Дәрістер кешені 1-тарау Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың



Pdf көрінісі
бет47/61
Дата23.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#120833
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61
Өзара бағалау оқушыларға
олар бір – бірінен үйрену үшін және бір – 
бірін демеуі үшін, бір –біріне қажетті кері байланысты орнатуға көмектеседі, 
бұл оларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру және бір – біріне сыни бағалау 
мүмкіндік береді. Сәтті өзара бағалау оқушылар соңында оқуға өзінің дербес 
алға басу үшін өсетін жауапкершілікті өзіне алатындай өзін – өзі бағалауды 
дамытуға көмектеседі. Мысалы: осы сабақта жұптық жұмысқа «Болжау» 
әдісі бойынша тапсырма бердім. Бұл әдісі баланың ішкі түйсігіне cүйене 
отырып, өзара талқылау арқылы мағынаны тануға арналған стратегия. Осы 
стратегияны пайдалану арқылы оқушылар шағын топтарда жұптасып жұмыс 
жасау барысында мынадай тапсырма берілді: XIVғ. басында Кіші жүздің 
Ресеймен шекаралас аудандарын ашаршылық жайлады. 
Себебі:
(әрі қарай өз ойынды өрбіт...) 
Оқушыларға әрі қарай өз ойларын өрбітіп, өз ойларын ортаға сала 
отырып, ашаршылықтың себебін анықтайтындай болжамдар айтты. 
Нәтижесінде мұғалімнің берген дұрыс жауабын өз болжамдарымен 
салыстыра отырып, дұрыс – бұрыстығын анықтады. Бағалауға ең алдымен 
жасалған жұмысты мұқият зерделеп, өздерінің сыныптастарымен жұмыс 
жасау пікірі қалыптасты. Мұғалім жағдайларға араласпай тек бақылаушы 
ретінде жүріп, оқушылардың жұмыс кезінде қателерді болдырмауға және 
оларды түзетуге мүмкіндік берді. Бұл ретте оқушылардың өзара бағалауының 
тиімді екенің байқадым. Осы берілген тапсырмаларда бағалау кезінде 
оқушылар бір – бірінің жұмысын сараптады. 
Сонымен бірге сабақтарымда қлданып жүрген бағалаудың бірі 
критериалды бағалау.
Бағалаудың осы түрін өз сабағымда пайдалана алдым. Қазақстан 
тарихынан «Елдің жаңа орталығы – Астана» тақырыбын өткенде оқушыларға 
он минуттық әссе жазуға бердім. Оны бағалау үшін бағалаудың критерийлері 
жазылған бағалау парағын оқушыларға бердім. Бұл тексеру жұмысын 
жеңілдетуге, олардың сыни ойлауын, сөздік қорын дамытуға, бір – бірін 
тыңдап құрметтеуге мүмкіндік берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет