Дәрістер кешені



бет4/27
Дата26.02.2023
өлшемі91,59 Kb.
#69967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Қорытындылай келсек, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі кездегі дамуы оның алғашқы сатыдан әрі қарай айтарлықтай қозғала қоймағандығын аңғартады. Сол себепті Қазақстанда шынайы жергілікті өзін-өзі басқару институты қалыптаса қойған жоқ. Оның басты себептері мыналар: 1) билік басындағылардың жергілікті өзін-өзі басқаруға деген немқұрайлы қатынасы;
2) жергілікті өзін-өзі басқару институтының тұрғындардың мәселелерін шешудің тиімді құралынан гөрі билікке «демократиялық бейне» жасаудың құралына айналуы;
3) тұрғындардың өзіндік ұйымдасу дағдысының толықтай өмір шындығына айналмауы.
Сонымен қатар Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруда жүйелік пен кешенділіктің жоқтығы саяси өмір шындығына айналып отыр. Ал жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық мәртебесінде екі жақты пайымдауларға жол берілуде. Конституциялық мәртебенің шикілігі жергілікті өзін-өзі басқару туралы арнайы заңның жоқтығымен қосылғанда аталмыш сала бойынша мәселелердің үлкен шоғырын қалыптастырды. Мәслихаттар мен әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде мойындалуы тек мәртебе тұрғысынан өзгерістер әкелді. Құзыреттердің конфигурациясына айтарлықтай әсер етпеді. Әкімдер қос қызметтілік жағдайында халық еркінен дербес болып қалуда. Сонымен қатар мәслихаттар мен әкімдер қызметтері жаңа жағдайда жіті талқылаудан өтпеді. Мәслихаттардың сайлануы мен әкімдердің тағайындалуында айтарлықтай өзгерістер болмады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары міндеттерінің нақтыланбауы да ахуалды күрделендіріп отыр.

1-ші дәріс. Әлеуметтік жүйені басқару әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде.
Тақырып. Ғылым және ғылыми әдіс. Ғылыми зерттеулердің түрлері
Негізгі мақсаты: Ғылым және ғылыми әдіс. Ғылыми зерттеулердің түрлерін жалпылыама тоқталу
Негізгі түсініктер: жүйелілік принцип, нақтылыққа көшу методы, абстракция, теория, практика ұғымдары
Жоспары:

  1. Басқару процестерінің негізгі элементтері.

  2. Әлеуметтік жұмысты басқарудың мазмұны.

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді.
«Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі, Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты - әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты.
Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:
-Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;
-Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;
-Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
-Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;
-Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;
Әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуы.
Бұл қамқорлық адамзат қоғамында емес, тіпті зерттеулер бойынша жан-жануарлар тіршілігінде де кездеседі. Мәселен, пілдер тобыр болып жүргенде ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік қорғау ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның» 22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет