Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


Оқытудың жаңа технологиялары туралы



бет33/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
2. Оқытудың жаңа технологиялары туралы
Білім берудің сапасын арттыруда дәстүрлі әдістермен қатар, тиімділігі жоғары жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері де дамытылып, еліміздің білім жүйесіне кеңінен ендіріліп келеді. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап В.П.Беспалко, М.В.Кларин, Х.С.Сүлейменов еңбектеріндегі жаңа технология туралы пайымдар тәжірибеге ене бастады. Саралай, дамыту оқыту мәселелері жолға қойылды. Нәтижеге бағытталған оқыту ісі дамыды.
Модульдік оқыту технологиясы бойынша елімізде тірек мектептер ашылып, тәжірибелері таратылды. Модульдің мазмұны оқу процесінде бірнеше блокка жіктеледі: ақпарат блогы, проблемалық тапсырма блогы, қорыту, жинақтау блогы, білім-іскерлікті тексеру, бағалау блогы, т.б. Әр блок бағдарлама мен жұмыстың орындалуына бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан құралады.
Модульдің жеке бағдарламасы жасалады. Модульдік оқытудың жүйесі туралы П.Юцявичене, В.Л.Белова, Г.В.Лаврентьев, М.Чошанов, М.Мусин, Т.Нұрғалиева еңбектерінде жан-жақты айтылады. Қазақ әдіскер ғалымы М.М.Жанпейіова модульдік оқыту технологиясы бойынша бірнеше жыл бойы зерттелер жүргізіп, республиканың бірнеше мектептерінде эксперимент жүргізді, ол сынақ-байқауды әлі де ғалымның шәкірттері жалғастыруда.
Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Оларды ғылыми-зерттеу сипатындағы әдеби тапсырмалар, болжам және оны дәлелдеу, салыстыру, тәжірибе жасау, шығармашылықты дамыту, т.б. деп бөлуге болады. Білімді толықтыру, жаңғырту мақсатындағы өздік жұмыстар студенттерді ізденушілік, зерттеушіліке бағыттайды.
Модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту жүйесі бойынша білім мазмұны тақырыптық тарау бойынша модульдерге бөлінеді. Бір модуль бірнеше сағатты қамтиды. Модуль үш кезеңнен тұрады: ақпарат беру, іскерлік ойындар арқылы білімді меңгерту, білімді тексеру-бағалау. Бірінші кезеңде азғана уақытта жаңа білімдер туралы ақпараттар топтастырылып беріледі, мұнда негізінен теориялық мәліметтер қамтылады. Екінші кезеңде жаңа білімдерді меңгеруге арналған түрлі танымдық, іскерлік ойындар жүргізіледі. Бұл кезеңге мейлінше көп сағат бөлінеді. Әр түрлі ойындар арқылы жаңа білімдерді меңгертуде оқушылардың өз бетімен іздену, ойлау дағдыларын қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларына машықтандырылады. Мұндай ойындардың түрлері көп, оларды сабақ мазмұны мен мақсатына қарай іріктеп алуға болады. Бір тиімділігі – түрлі ойындарды пайдаланғанда, жаңа материалды меңгертуге әр түрлі тұрғыдан келіп, мейлінше мол жағдай жасалады. Үшінші кезең оқушылардың білімдерін тексеруге, бағалауға арналады. Мұнда бірнеше сағатта түрлі жолдармен (тест, шығарма жазу, т.б.) жаппай бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Деңгейлік оқыту технологиясы. Оқытудың педагогикалық технологиясы деп те аталады. Бұл технологияның мәні тұңғыш рет РБА академигі В.П.Беспалько еңбектерінде ашылды. Педагогикалық технологияның жеке аспектілері мен түрлері В.П.Монаховтың, М.В.Клариннің, П.И.Третяковтың, И.П.Сенновскийдің, М.А.Чошановтың еңбектерінде қарастырылған. Бұл оқыту технологиясының дидактикалық, психологиялық негіздемесі дамыта оқытушылық, жеке тұлғаны тәрбиелеу, қызметтік (деятельностная) теорияларына, сонымен қатар Л.С.Выготскийдің оқушы ақыл-ойының «көкейкесті аймағынан» «жақын арадағы даму аймағына» өту теориясына сүйеніп құрылған. Бұл жүйемен оқытудың жолдарын қазақ ғалымы Ж.А.Қараев біраз жылдардан бері қарастырып келеді. «Ақ желкен» және басқа мектептерде эксперименттер жүргізіп, оқу құралдарын шығаруды ұйымдастырды.
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды.Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше, ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарға баулиды, қиялын, ойын ұштайды.
Оқушының білімді меңгеру сатысы:
1. Шығармашылық; 2. Эвристикалық;
3. Алгоритмдік; 4. Оқушылық деңгей.
Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту үшін:
1.Өз бетінше тапсырма беру (тарихи есептер,логикалық есептер)
2.Тарихи мағлұматтарға байланысты рефераттар қорғау.
Осы айтылғандарды ескере отырып,оқушыларды математиканы оқуға ынталандыратын және математикалық қабілетін дамытатын тарихи есептерді пайдалану арқылы,деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық білім сапасын арттыруға болады.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
1. Денгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Денгейелп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Денгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш денгейі қарастырылады: ең төменгі денгей (минималды базалық), бағдарламамалық, күрделенген денгей.
Базалық денгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы менгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірбесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтежелі болу үшін.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциальды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейлі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері. Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Бұл тапсырмалар олардың жаңа тапқырып бойынша меңгерген білімдерін өз бетімен жетілдіріп, біліктігі мен дағдысын джамытуға арналады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Жаңа педтехнологиялардың бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» (СТО) деп аталады. Ол әлем педагог-ғалымдарының бірлескен ізденістерінің нәтижесінде дүниеге келді. Бұл технология Л.С.Выготский, Ж.Пиаже теорияларын басшылыққа алады. СТО – сыни ойлауды дамытуға арналаған оқу мен жазу деген сөз. Негізгі міндеті – ашық қоғамға азамат дайындау, әр оқушыға өзін-өзі дамыта, жетілдіре, бақылай алатын дағды қалыптастыру. Жұппен, топпен жұмыс істеуге үйрету, өзгелердің пікірін тыңдап, сыйлай білетін дағды қалыптастыру. СТО көптеген стратегиялардан тұрады. Стратегиялар – о қыту процесінде қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер. оларды оқытушы немесе мұғалім сабақ мақсаты мен мазмұнына, құрылымына қарай қажетінше пайдалана алады. Бір сабақта үш-төрт стратегия қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет