықты өсіріп экономиканы күйретеді. Мемлекеттің соңғы сатыларында мораль саласында азғындаушылық ашық көрінеді. Адамдар бұзылып, бір-бірін алдайды, бір-біріне жау сияқты қарайды, қулық-сұмдық кең етек алады. Соның бәрі- тек байлыққа жетуі үшін жасалады,- дейді Ибн-Халдун.
“Егер адамдар үйлерінің алдына жеміс ағашын отырғызбай, Кипарис отырғызса, онда ол болашақ күйреудің нышаны. Өйткені, Кипаристің жемісі де, жақсы исі де жоқ, оның тек әсем түрі ғана бар,- деп ой салады Ибн-Халдун.
Сонымен, Ибн-Халдунды ұқыпты оқыған адамға бүгінгі таңдағы болып жатқан күрделі үрдістерді жете түсінуге жол ашылады.
Ибн-Халдун - сонау көне замандағы ой-пікірден бастап біздің заманға дейінгі-біршама қоғамды терең зерттеп, өзінің артынан мол өшпес із қалдырған. Оған қазіргі “әлеуметтік философия мен саясаттанудың атасы² деген заңды биік баға берілген тұлға. Біз оған толығымен қосыламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет