Менің компьютерім. (Мой компьютер) Менің компьютерім (Мой компьютер) компьютердің мазмұнын көрсететін жұмыс столындағы жүйелі папка. Оны ашу үшін Мой компьютер белгісін екі рет басу керек.
Портфель (Мои документы) Бұл жерде қолданбалы программалармен құрылған құжаттар сақталады.
Себет (Корзина) Корзина – бұл өшірілген файлдар орналасатын арнайы жүйелі папка. Кез-келген файлды өшірілмей тұрған кездегі өз орнына қайта қалпына келтіруге болады. Егер себеттен (корзинадан) өшірілсе, онда файлды қайтара алмаймыз. Очистить корзину командасымен себеттен барлық файлдарды өшіре аламыз.
Бумалар (Папки). Құжаттар мен программалар папкаларда сақталады, құрылысын Мой компьютер немесе Проводник программасы арқылы көре аламыз. Бірінің ішіне бірі енген папкалар саны шексіз.
Файлдар
Файлдарда мәтіндік, графика, сандық мәліметтер, программалық модульдер (қосымшалар) сақталуы мүмкін. Windows –та файлдар аты мына ереже арқылы құрылады:
Бағдарламалық жасактама. Операциялық жуйелер.
Программалық қамтама — Бұл компьютерлермен қолданылатын барлық программалардың біріккен түрі, сондай – ақ әрекеттердің оларды құру мен қолдану бойынша барлық аймағы.
Программалық қамтама сипаттамасы - программалық қамтама (ПҚ) кез – келген ЭЕМ-нің өте өажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Осындай сәйкес программалардың көмегінсіз машинаға пайдалы қандай-да бір әрекет жасату мүмкін емес. Дербес компьютердің ПҚ-ның құрамына бөлек проблемалық аймақтарға бағытталған қолданбалы программалар мен қатар универсалды құрылғылар да кіреді.Қазіргі уақытта ДЭЕМ-нің әр түрлеріне арнап оң мыңдаған программалар құрылған, олар келесі негізгі класстарға бөлінеді: 1. операциялық жүйелер;2. программалау жүйелері;3. қолданбалы программалар.
Операциялық жүйелер (ОЖ). Бұлар кез-келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады.ОЖ- қолданушы мен программаның қорғалуын қамтамасыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.
ОЖ құрамы. ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады: базалық модуль (ОЖ ядросы) —файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды; командалық процессор — бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды; сыртқы құрылғы драйверлері — бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамамасыз етіп отырады.(әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әртүрлі және ерекше темпте өңдейді); қосымша сервистік программалар (утилиттер) — пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан – жақты және ыңғайлы етеді.
ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық (ДОС) деп атайды. Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел жадыда (ЖСҚ)-да орналасуы керек. Сондықтан операциялық жүйеден ЖСҚ-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖСҚ-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ны жүктемелеудің келесі этаптарын тізбектей орындау керек.
ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы. Копьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ- тұрақты жады, RОМ—Read only Memory— оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы және компьютер блоктарын тестілеу программалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала тоқтың бірінші импульсімен орындала бастайды (өйткені (RОМ) ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады). Бұл этапта процессор дискіге қатынасады да анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖСҚ-ға оқылады да оған басқару беріледі.
ОЖ-ны жүктемелеудің екінші этапы. Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-ның базалық модулін іздейді де оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді.ОЖ-ны жүктемелеудің үшінші этапы. Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-ның қалған модулдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады.
ОЖ-ның бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына, процессор типі, сондай-ақ ЖСҚ көлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қәзіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді. Бұндай сапалы Mіcrosoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыздандыра алады. Мысалы, MS_DOS- Бұл ОЖ-ның қәзіргі персоналды компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар. Олар:каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы;компьютер құрылымының модулдік принциптік қолдану әртүрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плоттерлер, модемдер және т.б.);пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.
Программалар жүйесі. IBM PC- ге арналған он мыңдаған программалар бола тұра қолданушыға бұл программалар орындамайтын басқа нәрсе керек болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа программа құратын программалау жүйелерін қолдануға болдаы. Бұндай жүйелер де әдетте компилятор болады, онда жоғарғы деңгейде программалау тілінде орындалатын программалар және программалар текстін аударушы, ішкі қажет программалар кітапханасын кейде әртүрлі қосымша программалар.
ІВМ РС сәйкес компьютерлерінде танымал программалау тілдеріне (Си, Си++, Паскаль, Бейсик, Фортран және басқа) арналған программалау жүйелерінің түрлері бар, олар DOS, WINDOWS, WINDOWS 95 орталарында жұмыс жасайды. Программалау жүйесінің негізгі класы клиент – сервер құруға арналған қосымша болады. Бұл жүйелер ақпараттар жүйесін үлкен өндірістерге арнап құруға бағытталған. Бұнда қолданушы интерфейсін құруға арналған құрылғылар, деректерді өңдеуде типтік жұмыстарды орындауды дайындау бар. Бұл жүйелер мен жұмыс атқарады.
Қолданбалы программалар. ІВМ РС- ге арнап әртүрде пайдаланылатын қолданбалы программалардың мыңдаған түрі құрылған.Келесі программалар кеңінен пайдаланылады: текст аудармашысы – компьютерде тексті (документті) дайындау; кестелі процессорлар – кестелі деректерді өңдеу; баспа жүйелер – типографиялық сапаты документтер дайындау; деректер қорын басқару жүйелері – ақпараттар массивін өңдеу; бухгалтерлік программалар – экономикалық белгідегі программалар, финансты талдау программалары, құқықтық деректер қоры, т.с.с; суреттер, анимациялар және видеофильмдер құруға арналған программалар; деректерді статистикалық талдау программасы – автоматты жобалау программалары; комплекс ойындар, оқыту программасы, электронды анықтамалар және сондай сияқты.
Документтер аудармашысы –әртүрлі шрифтарды қолдануды, сөздерді автоматты түрде келесі жолға көшіреді, суретті қосады, бетті автоматтытүрде нөмірлейді.
Кестелі процессорлармен жұмыс істегенде экранға төрт бұрышты таблица шығады, мұндағы клеткаларды сандар, түсініктеме текстер, белгілі бір есептеу формулары болады.Жаңаша кестелі процессорлар үштік таблицалармен жұмыс атқаруды, жеке енгізу және шығару формаларын құруды, макрокомандаларды автоматтандыру құрылғыларын пайдалануды, деректер қорымен байланысты көздейді.
Бақылау сұрақтары:
Қолданбалы программадан жүйелік программаның айырмашылығы?