Дәрістер жиынтығЫ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»


Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар. Индустриалық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



бет29/31
Дата25.11.2023
өлшемі438,08 Kb.
#126985
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ikt darister kazaksha

Кәсіби саласындағы ақпараттық технологиялар. Индустриалық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.


Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген сондай - ақ «Он лайн тәсіліне оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсеткендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша, оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқиат қарайтын дәуір. Кәсіптік оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқу программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Кәсіптік оқыту саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы. Жаңа заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби біліктілікті жұмысшы мамандарды даярлауда кәсіптік оқытуды жетілдірудің , оның материалдық – техникалық базасын толық жаңартып отыру қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп отырылуы қажет. Осыған байланысты мәлімет алмасуына, қарым –қатынасына ақпараттық-коммуникациалық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылда дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.
Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Оқушының ақпараттық – коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық кәсіптік білім беруіріне айналып отыр. Ақпараттық мәдениетт, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануғақа білетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білу керек. Қарастырылып отырған мәселе ”Жаңа ақпаратық-коммуникациялық технологиялар ұғымының пайда болуы мен және кәсіптік білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауы мен тығыз байланысты. Сонымен, оқушының ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне мыналар жатады:
Компьютерлік білімдарлықтың белгілеріне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кең түрлілігін бағдарлай білу, олардың мүмкіндіктерін білу, нақты бір жұмыс үшін тиімді программалық құралдарды таңдай білу, бағдарламалық құралдар бойынша және кітапханасының болуыжатады. Кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды оқытуға арналған мамандық курстарын оқытуды атап көрсету қажет. Осыған байланысты мынадай 2 факторды ұсынуғаболады.
Бірінші – кәсіптік оқыту ұйымдарында мамандықтарды АКТ мен байланыстыра оқыту.
Екіншісі- кәсіптік оқытудағы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін, ақпараттық мәдениетін дамыту.
Талапқа таң, дұрыс қойылған жағдайда кәсіптік оқытуда оқушыларда мынадай өзгерістер қалыптасады:
Компьютерлік сауаттылығы жоғарылайды;
Өз мамандығына деген қызығушылықтары артады.
Шығармашылық шабыты шыңдалады.
Ғылыми көзқарасы қалыптасады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы психологиялық кедергілер жойылады.
Оқытудағы модернизациялауға деген ұмтылыс пайда болады;
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман қалыптасады. Сонымен, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кәсіптік оқыту үрдісінде олдануға байланысты білім беруді ақпараттандырудың маңызды міндеттерінің біріне айналып отыр. Кәсіптік білім беру ұйымдарының техникалық базасын нығайту, компьютерлерді желілерге қосу, электронды оқу құралдарын дайындау. Өзімнің тәжірибемде тест бағдарламаларын, программалау тілдерін, электронды оқулық немесе электронды көмекші құрал пайдалану барысында өз нәтижесін беріп, білім көрсеткіштері жоғарылауда.
Ұйымдастырушылық тұрғыдан қарағанда:

  • орта және кәсіптік оқу орындарында кәсіби білім алып жатқан оқушылардыңақпараттық – коммуникациялық технологиялар жайлы жалпы білім мен қатар, мамандығына байланысты кәсіби білім мен дағдылары артуда.

Мәселенің ғылыми – әдістемелік жағы педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығының қажетті деңгейін анықтау мен және сол деңгейге жетуді қамтамасыз ететін негізгі оқушылар үшін және сол деңгейге жетуді қамтамасыз ететін негізгіоқушылар үшін білім беру программаларын жасау мен байланысты.
Кәсіптік оқытуда оқушылардың ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңін атапкөрсетугеболады.

Компьютермен, түрлі коммуникациялық жүйелер мен алғашқы танысу;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жеке түрлерін терең, зерттеу, жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру;
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды мамандықтарына байланысты қолдана білуді меңгерту.
Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қолжеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функцияналдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды.
Кәсіптік оқытуда қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыларды айтуға болады:
дидактикалық бағыт;
программалық, техникалық ұсыныс;
пәндік аумақта қолданылуы.
Бағдарламалық – ақпараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілері бар, Мысалы,іренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей класификациялау керек. Біріншіден,білімді анықталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінрек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.
Білімнің артикулденетін бөлімі –бұл үйренушілерге ақпараттарды бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.
Білімнің артикулденбейтін бөлімі-иитуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі ұйренушілерге берілмейтін практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде болатын жерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, бағдарламалық- аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады.
-компьютерлік оқулыктар;
-оқытылатын мәлімттер қоры;
-үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын, дұрыс еңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және......программалары мен басқа компьютерлік құралдар.
Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және......артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады.
Қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП) ;

  • Компьютерлік тренажерлер (КТ) ;

  • Зертханалық практикумдер ;

  • Ойындардың программалары;

  • Мамандықтарына байланысты аппараттарды АКТ көмегімен үйрену.

Білім беруді ақпараттандыру процесі пән мұғаліммдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технолгоияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламаларының негізгі міндеттерінің бірі ретінде мамандардың осы сала бойынша біліктілігін көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мамандардың біліктілгін арттыру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертіліп, жаңаланды.Оның негізгі мазмұны білім беру мекемелері қызметкелерінің кәсіби шеберлігін жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетілдіруге, басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыруга сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Ақпараттық- коммуникациялық технологияны бәсекеге ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлімдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру казақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Білім беруді ақпаратандыруды жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заманның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, олардың ақпараттық сауаттылығың, ақпараттық мәдениетін, ақпараттық және кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті міндеттердің бірі. Педагог мамандар біліктілігін арттыруда ақпараттық әлемде оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба біліуіне мүмкіндік туғызуға, өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуыга мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі- жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ) оқу- тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету, дайындаудың сапалығымен анықталады.
Жеке- қызметтік тәсілдемеге сүйенсек, мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану жөніндегі қызметін біз үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, коммуникативтік әрекеттер жасау қабілеттерін дамытуға, оқу қызметі мәдениетін дамытуға, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жандандыруға, оның тиімділігі мен сапасын арттыруғаҒ қазіргі қоғамның ақпараттануына байлынысты туындап отырған әлеуметтік тапсырысты өткізуге (информатика және ЕТ саласының мамандарын әзірлеу,АКТ құралдарын пайдаланушыларды даярлау) бағытталған қызмет түрі ретінде қарастырамыз.
Мұғалімнің АКТ пайдалану қызметінің мазмұны қызметтің бір түрі ретінде мыналарды қамтиды:
-уәж- субъектіні қызметке ынталандырады;
-мақсаттар-қызмет қорытындысында қол жететін нәтижелер;
-құралдар-қызметті атқаруға көмектеседі.
Ғылыми зерттеулерде кез келген қызмет берілген жеке тұлғаның қажеттіліктері себепші болатын объективті мақсаты сезінуден басталады деп көрсетеді. Қызметтің тағы бір қосалқы құрылымы нақты қызметті атқаруға итермелейтін уәж болып табылады. Уәж нақты орындалатын қызмет құрылымына әлі кірігіп үлгермеген, яғни әлеуетті болуы мүмкін және аталған құрылымға енген,яғни көкейкесті болуы мүмкін. Қызметтің үшінші құрауышы оны орындау тәсілі. Ол бір жағынан қызметсубъектісінің мақсаттары мен уәжіне сәйкес болса, екінші жағынан оның қызметті орындау үшін қажетті білімнің, еп-дағдылардың болуын көздейді.
Демек, АКТ пайдалану жөніндегі қызмет те үш құрауштан: мақсат-уәж-құралдан тұрады.
АКТ пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
-үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
-оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
-қазіргі қоғамның ақпараттануы мен байланысты пайда болған әлеуметтік тапсырысты өткізу;
АКТ пайдалану жөніндегі қызметтің уәжі – типтік еп – дағдыларды және т.б. бақылау, түзету, басқару, жаттықтыру сияқты педагогикалық функцияларды жеңілдету болып табылады. Демек оқытушының АКТ пайдалану жөніндегі қызметі табиғаттың, оның мақсаттарының, уәжінің өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында АКТ пайдалану дағдысына әсер ету жолы мен мүмкін болуы мүмкін. Соны мен бірге АКТ пайдаланудың қызметтік бастауын жандандыру «оқытушының АКТ пайдалану қызметіне дайын болуын» көздейді, бұл өз кезегінде мазмұны жағынан күрделі болып келетін оқу еңбегінің білімін, еп-дағдыларын, компьютерлік–сауатты тұлғаның құндылық бағдарларын, жеке адамның танымдық, зияткерлік, ұйымдастырушылық, эмоционалдық-жігерлілік қасиеттерін қамтиды.
Педагогикалық мәдениетті талдау және қорыту оқытушының АКТ пайдалану қызметін компьютерлік сауаттылықты меңгеру және педагогтың қол жеткізген шеберлігі деңгейіне қарай жіктеуге мүмкіндік береді. Осыған орай, біз оқытушылардың АКТ пайдалану қызметінің қарапайым-бейімделушілік, функционалдық – ізденушілік, жүйелік – инновациялық деңгейлерін атаймыз. Әрбір келесі деңгей алдыңғы деңгейді қамтиды және сонымен бірге қызмет тәсілі ретінде АКТ пайдалану дағдылары мен жай-күйіндегі сапалық өзгерістермен сипатталады. 
«Ақпараттық – коммуникациялық технолгиялар құзыреттілігі» дегеніміз – оқушының ақпаратты таба білуі, сонымен бірге алынған ақпаратты өзекті, әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде қолдана білуімен анықталады. Бұл әрбір оқушыдан әуелі ойлау жүйесін қалыптастырып, мәселені шеше білу қабілетін қажет етеді. Ал, ондай қабілет бақылау арқылы логикалық шешім қабылдап, болған жағдайда түрлі көзқараспен қарай отырып, талдау арқылы қол жеткізеді. Оқушының ақпараттық құзіреттілігін анықтау үшін көрсетілген схеманы пайдалануға болады.
Берілген схеманы талдау арқылы оқушының құзіреттілігін анықтауға көз жүгіртсек:

Мүмкіндік – электронды поштаға келіп түскен хатты табу және оны ашу;
Басқару – хатты тауып соған сәйкес ақпарат қалыптастыру;
Интеграция – ұсынылған кеңестердің артықшылығын таладй білу;
Бағалау – тиімдісін таңдап, сайтарда берілген сатушы ақпаратына сай интернет дүкен 
арқылы тапсырыс беру;
Құру – электронды почтадағы хат үлгісіне сай өз рекомендациясын құру.
Бүгінгі таңдағы кәсіптік оқытудағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігін жоғары деп есептеймін. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам –ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан- жақты адам. Қазіргі кәсіптік білім жүйесінің ерекшелігі тек білімнен қаруландырып қана қоймай, өздігінен кәсіптік білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қортындысында, кәсіптік оқытуда АКТ-ны қолдану - адамға үздіксіз оқуға, білім алуға, жан-жақты білімді бәсекеге қабілетті маман даярлаудың үлкен ықпал етуде.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет