Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


-семинар  Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты



Pdf көрінісі
бет13/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   315
1-семинар 

Жобалаудың мәдени – инновациялық сипаты. 

 

Өркениет дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде ұйымдастырушылық 

әрекеттердің  негізгі  түрлері  пайда  болды,  оны  бүгінгі  зерттеушілер 

ұйымдастырушылық  мәдениет  деп  белгілеп  отыр.    Қазіргі  әлеуметтік 

жүйелерде  ұйымдастырушылық  мәдениеттің  жобалауға  негізделген  түрі 

пайда  болуын  ғалымдар  түрліше  түсіндіреді.  Мысалы,  ХХ  ғасырда 

әлеуметтік–мәдени  жүйелерді  интеллектуалдық  ұйымдастыру  теориясымен 

қатар  олардың  жобалау  бағдарламаларын  құрастыру  мен  жүзеге  асыру 

теориялары  кеңінен  тарай  бастады.    Сонымен  қатар,  оның  негізіне  тек 

теориялық  білімдер  емес,  көбіне  осы  бағыттарды  тәжірибелік  талдау 

қызметтері  алынғаны  байқалады.  Бұған  дейінгі    ұйымдастырушылық 

мәдениетте  теориялық    таңбалаудың  жаңа  түрлері  –  модельдер, 

алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б.  –    жасалған болатын, кейін бұлардың 

барлығы  да  жаңа  теориялар  құрастыруға  негіз  болып  отырды.    Осылайша 

таңбалар түрінде пайда болған жаңа теориялар мен технологиялар алынатын 

өнімді  ғана    емес,    жалпы  технологияларды,      бағдарламаларды  жобалау 

қызметін ұйымдастырудың басты түріне айналды.  




     В.А.Никитин  дәстүрлі  ұйымдастырушылық  мәдениетті  адамзат 

қоғамы  дамуының  ең  алғашқы  кезеңдері  деп  қарастырып,    ондағы  әрекет 

жолдары 

мен 


амалдарын 

сол 


қоғам 

тұрғысынан 

сипатттайды. 

Корпоративтік  -  қолөнерге  бағытталған  ұйымдастырушылық  мәдениеті 

ортағасырлық  діни  иерархия  құрылымы,  қалалар  мен  университеттер 

жағдайларындағы  білім  мен    дағдыларға  үйрету  әдістері  түрінде 

қарастырылады.  Одан  кейінгі  кәсіби  (ғылыми)  ұйымдастырушылық 

мәдениетті  барлық  бағыттардағы  кәсіби  орталарды  біріктіретін  әрекет 

ретінде ғылым алынады, кәсіби мәдениеттің негізіне ғылыми білім қойылып, 

барлық  материалдық  және  рухани  өндірістердің  негізіне    білім  мен  ғылым 

жатқызылды.  Сөйтіп,  бірнеше  ғасыр  бойына  ұйымдастырушылық 



мәдениеттің кәсіби түрі жетекші роль атқарып келді. 

ХХ  ғасырдың  аяғына  қарай  ұйымдастырушылық  мәдениеттің 

дамуында қайшылықтар пайда бола бастады, олар: 

− ғылыми құрастырылған дүниенің біртұтас бейнесі мен ғылымның өзі 

туындатқан  парадигмалар  ауысуынан  пайда  болған    ғылыми  білімнің 

құрылысы арасындағы қайшылық; 

− 

ғылыми 


білімнің 

қарыштап 

дамуы, 

оны 


өндірудің 

технологияландырылуы,  дүниенің  біртұтас  бейнесінің  өзгеруіне,  соған 

сәйкес, кәсіби бағыттардың бірнеше мамандықтарға бөлшектеніп кетуі;  

−  қоғамның  тегіс  салалануымен  қатар,  көпмәдениеттіліктің  дамуы,  әр 

мәдениеттің  өз  тарихы  мен  өзін  танытуға  ұмтылуы  бұрынғы  «жаппай 

европалану» үрдісінен мүлдем бөлек қалыптасуда. Сонымен қатар, дәстүрлі 

ғылыми  модельдер  мүмкіндіктерінің  шектеулі,  универсалды  болмауы 

ұйымдастырушылық мәдениеттің технологиялық (жобалық -технологиялық)  

түрін қажет ете бастады. 

Осы  үдерістер  өзімен  бірге  әлемдегі  саяси,  экономикалық,  қоғамдық 

және мәдени ситуациялардың тұрақсыздануы мен өзгермелілігін алып келді, 

сөйтіп, бірінен соң бірі пайда болып жатқан жаңа жағдайлар тәжірибенің де 

үнемі өзгеріп отыруын қажет етіп отыратыны белгілі болды.  

Жобалаудың иновациялықты  дамытудағы ролі. «Инновация» термині 

ғылымға  XIX  ғасырдан  бері  қоғам  дамуын  көрсететін  қажетті 

көрсеткіштерінің бірі ретінде белгілі болды. Ең әуелі бұл ұғым антропология 

және  этнография  ғылымдарында  пайдаланылып,  мәдени  өзгерістерді 

зерттеулер барысында «дәстүрлі» деген түсініктің қарама қарсы мәні ретінде 

қолданылды. XX ғасырдың басында «инновациялық жаңғыртулар» терминін 

экономика  саласы  кеңінен  пайдаланып,  шаруашылық  субъектілерінің 

кәсіпкерлік  табыстарын  қамтамасыз  ететін  элементтер  комбинациясы 

ретінде  қарастыра  бастады.  30-жылдардан  бері  бұл  түсінік  менеджерлер 

арасында  белгілі  бір  «фирманың  инновациялық  саясаты»  термині  ретінде 

кеңінен  тарап,  инновация  «дәстүрлі»  үғымына  қарама  қарсы  колданылатын 

болды.   

Н.Г.Алексеев    жобалауды  жүзеге  асырудағы  екі  кезеңді  бөліп 

көрсетеді.  Оның  бірінші  кезеңі  қоғамдағы  жалпы  өзгерістермен  тығыз 

байланысты болып, жобалау қызметінде  еркіндіктерге ие болған кездермен 



сипатталады. Бұл кезеңде стихиялық жобалау тәжірибесі, әсіресе білім беру 

саласында,  кеңінен  қанат  жайып,  өз  «жобаларын»  құрастыру  мен  ұсыну 

жаңашыл  мұғалімдерден  бастап  білім  мекемелеріне  дейін  орын  алды.  Осы 

жағдайларды  талдау  қорытындылары  жобалау  тәжірибесі  мен  оның 

мәдениеті  қалыптаспағандығын  көрсетіп,  жобалауға  мәдени  түр  беру,  оны 

мәдени  тәжірибеге  айналдыру  міндетін  алға  қойған  болатын.  Сөйтіп, 

жобалаудың  екінші  кезеңі  басталды,  ресейлік  және  отандық    ғалымдар  осы 

кезеңнен бастап жобалаудың педагогикадағы инновациялардың мәдени түрі 

деп белгіленуіне негіз қалыптасты деп санайды.  

Жобалаудың мәдени контекст алуы оны басқа ғылымдар тұрғысынан, 

соның  ішінде,  педагогикалық  –  психологиялық  тұрғыдан,  педагогика 

тарихында қалыптасқан үрдістерге сай зерделеуге мүмкіндік берді.    

 Инновациялық 

үрдістерді  жобалау  негізінде  мәдени  дамыту 

тәжірибесі екі түрлі бағытта қалыптасқандығын айта кету керек. Біріншісін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет