Дәріс мақсаты: Педагогикалық практиканың мақсат-міндеттерін түсіндіру;
Оқытудың жаңа технологиялары туралы пайымдау
Педагогикалық практиканың мақсат-міндеттері;
Педагогикалық практика – студенттерді мұғалімдік мамандыққа баулудағы жауапты кезең. Студент университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастырады.
Әрбір практикант студенттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары:
Мектептік әдеби білім талаптарына сай орталау (Ү-ІХ) сыныптардағы әдебиеттік оқу курсын оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық еңбегі негізінде ұйымдастыра білу. Әрбір сабақты оқушының пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын ояту, әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастыру мақсатында құру;
Жоғары сыныптағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда оқушы бойында көркем шығарманы оқып-үйренудің, талдаудың, мәтінмен өз бетінше жұмыс жүргізе білудің білімдік-тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық деңгейін көтеру;
Әдебиетті оқытудың мектеп тәжірибесінде қалыптасқан әдіс-тәсілдерін оқытудың жаңа технологиясымен тиімді ұштастыра білу;
Өзі бекітілген сынып оқушыларының мінез-құлқы, әдебиетке бейімділігі, оқырмандық қабылдау дәрежесі т.б. мәселелер бойынша тұрақты бақылау жүргізу. Алынған нәтижелерді сабақ процесінде, сыныптан тыс жұмыстар кезінде тиімді пайдалана білу жолдары;
Практика барысында пән бойынша ашық сабақтар, сынып жетекшісі ретінде ашық тәрбие сағаттарын өткізу;
Мектеп басшылығымен, педагогикалық практикаға жетекшілік жасаушы ұстаздармен педагогикалық практика кезеңінде тығыз байланыста, ынтымақтастықта жұмыс жүргізу;
Педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша мектепте және университетте арнайы конференциялар өткізу, жетістік, кемшіліктер жайында төменгі курс студенттеріне насихаттау.