ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Пәннің атауы: Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік, ұйымдастыру және басқару
Астана – 2012
1-ші дәріс. Әлеуметтік басқарудың негізгі бағыттары және ұйымдастыру құрылымы
Тақырып. Ғылым және ғылыми әдіс. Ғылыми зерттеулердің түрлері
Негізгі мақсаты: Ғылым және ғылыми әдіс. Ғылыми зерттеулердің түрлерін жалпылыама тоқталу
Негізгі түсініктер: жүйелілік принцип, нақтылыққа көшу методы, абстракция, теория, практика ұғымдары
Жоспары:
Әлеуметтік басқарудың негізгі бағыттары.
Ұйымдастыру құрылымы, жергілікті өзін өзі басқару ретінде.
Әлеуметтік басқарудың түрлері көп деп айтсақта болады, солардың бірі жергілікті өзін өзі басқару. Тоталитарлық жүйе құрсауынан күні кеше ғана шыққан еліміз алғашқы мезеттен бастап-ақ демократиялық мемлекет құруды жария еткен болатын. Тоталитарлық жүйеден мұра болып қалған билік институттары жаңа жағдайға байланысты реформалауды қажет етті. Сонымен қатар, коммунистік партияның 70 жылдық басшылығы кезінде тұншықтырылған, тіпті жойылған демократияның бірсыпыра институттарын қайта орнату мәселесі туындады. Бұл қатарда жергілікті өзін-өзі басқару институтын енгізудің маңыздылығы өте жоғары еді. Демократиялық елдер өмірінің ажырамас бейнесіне айналған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін біздің қоғамның аяғына нық тұрып кетуінің және қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етудің тиімді құралына айналдыру уақытты созғанды қаламады.
Соған қарамастан, төменнен басталған өзіндік ұйымдасудың алғашқы қадамдарына ел басшылығы немқұрайлылық танытты. Ал билік вертикалін қатаңдатуға бағытталған іс-шаралар елдің қай бағытта дамитындығын айқындағандай болды. Дегенмен, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кеңінен тартылуы жүйеге демократиялық рең беруді ел басшылығының алдына қойды. Жергілікті өзін-өзі басқару жаңа конституциямызда орын алған соң, ол туралы арнайы заңды қабылдау күн тәртібіне шықты. Бірнеше заң жобалары дайындалғанымен, барлығы Парламенттен өте алмады. Арнайы заңды жақын арада қабылдау қиындай түскендіктен, бұл мәселені конституциялық өзгерістер арқылы ғана шешуге болатын еді. Нәтижесінде 2007 жылғы конституциялық өзгерістерге сәйкес мәслихаттар мен әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару институты болып табылатындығы бекітілді. Әрине, бұл өзгерістер өз кезегінде аталмыш сала бойынша бірсыпыра заңнамалық актілерге де өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістер еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мазмұндық сипатына айтарлықтай әсер етпегенімен, оның белгілі бір құрылымды иеленуіне әкелді. Тиісті елді-мекен тұрғындарының өз мәселелерін шешудегі дербестігі толық қамтамасыз етілмегенімен, бұл қадамды келешектегі үлкен өзгерістердің басы деп есептеуден басқа амалымыз қалмайды.
Біздің жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру үшін оның тиімді құрылымдық үлгісін таңдау бірден-бір шешім болмақ. Осы ретте жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының негізгі үлгілерін қарастырып, соның негізінде еліміздегі қазіргі құрылымды салыстыра сипаттау үлкен назар аудартады.
Басты айырмашылықтарына байланысты нақты бір мемлекеттегі жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының негізгі төрт үлгінің біріне тиістілігі туралы айтуымызға болады. Ол үлгілер мыналар:
1) «Кеңес – комитеттер жүйесі» үлгісі;
2) «Басқарушы (атқарушы) комитет үлгісі»;
3) «Кеңес – менеджер» үлгісі;
4) «Күшті мэр» үлгісі [1].
Достарыңызбен бөлісу: |