Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері



бет2/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері

Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты: әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны халқымыздың көркем тарихы, «өмір оқулығы» дәрежесінде оқып-үйрету. Бұл пән сонымен бірге әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы көркем шығармадан тәлім алуға, шәкірттердің оқырмандық қызығушылығын қалыптастыруға жол сала отырып, олардың әдеби қабілетін дамытуды көздейді.
Мектепте әдебиеттен білім беру міндеттері:
1. Әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігі де сол өнер пәні болғандығы әдебиеттің сөз, тіл өнері екендігі туралы білімдерін қалыптастыру.
2. Әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
3. Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайлы білімдерін қалыптастыру.
4. Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету.
5. Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын байыту, оны әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландыру.
6. Туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігі, оның әлем әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру.
7. Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі білім берудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
8. Тәрбиешілік мақсат. Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу. Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерін тәрбиелей отырып, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне деген қызығушылығына әсер ету.
Әдебиет сабақтарында көркем шығарманың мазмұны, құрылысы, әдебиет сабағы, оқыту әдістері, көркем шыңғарманы талдау, аудиториядан тыс жұмыстар, білім берудегі озық тәжірибелерді пайдалану, т.б. қарастырылады. Мұғалімдердің әдеби білімін жетілдіріп, білім мазмұнын байытуда, педагогтік-әдіскерлік шеберліктерін шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттайды.
Мұғалімнің білім берудегі орны үлкен. Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылардың шығармашылығына жүйелі ықпал жасай отырып, оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, өзіндік ой-пікірін дамытып, ұғымды, шешен сөйлеуге баулу мұғалімнің міндеті. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын талап ауқымды. Әдебиетті ғылым әрі сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, өзін-өзі тану өнері т.б. сабақтастығы болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет