Дәрістер кешені 1 Телекоммуникациялары. Түрлендірушілер: Байланыс желілер Мақсаты


Web – технологиялары. JavaScript тіліне кіріспе



бет40/47
Дата07.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#17843
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
3. Web – технологиялары. JavaScript тіліне кіріспе.
Java тілі Internet желісіне және Web серверге бағытталған. Оның синтаксисі C++ тілінің синтаксисіне жақын. C++ программалау тілінің барлық жағымды жақтарын алып, ондағы кейбір кемшіліктерден айырылды, соған байланысты Java тілінде бағдарламалау қарапайым болды.

JavaScript-та жазылған программада орындауға болатын барлық операциялар белгілі объектілермен жасалынатын әрекеттерді сипаттайды. Бұл объектілер Netscape Navigator программасының жұмыс облысындағы элементтер және HTML тілінің контейнерлері болып табылады. Объектілердің қасиеттер жиыны және объектілермен жұмыс жасайтын функциялар жиыны болады. Соңғысы әдістер деп аталады. Одан басқа тағы стандартты математикалық типтермен жұмыс істейтін немесе программаны орындау процессімен басқаратын функциялар болады. JavaScript –та оқиғалар болады – бұл программалық үзілудің аналогі. Бұл оқиғалар да World Wide Web желісінде жұмыс істеуге бағытталған, мысалы, Navigator"дың жұмыс облысына бетті жүктеу не гипермәтіндік сілтемені таңдау.



Апплеттер – бұл Internet серверінде орналасатын шағын қосымшалар, тұтынушыға желі арқылы тасымалданады, HTML құжатының бір бөлігі ретінде автоматты түрде орнатылады және іске қосылады. Апплет тұтынушыға келгенде, оның қорларға деген қолжетімдігі шектеулі.

Төменде апплет түрінде бейнеленген HelloWorld түпкі программасының бастапқы коды келтірілген:


import java.awt.*;
import java.applet.*;

public class HelloWorldApplet extends Applet {

public void paint(Graphics g) {

g.drawString("Hello World!", 20, 20);

} }

Бұл апплет java.applet және java.awt иерархияларының барлық дестелерін импорттайтын екі қатардан басталады. Әрі қарай біздің мысалда Applet класының бір атаулы әдісін ығыстыратын paint әдісі бар. Бұл әдісті шақырған кезде, оған Graphics класының объектісіне жасалатын сілтемені қамтитын аргумент беріледі. Соңғысы біздің аплеттің жалпы сызылып шыққан бейнесі үшін қолданылады. Graphics типті осы объектімен шақырылатын drawString әдісінің көмегімен (20,20) экран позициясында “Hello World” қатары шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет