Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


Талдау сабақтарында қолданылатын негізгі әдістер



бет22/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
3. Талдау сабақтарында қолданылатын негізгі әдістер
Талдау сабақтарында қолданылатын негізгі әдістер мыналар:
1. Мәтінді сыныпта бірлесіп талдау – мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін талдау сабағының алғашқы формасы. Оқушылар қабілетін жетілдіру үшін мұғалім олармен бірлесе отырып талдап, сұрақ-жауап әдісімен мәтінді талдаудың үлгісін көрсетеді. Ол үшін мұғалім сұраулардың үлгісін жасап, талдау жоспарын дайындап, әзірленеді. Талдау үстірт болмауы үшін оны шығармалардың жеке элементтеріне, мәтінге негіздейміз. Басты мәселелермен қатар, неғұрлым жеке детальдарды таныту – оқушының талдау дағдысының орнықты, айқын болуына көмектеседі.
2. Графика әдісі. Талдау жемісті болып, оқушының есінде қалуы үшін оның нәтижесін, басты компоненттері бойынша дәптерге түсіріп, схема, диаграмма қолдану қажет. Мұндай тәсіл өмірбаян, кіріспе сөздерге де қажет. Шығарма композициясы (жоспар), кейіпкер мінездемесі, портрет, пейзаж, т.б. оқушы оқып, жазып, естіп, өзінің қиылы мен ойлау дүниесін кеңітеді.
3. Оқушылардың баяндамасы. Оқушыларға белгілі бір мәселеден тақырып беріп, баяндама жаздыру, оны сыныпта талқылау. Бұл тәсіл 7-сыныптан бастап қолданылады. Көлемі 10-15 минуттық. Баяндама жалаң сөзге емес, нақты талдауға құрылады. Оған арнаулы сұрақ, жоспар беріледі. Сұрақтар оңайдан басталып, бірте-бірте күрделене түседі. Оқушы бірер сөйлеммен кіріспе береді де, тікелей талдауға көшіп, өз ойын үзінді, фактімен дәлелдейді. Бұл – белгілі бір компоненттің мәнін, қызметін анықтайтын күрделі жұмыс. Баяндама шығарма ерекшелігін тануға көмектесетін, пікір алысуға қолайлы болу керек.
4. Аралас әдіс. Талдау сабақтары жанрға байланысты түрленіп отыратындықтан, барлық компоненттері бір ғана шығарма үстінде талданбай, бірде анау, бірде мынау элементі басым талданып отырады. Сол сияқты талдау сабақтарында ылғи бірыңғай әдіс қолданылмай, бірлесіп талдау мен әңгіме, баяндама мен әңгіме әдісі аралас келе береді. Бұл әсіресе көлемді шығармаларға қолданылады. Мысалы, шығарма әңгімелеу әдісімен талданса, бірер кейіпкерлердің мінездемесі салыстырмалы түрде баяндамаға берілуі мүмкін. Енді бірде әңгіме әдісімен бірлесіп талдау ұсынылады. Оның объектісі – шығарма тілі, кейіңпкер, суреттеу тәсілдері, композициясы, идеясы, т.б.
Көлемді шығармалардың жоспары, образдар, тілі, суреттеу құралдары жинақталуға тиіс. Мұғалімнің көп ізденетін еңбектенетін тұсы – талдау сабақтары. Әрбір талдаудың өзіндік объектісі, жоспары, мақсаты болады.
Талдау сабақтары аяқталған соң, атқарылған істерді бекітіп, қорыту керек. Өйткені, талдау қаншалықты толық болғанмен, оқушылардың түсінбеген, жинақтай алмаған жерлері болады. Қорыту сабақтары оқушылардың түсінігін, дағдысын орнықтырып, талдау нәтижесін есте қалдырып жинақтауды, білімді бекітіп, бағалауды көздейді. Мұғалімнің қорытынды сөзі нақты, қызықты, мәтін табиғатына сай болуы керек.
Оқушылардың бағдарламаға сай әдеби оқудан алатын білімдері мен дағдыларының объектілеріне мыналар жатады:
1) шығарма мазмұнын біліп, өз сөзімен айта білу;
2) кейіпкерге мінездеме бере білу;
3) жазушы өмірбаянын меңгеру;
4) әдеби-теориялық білімдерді меңгеру;
5) жаттауға берілген материалды есте сақтау;
6) мәтінді дұрыс және көркем оқи білу;
7) шығарма жоспарын жасап, композициясына мүшелей білу;
8) суреттеу тәсілдерін, түрін, қызметін түсіну;
9) мазмұндаудың барлық түрін меңгеру;
10) 8-сыныптан бастап автор көзқарасы мен шығарманың идеясын талдай білу;
11) шығарма жаза білу.
Қорыту сабақтарында мұғалімнің айтқан қосымша материалын, теория элементтерін жазып отыратын оқушылардың әдебиет дәптері болуға тиіс. Оған күнделікті сабақтың, оқу мен талдаудың бәрі жүйелі түсіріледі. Кейбір қорыту сабақтары ойынға, жарысқа құрылады. Әдеби ойындарды мұғалім өздігінше түрлендіре алады.
Оқушылардың білімін бағалау. Бағалау – күнделікті сабақтың бір элементі. Кіріспе сөзде, өмірбаянды өткенде, мәтін оқылып, талданғанда бағалап отыру керек. Мұны күнделікті-сабақтық бағалау дейміз. Кемшілігін мұғалім толықтырып отырады. Бұдан басқа тақырыптық, тоқсандық, жылдық бағалау болады. Осылардың ішінде қорытушы-тақырыптық бағалаудың мәні бар. Өйткені күнделікті сұрауларда мұғалім қай оқушы қай элементті жақсы, қай элементті нашар игергенін біле қоймайды. Біреу жоспар жасауға, біреу мінездеуге, біреу мазмұндауға жетік болуы мүмкін. Оқушылардың жалпы дағдысын, білу үшін кейде жинақтаушы бағалау жұмыстары да жүргізіледі. Оған үлкен әзірлік, жоспар, шеберлік керек.
1. Жаппай сұрау (фронтальдық). Үйге берілген тапсырмаға құрылады.
2. Даралап сұрау. Жаттау, мазмұндау, ауызша мінездеу, теория элементтеріне құрылады.
3. Қиысқан сұрау. Жаппай сұраумен қатар жекелеген сұраулар да қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет