Дәрістер кешені 1 Телекоммуникациялары. Түрлендірушілер: Байланыс желілер Мақсаты



бет22/47
Дата07.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#17843
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Байланысты:
Дәрістер кешені Телеком

3 Ұялы желінінің құрылымы
Ұялы байланыс желілері өз атауын ұйымдастырудың ұялық принциптеріне сәйкес алған. Осыған сәйкес қызмет көрсету аймағы (қала территориясы немесе регион) ұяшықтардың кейбір сандартына бөлінеді. Ұяшықтарда әдетте дұрыс алтыбұрыш түрінде бейнелейді, себебі бұлар аралардың ұяшықтарына ұқсағандықтан бұл жүйені біз ұялы деп атаймыз. Желінің ұялы құрылымы жиіліктерді екінші реттік қолдану негізімен тікелей байланысты. Осыған байланысты бірдей жиіліктер бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықта орналасқан ұящықтарда қайталануы мүмкін.

Әрбір ұяшықтың центрінде негізгі базалық станция орналасқан(БС). Бұл БС өз ұяшығының шегінде барлық жылжымалы станцияларға қызмет етеді. Абонент бір ұяшықтан басқа ұяшыққа орын ауыстырған кезде бір байланыс станциясынан басқа байланыс станциясы оған қызмет көрсете бастайды. Байланыс станциялардың арналардың коммутациясы коммутация центрінде жүзеге асады (КЦ). Бұл УПАТС немесе ақырғы құқықтары негізінде ортақ қолданыстағы телефондық желіге (ОҚТС) қосылады.

Шын мәнінде ұяшықтар қатаң геометриялық пішінде болмайды. Ұяшықтардың шынайы шекаралары дұрыс емес қисық түрінде болады. Олар радиотолқындардың өшуі мен таралу шарттарына тәуелді. Демек, қызмет ететін террмoторияның жерінің рельефіне салулардың тығыздығына және басқа факторларға тәуелді. Сонымен қатар, сенімді қабылдаудың зонасының шегінде сигналды қабылдауға мүмкін болмайтын облыстарда болады(көлеңке аймақтар). Осыған сәйкес базалық станцияның орналасуы ұяшық центрімен шамамен ғана сәйкес келеді. Бұны бірмағыналықпен анықтау қиынға соғады. Егер базалық станция бағытталған антенналарды қолдамаса, онда БС ұяшық шекараларында болады.

Цифрлық жүйедегі ұялы байланыс (мысалы GSM)”базалық станциясының жүйесі” (БСЖ) деген мағына қолданылады. Бұған базалық станцияларының контролері (БСК) кіреді және де 9-суретте көрсетілген бірнеше базалық қабылдау берілістер станциялары (БҚБС) кіреді.



Бір контроллер бірнеше БҚБС-ті басқара алады және келесі функцияларды орындайды: радиоканалдардың таратып үлестірулерін басқарады, қосылыстарды бақылап, кезектерін ретке келтіріп отырады; сигналдардың модуляция мен демодуляцияларын, хабарлардың кодалау мен декодалауларын, қозғалғыштық жиілікті және жұмыс режимін қамтамасыз етеді. Бір ортақ БСК-ға қосылған үш БҚБС, әрбір 120-градустық секторында жұмыс істей алады, ал бір ортақ БСК-ға қосылған алты БҚБС – әрбір 60-градустық секторында жұмыс істей алады.

Сурет 9 – Ұялы радиобайланыстың негізгі құрылымы

Коммутацияның центрі бір уақытта ұялы байланыс жүйесінің диспетчерлік орны болып табылады. Бұнда бүкіл БС ақпарат ағымдары тұйықталады. Басқа байланыс жүйелеріне шығысы осы ЦК арқылы орындалады – ортақ қолданыстағы телефондық жүйелері, спутниктік байланыс жүйелері немесе ұялы жүйелер. Әдеттегі көппроцессорлы жүйелерге мысал болып келетін бірнеше процессорлар (контроллерлар) ЦК-ның құрамына кіреді. Цифрлы ұялы байланыс ЦК жүйесінің блок-схемасы 4-суретте көрсетілген.

Коммутатор үйлесімді байланыс сызықтары мен ақпараттар ағымдарының арасындағы ауысуларын жүзеге асырады. Негізінде, ол ақпараттар ағымын бір БС-дан басқасына немесе БС-дан стационарлы байланыс жүйесіне не болмаса керісінше, стационарлы байланыс жүйесінен керекті БС-ға жібере алады.

Тиісті байланыс контроллерлары арқылы байланыс желісі ақпарат ағынының аралық өңдеуін жүзеге асыратын (буып-тиетін/қайта қалпына келтіретін, буферлік сақтау) коммутаторға қосылады. Коммутация центрінің және жүйе жұмысын орталықты басқару қайта программаланатын бөлігі бар (software) қуатты математикалық қамтамаға ие орталық контроллерде орындалады. Коммутация центрінің жұмысы операторлардың белсенді қатысуын ұйғарады, сондықтан центр құрамына тиісті терминалдар кіреді, сонымен қатар ақпаратты тіркеу (құжаттау) және бейнелеу құралдары жатады. Негізінен оператормен абоненттер жайлы мәліметтер және оларға қызмет көрсету шарттары енгізіледі. Қажетті жағдайда оператор жұмыс істеу барысында қажетті командаларды шығарады.

Жүйенің маңызды элементі болып деректер базасы болып табылады. Оған үй регистрі, қонақ регистр, аутентификация цетрі және аппаратура регистрі (соңғысы барлық жүйелерде бар дерлік).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет