Бастапқы кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау
объектісінің қазіргі жағдайын талдау, диагностикалау, бағалау: орын алып
отырған қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау; осы бағыттағы ғылыми –
зерттеулерді талдау; проблеманы теориялық негіздеу; жобаны ресурстармен
қамтамасыз ету. Бұл кезеңнің нәтижесі – жобалаудың қажеттігін анықтау,
оны ақпараттық –материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті
жағдайлар туғызу.
Негізгі кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау мақсатын
айқындау; мақсатқа қол жеткізетін жолдарды болжау; жобаның шектелу
аясын белгілеу; жобалау идеясын тұжырымдау, немесе, тұжырымдамасы;
жобаның тұтас бағдарламасын, жоспарын жасау; бақылау түрлерін анықтау.
Екінші кезеңнің нәтижесі – объектінің құжаттық жобасын жасау, олар:
тұжырымдамасы, моделі, бағдарламасы, жоспары.
Жүзеге асыру кезеңі. Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны
байқаудан өткізу орындалады. Нәтижесі –жүйенің жаңа сапаға өткендігін
назарға алу.
Қорытынды кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобаны және
оны эксперименттік байқаудың сапалық нәтижелерін бағалау; жобаның
тиімділігін тәуелсіз эксперттердің бағалауы; пайда болған проблемаларға
сыни рефлексия жасау; жобаның нәтижелерін қорытындылау, түзетулер
енгізу. Бұл кезеңнің нәтижесінде жобаға қажетті өзгерістер ендіріледі.
Жобалау технологиясы желілік түрде ұйымдастыруды қажет етеді.
Өйткені, педагогикалық мақсат қою, мотивациялар мен құндылықтық
ұстанымдарында қалыптасқан түсініктерді өзгерту қатысушылардың іс –
әрекет дағдыларын өзгертуден басталады. Ол үшін барлық дербес және
ұжыммен орындалатын қызметтердегі әркімнің өзіндік дамуы мен ұжым
дамуындағы ортақ мүдделерді айқындап, тиімді әрекеттерге жетелейтін
жағдайды қалыптастыру қажет болды.
Жобалау әр адамның ұжымдағы ролі мен жауапкершілігін арттыруды
көздейтін болғандықтан, иерархиялық – жоғарыдан төмен қарай басқару
жүйесінің орнына жобалық командаларға негізделген өзара желілік
байланыста болатын шағын топтар құрылды. Соған орай, бұрынғы
құрылымдағы басқарудың негізгі құралы – қатаң бақылаудың орнына
педагогикалық қызметкерлердің өзіндік тәртіпке, тапсырылған істі
орындауға деген мотивациялық - стимулдық орта тудырылды. Қатаң
бақылау мен әкімшілік әрекеттер қолдау көрсету, бірлесе орындау, нәтижені
өзіндік бағалау әрекеттерімен ауыстырылады.
Жобалау технологиясы ұйымдастыру әрекеттерінің жаңа түрін
қалыптастырады, оларға тән ерекшеліктер:
– жаңа қажеттіктерді қанағаттандырады;
– проблемалардың шешімін табу жолдарында дәстүрлі тұрғыға
қарағанда елеулі айырмашылықтар болады;
– дамытушылыққа бағытталады.
Инновациялық өзгерістер жағдайында білім беру ұйымында жүзеге
асырылатын жобалау технологиясына төмендегідей талаптар қойылады:
1) Жобаның икемділігі;
2) Жобаның күтілетін нәтижесі инновациялық өзгерістерге
әкелуі;
3) Өзгерістің
тиімділігі мен оны орындауға кеткен
шығындардың сәйкестендірілуі;
4) Жоба барысында болуы мүмкін қолайсыздықтарды есепке
алу;
5) Жобалау барысында ұжымда құрылымдық өзгерістер
жасау мүмкіндігін қарастыру.
Бұдан
көрініп
тұрғандай,
басқарудағы
жобалау
әдістерінің
қалыптасқан ұйымдастыру мен басқарудан өзгешелігі аз емес. Атап
айтқанда, дәстүрден тыс әдістер:
– желілік ойлау дағдыларын қалыптастыру;
– шығармашылық белсенділікті көтермелеу;
– жобаны жүзеге асырудығы топтық (командалық)
бірлестіктер.
Олардың қажеттігі келесі факторлармен айқындалады: жобаның
матрицалық құрылымы; жұмыс барысының уақытшалық сипаты; шешуін
қажет ететін проблемалардың негізінен пәнаралық және интегративтік
сипатта болуы; педагогтарды мен білім алушылардың шығармашылық
әлеуетін желілік сипатында нығайту қажеттігі тууы; шешілуі қажет
проблемалардың негізінен стандарттық қалыптан өзгеше болуы.
Басқарушыларды жоба жетекшілері ретінде арнайы дайындағаннан
кейін, олардың алдына өздері қызмет істейтін ұйымды дамытудағы өзекті
проблемаларды анықтау, оны шешуге арналған мақсатты жобалар
құрастыру, жүзеге асыру, нәтижесін талдау және бағалау міндеті қойылдаы.
Ол үшін, ең алдымен, сан алуан инновациялардың ішінен педагогикалық
Достарыңызбен бөлісу: