ДӘрістер кешені қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі. Қылмысты саралаудың түсінігі, кезеңдері



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#8215
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Теңіз қарақшылығы. 

 

Қарақшылық - «Теңідегі қарақшылықтың білдіреді және халықаралық қылмыстар қатарына жатады, 



онымен  қылмыстық-құқықтық  күрес  халықаралық-құқықтық  конвенциялар  негізінде  жүргізіледі  (мысалы, 

Ашық теңіз туралы Женева Конвенциясы, 1958 жыл). 

 

Теңіз қарақшылығы – сауда, азаматтық кемелерді ашық теңізде жасалатын заңсыз басып алу, тонау 



немесе суға батыру. 

 

Қылмыстың  объектісі  -  қоғамдық  қауіпсіздік.  Адам  өмірі  мен  денсаулығы,  сол  сияқты,  мүліктің 



қатыстылығы қосымша тікелей объектілер болып табылады. 

 

Қылмыстың  объективті  жағы  немесе  өзен  кемесіне  күш  қолдану  немесе  оны  қолданумен  қорқыту 



арқылы жасалған шабуылмен сипатталады. 

 

Қылмыстың  құрамы  –  формальды.  Ол  теңіз  немесе  өзен  кемесіне  шабуыл  жасалған  сәттен  бастап 



аяқталған болып есептеледі. 

 

Қылмыстың  субъективті  жағы  тікелей  ниетке  байланысты.  Тұлға  теңіз  немесе  өзен  кемесіне  күш 



қолданумен немесе қолдану туралы қорқытумен қатар жүретін шабуыл жасап отырғандығын түсінеді және 

оны жасауды қалайды. 

 

Мақсат, яғни бөтеннің мүлкін басып алу, теңіз қарақшылығының міндетті белгісі болып табылады. 



 

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған тұлға. 

 

ҚК-ң 240-бабының 2-бөлігінде бірнеше рет жасалған не қару немесе қару ретінде пайдаланылатын 



заттарды қолдана отырып жасаған теңіз қарақшылығы үшін жауаптылық көзделген. 

 Жаппай тәртіпсіздіктер   

Жаппай  тәртіпсіздік  үкімет  және  басқару  органдарының,  көлік,  байланыстың  қалыпты  қызметі 

тоқтатылуы,  мүлік  жойылуы  немесе  бүлдірілуі,  азаматтардың  құқықтары  мен  мүдделеріне  елеулі  зиян 

келтірілуі мүмкін, адамдардың үлкен тобы (топ) жасайтын қоғамдық қауіпсіздікті бұзудан тұрады. 

Қылмыстың объектісі – қоғамдық қауіпсіздік. 

Қылмыстың  объективті  жағы  күш  қолданумен,  қиратумен,  өртеумен,  атыс  қаруын,  жарылғыш 

заттарды  немесе  жару  қондырғыларын  қолданумен,  сондай-ақ,  олардың  өкімет  өкіліне  қарулы  қарсылық 

көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырумен сипатталады. 

Қылмыстың  құрамы  –  формальды,  ол  жаппай  тәртіпсіздік  ұйымдастыруды  құрайтын  әрекеттер 

жасалу  сәтінен  бастап,  қандай  да  болмасын  бір  қоғамдық  қауіпті  салдардың  орын  алуына  қарамастан, 

аяқталған қылмыс болып танылады. 

Қылмыстың  субъективті  жағы  тікелей  ниеттің  болуымен  байланысты.  Тұлға  күш  қолданумен, 

қиратумен,  өртеумен,  бұзумен,  мүлікті  жоюмен,  атыс  қаруын,  жарылғыш  заттарды  немесе  жару 

қондырғыларын  қолданумен,  сондай-ақ  олардың  өкімет  өкіліне  қарулы  қарсылық  көрсетуімен  ұласатын 

жаппай  тәртіпсіздікті  ұйымдастыру  бойынша  әрекеттер  жасап  отырғандығын  түсінеді  әрі  осы  әрекеттерді 

жасауды қалайды. 

Қылмыстың  мақсаты  мен  себептері  әр  түрлі  және  жаза  тағайындау  кезінде  ескерілгенімен, 

жасалғанды бағалауға әсер етпейді. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы тұлға. 

ҚК  241-бабының  2-бөлімінде  осы  баптың  1-бөлімінде  көзделген  жаппай  тәртіпсіздікке  қатысу  үшін 

жауап көзделген. Жаппай тәртіпсіздікке қатысу деп тұлғаның күшпен жасаған әрекеттері, қиратулары және 

ҚК 241-бабының 1-бөлігінде аталған әрекеттерді жасағандығы айтылады. 

Бұл қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, жаппай тәртіпсіздіктерге тікелей қатысушы тұлға. 

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы және түрлері 

Объективті  жағынан  алғанда,  қоғамдық  қауіпсіздік  және  қоғамдық  тәртіпке  қарсы  қылмыстардың 

көпшілігі әрекет арқылы жасалады:  

а)  терроризм  (ҚК  233-б),  адамды  кепілге  алу  (ҚК  234-б),  бұзақылық  (ҚК  257-б),  және  басқалары. 

Жекеленген қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК 253-

б).  Қоғамдық  қауіпсіздік  пен  қоғамдық  тәртіпке  қарсы  бірқатар  қылмыстар  әрекет  арқылы  да,  әрі 

әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін: атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 

244-б),  тау-кен  немесе  құрылыс  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  қауіпсіздік  ережелерін  бұзу  (ҚК  245-б)  және 

басқалары. 

Субъективті  жағынан  алғанда,  қоғамдық  қауіпсіздік  және  қоғамдық  тәртіпке  қарсы  қылмыстардың 

көпшілігі  кінәнің  қасақана  түрінің  болуымен  сипатталады.  Бірқатар  қылмыстар  тек  абайсызда  жасалады, 


 

25 


мысалы,  атыс  қаруын  ұқыпсыз  сақтау  (ҚК  253-б).  ҚК-тің  233,  234-2  бөлім,  235,237,238,239  және  240-

баптарында көзделген қылмыстарда мақсат міндетті белгі болып табылады. 

Қарастырылушы қылмыстардың субъектілері – 16 жасқа толған тұлғалар.  

 

Тақырып. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар 

1.  Халықтың  денсаулығына  және  адамгершілікке  қарсы  қылмыстардың  түсінігі  және  түрлері.  Ішкі  істер 

органдарының қылмыстардың берілген топтарының алдын алудағы ролі.  

2. Есірткі заттарды  немесе  жүйкеге  әсер ететін заттарды  заңсыз  дайындау, сатып  алу, сақтау,  тасымалдау, 

жөнелту немесе сату (259-б.)  

3. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-б.).  

4. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-б.).  



Халықтың денсаулығына  және адамгершілікке қарсы қылмыстардың   түсінігі және түрлері. 

Ішкі істер органдарының қылмыстардың берілген топтарының алдын алудағы ролі. 

Қылмыстардың қарастырылушы тобының топтық объектісі болып табылатын халық денсаулығы–бұл 

көптеген адамдарды қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың жиынтығы. 

Қоғамдық  адамгершілік  осы  қоғам  иелерінің  тәртіп,  идея,  әдет-ғұрып,  әділеттілік,  борыш,  намыс, 

абырой туралы көзқарастардың қалыптастырған ережелері мен нормаларынан тұрады. 

Объективті  жағынан  алғанда  халық  денсаулығы  мен  қоғамдық  адамгершілікке  қарсы  жасалатын 

қылмыстардың көпшілігі іс-әрекет арқылы жасалады: есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды 

заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау немесе сату (ҚК 259-бап), жезөкшелікпен  айналысуға 

тарту (ҚК 270-бап) және т.б. 

Субъективті  жағынан  алғанда  қарастырылушы  қылмыстардың  негізгі  бөлігі  қасақана  қылмыстар 

болып келеді. 

Алайда,  есірткі  заттарды  немесе  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды  ұрлау  не  қорқытып  алудың  (ҚК  260-

бап) субъекті ретінде  14 жасқа жеткен тұлға да танылуы мүмкін.  

1)  халық  денсаулығына  қарсы  жасалатын  қылмыстар.  Бұлардың  қатарына  басым  көпшілігі  есірткі 

заттары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмысты істерден тұратын ҚК-тің 

259,260,261, 262,263,264.265,266, 267,268,269,272 - баптарында қарас-тырылған қылмыстар кіреді. 

2)  қоғамдық  адамгершілікке  қарсы  жасалатын  қыл-мыстар.  Бұлардың  қатарына  ҚР  ҚК-інің 

271,272,273, 274, 275-баптарында қарастырылатын қылмысты әрекеттер жатады. 



Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, 

тасымалдау, жөнелту немесе сату. 

Халықтың денсаулығы аталған қылмыстың тікелей объектісі болып табылады.  

ҚК  259-бабының  2  бөлімі  есірткі  заттарды  немесе  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды  заңсыз  дайындау, 

ұқсату,  жөнелту, сондай-ақ  осы баптың бірінші  бөлігінде көзделген, есірткі заттарды немесе  жүйкеге әсер 

ететін заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға 

қатысты  жасалған  әрекеттер  үшін  жауаптылық  қарастырады.  ҚК  10-бабының  4-бөліміне  сәйкес  аталған 

әрекеттер  ауыр  қылмыс  құрамын  құрайды.  Көріп  отырғанымыздай,  аталған  жағдайда  қылмыс  құрамының 

объективті жағы әрекеттердің екі түрлі дербес тобымен сипатталады: 

а) есірткі құралдарын немесе жүйкеге әсер  ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелтуді іске 

асыру, ал оның өзі субъективті жақтың сату мақсатының орын алуы сияқты сипаттамасының болуына сөзсіз 

негізделген; 

б) есірткілік құралдарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, тасымалдау, 

жөнелту  немесе өткізуді өте ірі мөлшерде іске асыру. 

Аталған  баптың  1-бөлімін  талдау  барысында  есірткілерді  заңсыз  иелену  мен  сақтау  жөнінен 

түсініктеме берілгендігін ескере отырып, әрекеттердің екінші тобын талдауға толығырақ тоқталайық. 

Тұтынуға  жарайтын  (дайын)  есірткі  құралдарының  немесе  жүйкеге  әсер  ететін  заттардың  бастапқы  қолға 

тиюі  заңсыз  дайындауды  білдіреді.  Дәл  осы  сәт,  қылмыстың  құрамы  орын  алған  жағдайда,  оның 

аяқталуының куәсі болып табылады.  

Есірткіні заңсыз дайындаудың әдістері әрекетті бағалауға әсер етпейді. Ол жұмыс фармацевтикалық 

өндірістің технологиялы жағдайында да, үй жағдайында да жолға қойылуы мүмкін. 

Есірткілік  құралдар  мен  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды  сату-есірткілерді  заңға  қарсы  түрде 

қолданушылық қатарында әлеуметтік тұрғыдан ең қауіпті әрекет болып табылады.  

Басқа заттарды есірткі ретінде алдап сатқан жағдайда мұндай әрекет алаяқтықтың құрамын жасайды. 

Ал  енді  осындай  жалған  жолмен  есірткілік  құралдар  мен  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды  қолға  түсіруге 

тырысқандардың әрекеттері оларды заңсыз иеленуге оқталудың құрамын туғызады. 

 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу. 

Бұл  қылмыстың  объектісі  –  халықтың  денсаулығы.  Есірткі  заттарды  ұрлау  немесе  қорқытып  алу 

кезінде қосымша тікелей объект ретінде жеке меншіктің қатыстылығы болуы мүмкін. 

Қылмыстың  заты  –  есірткілік  заттар  және  жүйкеге  әсер  ететін  заттар.  Есірткілік  заттарды  немесе 

жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе қорқытып алу аталған топтың дербес қылмысы болып табылады. 

Оны  жасаған үшін  жауаптылық  ҚР ҚК-нің 260-бабы  бойынша  көзделген.Сонымен, объективті жақ төмен-

дегідей белсенді әрекеттердің біреуінің жасалуы арқылы көрінеді:     


 

26 


1) есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау; 

       2) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды қорқытып алу. 

Есірткі заттарын  немесе  жүйкеге әсер ететін заттарды  ұрлаудың объективті  жағының сипаттамасын 

анықтай  отыра,  ҚР  ҚК-нің  175-бабына  ескертудің  1-тармағында  берілген  түсініктемеге  сүйенуге  тиіспіз. 

Оған  сәйкес:  "Осы  Кодекстің  баптарында  ұрлық  деп  пайдакүнемдік  мақсатта  бөтен  мүлікті  осы  мүліктің 

меншік  иесіне  немесе  өзге  иеленушісіне  залал  келтіре  отырып  айыптының  немесе  басқа  адамдардың 

пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады". 

Қарақшылықтан  басқа  кездері,  тұлғаның  есірткіні  нақты  иелену  сәті  қылмыстың  аяқталуы  болып 

есептеледі.                                                        

Қарақшылық кезінде қылмыстың аяқталу сәті шабуылдың өзінің басталуымен байланысты. ҚК 181-

бабының 1-бөлімінің диспозициясының мазмұнына сүйене отырып, 260-баптың 1-бөлімінде қарастырылған, 

есірткілік  заттарды  немесе  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды  қорқытып  алудың  құрамының  объективті  жағын 

анықтауға болады 

ҚК 260-бабының 2-бөлімінде осы баптың 1-бөлімінде көрсетілген әрекеттерді: 

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасағандығы; 

б) әлденеше рет; 

в) тұлға өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы

г)  өмірге  немесе  денсаулыққа  қауіпті  емес  күш  қолдану  не  осындай  күш  қолданылатындығымен 

қорқыту арқылы жасағандық үшін жауаптылық бекітілген. 

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру.  

Есірткі  заттарды  немесе  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды  тұтынуға  көндіру  үшін  жауаптылық  жеке 

қылмыс  ретінде  ҚР  ҚК  261-бабында  көзделген.  Есірткі  заттарды  немесе  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды 

таратудың  бір  жолы  бола  тұра,  аталған  әрекет  аса  қауіптіліктен  тұрады.  Ол  қауіптілік,  ең  алдымен,  бұл 

әрекет  орын  алған  жағдайларда,  айтарлықтай  тұлға  санының,  әсіресе,  кәмелетке  толмаған  жас  

жеткіншектердің  есірткінің  әсеріне ұшырайтындығында. 1-бөлім, бағалаушы жағдайларсыз, есірткі заттар 

мен жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру үшін  

қылмыстық жауаптылық белгілеп, бұл іс-әрекетті орташа ауыр қылмыстардың санатына жатқызады. 

Бұл қылмыстың объектісі – халық денсаулығы.  

Заты – есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар. 

Қылмыстың  объективті  жағы  есірткі  заттар  мен  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды  тұтынуға  көндірумен 

сипатталады.  Басқа  тұлғалардың  бойында  есірткіні  тұтынуға  деген  ықылас  қоздыруға  бағытталған  кез 

келген  қасақана  әрекеттерді  (көндіру,азғыру),  ұсыныс  жасау,  кеңес  беру,  шатастыру,  алдау,  қорқыту,  т.б), 

есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру деп түсіну керек. Көндірілуші тұлғаның 

есірткіні  тұтынғанына  немесе  кейбір  себептерге  қатысты  (көндірілуші  тұлғаның  тұтынудан    бас  тартуы, 

басқа  тұлғалардың  араласуы,  т.б.)  тұтынбағанына  қарамастан,  есірткі  заттарды  не  жүйкеге  әсер  ететін 

заттарды тұтынуға көндіру мақсатымен тұлғаға жасалған ықпал іске асқан сәттен бастап қылмыс аяқталған 

болып  табылады.  Айта  кететін  жағдай–жауаптылықтың  орын  алуы  үшін  көнуші  тұлғаның  бұған  дейін 

есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынғандығы маңызды емес. 

 

тақырып. Эколологиялық қылмыстар 

1. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу (277-б.).  

2. Атмосфераны ластау (282-б.). Теңіз аясын ластау (283-б.).  

3.  Қазақстан  Республикасының  құрылықтық  шельфі  туралы  және  Қазақстан  Республикасының 

айрықша экономикалық аймағы туралы заңдарды бұзу (284-б.).  

4. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу (287-б.).  

5. Заңсыз аңшылық (288-б.). 

Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу. 

Қылмыстың  объектісі  –  шаруашылық  немесе  басқа  да  қызметтердегі  әрекеттерді  жүзеге  асырудағы 

экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қарым-қатынастары. 

Қылмыс  аяқталған  болып,  ҚК  277-бабы  диспозициясындағы  зиянды  зардаптардың  түсуі  кезеңінен 

саналады.  

Шаруашылық  және  өзге  де  қызметке  қойылатын  экологиялық  талаптардың  бұзылуы,  сәйкес 

ережелерді адамның орындамауы немесе сол ережелерге тиіссіз қарауымен сипатталынады.  

Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  зиянды  зардаптардың  түсуіне  байланысты  қасақана  немесе 

абайсыздықта болуы мүмкін (олардың анықтамасы ҚК 20 және 21-бабында сипатталған). 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған есі дұрыс адам танылады.  



 Атмосфераны ластау. Теңіз аясын ластау. 

Аталған қылмыстың объектісі – болып адам өміріне қажетті табиғи ортаның ластануынан сақтаудағы 

аса  маңызды  болып  табылатын  атмосфералық  ауаның  қауіпсіздігін  сақтаудағы  қоғамдық  қатынастары 

табылады. 

Қылмыстың  заты  болып  –  тек  атмосфералық  ауа  танылады.  Өндіріс  орындарындағы  ауаның 

ластануы,  қылмыстың  белгілері  болуына  қарай  ҚР  ҚК  152-бабы  ("Еңбекті  қорғау  ережелерін  бұзу") 

бойынша дәрежеленуі мүмкін. 


 

27 


Қылмыстың  объективтік  жағы,  атмосфераға  ластайтын  заттар  шығару  ережелерін  немесе 

қондырғыларды,  құрылыстарды  және  өзге  де  объектілерді  пайдалану  ережелерін  бұзу,  егер  бұл  әрекеттер 

ауаның табиғи қасиеттерінің ластануына немесе өзге де өзгеруіне әкеп соқтыруынан көрінеді. 

Қылмыс  аяқталған  болып,  ауаның  ластануы  немесе  оның  табиғи  қасиеттерінің  өзгеруі  сәтінен 

саналады. 

Қылмыстың  субъективтік  жағы  (ҚК  282-бабы  1  және  2  бөлігі),  жанама  қасақаналық  нысанмен 

сипатталады, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер, абайсыздықта болып саналады. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған есі дұрыс қандай да болмасын (лауазымды адам болуы да 

мүмкін) адам. 

ҚК  282-бабы  2-бөлігі,  адамның  денсаулығына  зиян  келтіруге  әкеп  соққан  нақ  сол  әрекеттер  үшін 

қылмыстық жауаптылық көздеген. 

Теңіз аясын ластау. Қылмыстың объектісі – теңіз аясының ластануын сақтаудағы немесе қорғаудағы 

экологиялық қауіпсіздік. 

Қылмыстың заты – ішкі теңіз ортасы, ашық теңіз, теңіздің тірі ресурстары немесе теңіз аясы. 

Қылмыстың объективтік жағы – құрғақтағы көздерден не көлік құралдарынан немесе теңізде тұрғы-

зылған жасанды құрылыстардан адамның денсаулығы мен теңіздің жанды ресурстары үшін зиянды не теңіз 

аясын заңды пайдалануға кедергі келтіретін заттар мен материалдарды көму немесе тастау ережелерін бұзу 

салдарынан теңіз аясын ластау.  

Қылмыс аяқталған болып, теңіз аясын ластауы сәтінен басталады.  

Қылмыстың  субъективтік  жағы  бойынша  жанама  қасақаналық,  ал  адамның  өліміне  әкеп  соққан 

әрекеттер (ҚК 283-бабы 3-бөлігі) абайсыздық түрінде жасалынады. 

Қылмыстың  субъектісі  –  теңіз  аясын  заңды  пайдалануға  кедергі  келтірілген,  заттар  мен 

материалдарды көму немесе тастау ережелерін бұзған, ақыл есі дұрыс 16-жасқа толған адамдар. 

Үшінші сұрақты талқылау: Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан 

Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы. 

Қазақстан  Республикасының  құрлықтық  шельфі  болып  –  жер  қойнауы  және  теңіз  түбінің,  яғни  200 

метр  тереңдіктегі  немесе  одан  жоғары  қабаты  танылады.  "Құрлықтық  шельф"  термині  сонымен  қатар 

теңіздің жағалаумен ұштасқан аумақтарындағы жер қойнауына да қатысты қолданылады. 

Қылмыстың  объектісі  болып  –  ҚР-ның  құрлықтың  шельфі  және  айрықша  экономикалық  аймақтар 

туралы заңдарды қорғаудағы туындайтын қоғамдық қатынастары табылады. 

Қосымша объектісі болып – теңіздегі кеме жүрісінің қауіпсіздігі танылады. 

Қылмыстың  объективтік  жағын:  Қазақстан  Республикасының  құрлықтық  шельфінде  заңсыз 

құрылыстар  тұрғызу;  олардың  айналасына  немесе  Қазақстан  Республикасының  айрықша  экономикалық 

аймағында  қауіпсіздік  аймақтарын  заңсыз  құру;  салынған  құрылыстардың  және  теңіздегі  кеме  жүрісінің 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерін бұзуы құрайды. 

Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу. 

Қылмыстың  объектісі  болып,  Қазақстан  Республикасы  суларында  табылатын,  су  жануарлары  мен 

өсімдіктерінің  қалыпты  экологиялық  ортада  өмір  сүруін  қамтамасыз  етудегі  қоғамдық  қатынастары 

табылады. 

Қылмыстың субъективтік жағы – қасақаналық болып танылады, яғни кінәлі адам су жануарлары мен 

өсімдіктерін заңсыз алудың қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның зардаптарының болуын тілейді және оның 

болуына саналы түрде жол береді. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған есі дұрыс кез келген адам. 



 Заңсыз аңшылық. 

Заңсыз аңшылыққа, мемлекетіміз қылмыстық жауаптылықты белгілей отырып, жануарлар әлемін әр 

түрлі қол сұғынушылықтан қылмыстық-құқықтық шаралармен қорғауды өз алдына мақсат етіп қойған. 

Қылмыстың объектісі болып – жануарлар әлемін қорғау мен оларды тиімді пайдаланудағы қоғамдық 

қатынастары танылады. 

Қылмыстың  текті  объектісі  –  әрбір  азаматтың  қоршаған  ортаға  қатысты  қалыпты  тұрғыдағы 

құқықтық көзқарасы. 

Заңсыз аңшылықтың қылмыс заты болып – жабайы аңдар, құстар, яғни адам еңбегінің қатысуынсыз, 

еркіндікте өмір сүретін барлық жануарлары табылады. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, есі дұрыс кез келген адам. 

278-бап.  Ықтимал  экологиялық  қауіпті  химиялық,  радиоактивті  және  биологиялық  заттарды  өндірумен 

пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы 

Қылмыстың объектісі болып экологиялық қауіпсіздіктің қарым-қатынасы табылады.  

Қылмыстың заты болып, химиялық, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттары табылады. 

Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  ҚК  278-бабы  1-бөлігі  бойынша  көбінесе  тікелей  қасақаналықпен 

жасалынады,  кейбір  жағдайларда  абайсыздықтың,  немқұрайдылығымен  жүзеге  асырылуы  да  жоққа 

шығарылмайды. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған,  есі дұрыс қандай да болмасын адам. 

ҚК  278-бабы  2-бөлігі  бойынша,  қоршаған  ортаның  ластануына,  улануына  немесе  зақымдануына, 

адамның  денсаулығына  зиян  келтіруге,  не  жануарлар  немесе  өсімдіктер  дүниесінің  жаппай  құрып  кетуіне 



 

28 


әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған нақ сол әрекет үшін қылмыстық 

жауаптылық белгіленген. 



 281-бап. Суларды ластау, бітеу және сарқу 

Қылмыстың  объектісі  –  жануарлар  немесе  өсімдіктер  дүниесіне,  балық  қорына  немесе 

ауылшаруашылығына қажетті су ресурстарының қауіпсіздігін сақтаудағы қоғамдық қатынастары танылады. 

ҚР  31  наурыз  1993  жылғы  "Су  кодексі"  негіздеріне  сәйкес,  арнайы  анықтаушы  термин  ретінде  " 

Сулар" болып, яғни мемлекеттік-құқықтық реттелуге жататын, су қоймаларының жиынтығын құрайтын заң 

тұрғысында белгіленген түсінік болып танылады. 

Аталған  қылмыс  құрамының  объективтік  жағының  міндеттік  белгісі  болып,  судың  ластануы  мен 

түскен зиянның арасындағы себептік байланысы аталады. 

Қылмыс құрамы материалды болып танылады. 

Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  кінәліктің  2-нысанымен  сипатталады.  Қылмыстың  зардабына 

қатысты кінә тек – абайсыздық. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған есі дұрыс, қандай да болмасын адам. 

ҚР  ҚК  281-бабы  2-бөлігінде,  адамның  денсаулығына  зиян  келтіруге  немесе  жануарлар  немесе 

өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше 

экологиялық жағдай аумағында жасалған нақ сол әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. 

285-бап. Жерді бүлдіру 

Қылмыстың  объектісі  болып,  жерді  улау,  ластау  немесе  бүлдіруден  сақтаудағы  қоғамдық 

қатынастары табылады. 

Қылмыстың заты болып жердің қандай да болмасын қасиеттері танылады.  

Аталған  қылмыс  құрамы    құрылысына  қарай  –  материалды  қылмыс  және  оның  аяқталуы  болып, 

адамның денсаулығына  немесе  қоршаған ортаға зиян келтіруге, жердің табиғи қасиеттерінің нашарлауына 

әкеп соқтыруынан бастап танылады.  

Қоғамға қауіпті әрекет пен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыс анықталуы қажет. 

Қылмыстың субъективтік жағы, кінәнің жанама қасақаналық нысанымен сипатталады. 

Қылмыстың  субъектісі  болып  –  16  жасқа  толған  есі  дұрыс,  қандай  да  болмасын  адам  танылады, 

сонымен қатар жерді пайдалануда оның қауіпсіздігін сақтаудағы жауапты болып танылатын және де оның 

бүлінуінен т.б. жағдайларды тікелей қадағалауды жүзеге асырушы арнайы субъект болуы мүмкін. 

ҚК 285-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс құрамының дәрежеленген, яғни төтенше экологиялық жағдай 

аумағында жасалған нақ сол әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. 

293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы 

Қылмыстың  объектісі  болып  –  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  режимін  сақтаудағы  қоғамдық 

қатынастары  танылады.Қылмыстың  заты  болып  –  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардағы  режиммен 

реттелетін, жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері табылады.  

Қылмыстың объективтік жағы – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимінің бұзылып, елеулі 

зиян келтірілуі. 

Аталған  қылмыс  құрамының  ҚК  293-бабы  1-бөлігінің  міндетті  белгісі  болып  табиғи  аумақтар 

режимінің бұзылып, елеулі зиян келтіруі табылады. Қылмыстың субъективтік жағы кінәліктің нысаны, қа-

сақаналықпен  сипатталады.  Қылмыстың  дәрежеленуі  үшін  себеп  пен  мақсат  ескерілмейді,  бірақ  жаза 

тағайындауда сотпен ескерілуі мүмкін. 

Қылмыстың субъектісі – есі дұрыс 16 жасқа толған кез келген адам танылады. 

Қазақстан Республикасы ҚК 293-бабы 2-бөлігі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік 

табиғи-қорық қорының объектілерін қасақана зақымдау немесе жою елеулі зиян келтіруге әкеп соқтырғаны 

үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейді. 

 294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою 

  жөнінде шара қолданбау 

Қылмыстың объектісі болып – қоршаған табиғи орта табылады. 

Қылмыстың объективтік жағы болып – мыналар танылады: 

а) экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру шара-

ларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргізуден жалтаруы; 

б) экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтіру шара-

ларын жүргізу міндеті жүктелген адамдардың осындай шараларды тиісінше жүргізбеуі; 

в) адам өліміне, не адамдардың жаппай ауыруына,  не  қоршаған орта үшін өзге де ауыр зардаптарға 

әкеп соқтыруы; 

г) әрекет пен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыстың болуы. 

Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  кінәліктің  нысаны  бойынша  қасақаналық  болып  табылады,  яғни 

кінәнің екі нысанымен жасалады. 

Қылмыстың субъектісі – арнайы, яғни экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолдануға 

міндетті болып танылатын адам. 

280-бап.  Ветеринарлық  ережелердің  және  өсімдіктердің  аурулары  мен  зиянкестеріне  қарсы  күресу 

үшін белгіленген  ережелердің бұзылуы 


 

29 


Қылмыстың  объектісі  –  жануарлар  мен  аңдарды  қорғаудағы  ветеринарлық  ережелердің  және 

өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерді сақтаудағы қоғамдық 

қатынастар. 

Қылмыстың заты – жабайы немесе үй жануарлары, құстар, балықтар т.б. 

Қылмыстың объективтік жағы – ветеринарлық ережелерді бұзу індеттерге немесе өзге де зардаптарға 

әкеп соқтыруы. 

Қылмыс  аяқталған  болып,  ҚК  280-бабы  1-бөлігі  диспозициясында  белгіленген  зардаптың  кез 

келгенінің түсуінен бастап ескеріледі. Қылмыс құрамы –материалды. 

Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  кінәліктің  абайсыздықтағы  нысанымен  сипатталады.  Зардаптың 

түсуіне байланысты тек қана абайсыздықтағы кінә. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, жеке немесе ветеринарлық ережелердің бұзылуына тікелей 

міндетті болып танылатын оларды қадағалауды жүзеге асырушы арнайы адам.  

ҚК  280-бабы  2-бөлігі,  өсімдіктердің  аурулары  мен  зиянкестеріне  қарсы  күресу  үшін  белгіленген 

ережелерді бұзу, ауыр зардаптарға әкеп соқтырғаны үшін қылмыс-тық жауаптылықты белгілейді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет