Дәрістер кешені 1 Телекоммуникациялары. Түрлендірушілер: Байланыс желілер Мақсаты


Желіаралық әрекеттесу модельдері (OSI моделі)



бет43/47
Дата07.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#17843
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Дәрістер кешені Телеком

4. Желіаралық әрекеттесу модельдері (OSI моделі)
Тәжірибеде желіні жүзеге асыру барысында стандартты протоколдарды қолдануға тырысады. Бұлар фрималық, ұлттық немесе халықаралық стандарттар болуы мүмкін. 80 жылдардың басында халықаралық ұйымдардың әр қатарында желінің дамуында ерекше рөл атқарған моделді жасап шығарды. Бұл модель ашық жүйенің әрекеттесі моделі – OSI деп аталады. Ашық жүйе болып жалпы қатынау ерекшелігімен стандартқа сәйкес және қызығушылық танытқанның көпшілік талқылау нәтижесінде қабылданған кез келген жүйе болып табылады. OSI моделінің қызметі:

1) Жүйелі әрекеттесудің әр түрлі деңгейін анықтау.

2) Жүйеге стандартты аттар береді.

3) Әрбір деңгейдің қызметін анықтайды.

OSI моделінде әрекеттесу құралдары 7 деңгейге бөледі:

1. Қолданбалы.

2. Сеанстық.

3. Транспорттық.

4. Желілік.

5. Каналдық.

6. Физикалық.

7. Көрсетімдік.

OSI моделінің әр түрлі деңгейлердегі протоколдары протоколдар стегіне сәйкес келеді. Желіге қосылған компьютердегі протоколдар қажетті барлық функцияларды үйлесіммен орындайды.

OSI моделі ашық жүйелердің өзара байланысын сипаттайды.

Ашық жүйе болып ашық спецификация сәйкестігімен құрылған жүйе саналады. Мысалы, компьютер, есептегіш желі, операциялық жүйе, бағдарламалық өнім және басқа да аппараттық және бағдарламалық өнімдер.

«Спецификация» - аппараттық немесе бағдарламалық компоненттердің формальдық сипаттамасы, олардың қызмет жасауының тәсілдері, басқа компоненттермен өзара әрекеті, пайдалану шарттары, ерекше мінездемелері және шектеулері.

OSI моделі ашықтылықтың бір аспектісін ғана қарастырады, яғни есептегіш желіде байланысқан құрылғының өзара әрекетінің құралдарының ашықтығын. Ашық жүйе – жіберілетін және алынатын мәліметтердің форматын, мазмұнын және мәнін анықтайтын стандартты ережелерді қолданатын, басқа желілік құрылғылармен өзара әрекеттесуге дайын желілік құрылғы.

Егер екі желі ашықтылық принципімен құрылған болса, онда мынадай жетістіктер болады:

- бір ғана стандартты ұстанатын әртүрлі өндірушілердің аппараттық және бағдарламалық құралдарынан желіні құру мүмкіндігі;

- желінің жекелеме компоненттерін неғұрлым жетілген басқа компоненттермен еш қиындықсыз алмастыру мүмкіндігі, бұл аз шығынмен желіні дамытуға мүмкіндік береді;

- бір желінің екінші желімен жеңіл кездесетін мүмкіндігі;

- желіні меңгеру және қызмет көрсетілуінің қарапайымдылығы.

Ашық жүйенің жарқын мысалы Internet халықаралық желісі. Internet желісінің жұмысын анықтайтын стандарт – RFC (Request For Comments) «комментарийге сұраныс» деген мағынаны білдіреді, яғни қабылданған стандарттың ашық та, кең қолданысы мінезін көрсетеді. Осының нәтижесінде Internet әр түрлі құралдармен бағдарламалық қамтамасыздандырылуы бүкіл әлем бойынша таратылған желілердің үлкен санын біріктіре алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет