Гессен).
ХХ ғасырдың бірінші жартысында технология мен білім беру түрлі
педагогикалық ой жобалаудың әдісі ретінде таралды. Американ философы
және педагогы Дж. Дьюи, жобалау әдісінің негізіне көңіл аударды, ол
балалық шақты өз бетіншілік және адамның қымбат кезеңі деп қарастырған.
Дж. Дьюи мектепті, баланы өзімен жастылармен, үлкен адамдармен бірлесіп
жұмыс істеуге, қоршаған дүниеде өмір сүруді үйрететін, сонымен қатар
білім алатын жер деп қарастырған. Білім беру оқушылардың жеке
тәжірибесімен олардың қызығушылық қажеттеліктеріне байланысты болуы
қажет. Оқытудағы негізгі тәсіл қоршаған өмірді жобалық түрде зерттеу
болып табылады. Түрлі іс-әрекеттерді, жеке топта болсын, мұғалім немесе
басқа адамдардың қолдауымен жүзеге асырылса да, балалар өз бетінше
ойлап, жүзеге асырып, талжап және баға беріп, орындаулары қажет (См.,
Dewey J. Experience and Eduction.-N.Ү., 1938).
Жобалау әдісінің Дальтон-жоспарын атап айтқан жөн (Дальтон-план- схема
индивидуального обучения, разработанная Е. Паркхерст в г. Дальтон
(США) в начале 1920 г.), ең негізгі ерекшелігі оқу жоспарының
құрастырылуы мен жеке әр оқушыға оқыту құралдарын құру болып
табылады.
Бала ыңғайлы темпте қозғалып, қажеті уақытта басқа адамдармен
араласып, мұғалімге сұрақтармен жолыға алатын. Дальтон-жоспарының
мақсаты бойынша, білім берудегі жинаған білімнің бағасы балаға қажетсіз
екендігі ескеріледі.
Педагогика аясындағы жобалауды іс-әркет түрінде ендірген Дж.
Дьюидің ізбасары В.Х. Клипатрик болған, «Мақсатты іс-әрекетті шын
жүректен жүргізген, танымал қоршаған орта талабында көрінген, оқушының
ерекше түрі» (Клипатрик В.Х. Метод проектов.- Л., 1925.- С. 42). В.Х.
Клипатрик жаңа педагогикалық жүйенің ең негізгі үш компонентін атаған;
табиғат пен оқушылардың қызығушылықтарынан шыққан, оқыту құралы;
мақсатты әрекет; өмірдің қайта құрылуы мен жоғарғы сатыға көтерілуі,
тоқтаусыз ретінде оқыту. Бұндай деңгейде жобалау әдісі «мақсаттық әрекет»
ұйым арқылы оқыту, оқушылардың нақтылы жағдайына жөн табуға
мүмкіншілік беретін кезең. Білім берудің мақсаты оқушыларды мәселені
шешуде, ізденуде, зертеуде әдістермен қаруландыру болып табылады.
1920 жылы Клипатрик (См.: Коллингс Е. Опыт работы американской школы
по методу проектов. – М., 1926. Основы метода (1925, русски перевод- 1928);
Тәрбие өркениетті өзгерту шарты бойынша, жобалаудың төрт түрін айтуға
болады;
1.
өндірушілік;
2.
пайдаланушылық, соның ішінде ойын-сауықпен байланысты;
3.
жобалаудың мәселе мен интеллектуалды қиыншылықтарды шешуі;
4.
жаттығу-жобасы.
Білім беру бағдарламасы, осы әдіс негізінде салынған жобалардың өмірлік
тапсырмалармен, шыққан топтамалармен байланысты салынған. Әр жаңа
жобаның орындалуын (баланың өзімен ойластырылған, топпен, сыныппен,
мұғалімнің қатысуынсыз немесе өз бетінше) бірнеше қызықты, қкжетті және
шынайы өмірмен байланысты тапсырмаларды шешу қажет болады. Баланың
өз мүмкіншіліктерін басқалардың күштерімен салыстыруды үйренулері талап
етіледі. Жеміске жету үшін, оған жаңа білімді тауып және соған сүйене,
нақтылы жұмыс ұсыну қажет болады. Бір ғана емес, тұтас кешенді мәселені
шешуге мүмкіншілік беретін, оны орындауға түрлі саланың білімі болуы
талап етілсе, сол жобалау идеалды деп санаған. Өмірдегі нақтылы
тапсырмаларды шешу, бір-бірімен қарым-қатынас құрып өмірді таниды,
балалар өздеріне шынайы өмірдегідей қажетті білімі кешенді түрде алады.
Олар білімді өз бетінше алып оқиды.
Алғашқыда жобалауды педагогтар білім беру құралы ретінде тар мағанада
қолданды. Оның көмегімен білім беру үрдісінде белсенді оқыту құралы мен
оқушы ұстанымының меңгеруіне тәжірибе жасалып көрген. Сол кездегі көп
таралған жобалау түрі қалалық мектеп жағдайында орындалады, ол жерде
жобалау мазмұны мен пәнді оқумен байланысты болған, алайда аулыдық
мектептердегі оқушылар қызығушылықтарына сүйенетін болсақ, жобалау
жүйесі табиғи жолмен шынайы өмірде енді. Жобалау өндіру түрі бола алды..
Оған жобалау әдебиеті, географиялық «саяхаттауды» жатқызамыз. Бұндай
мектептерде жұмыс істеу тәжірибесі балалардың шынайы өмірде өздерін
оқыту бағдарламасының мақсаты негізінде көрсетеді. «На путях к новой
школе» 1929 жылы кеңес кезіңіндегі журнал американдық мұғалімдердің
жобалау әдісті тәжірибеде қолданулары жайында жазылған.
Американдық мектептерде жобалау әдісі кең түрде түсінеді. Жобалау оқу іс-
әрекетнің әдісі болып келеді. Ең негізгісі: балаларда қызығушылық пен
әуестікті тудыру, себебі мектептік жұмыстардың түрлері тірі және өмірлік
жағдайға шоғырлануы қажет.
Педагогикалық ортада «түрлі қоғамдық өмірдің өзара әрекетінің даму» (С.И.
Гессен), «белсенділіктің таралуы» (В.Х. Клипатрик) жобалауға қатысушылар
бақылауда болады. Жобалау іс-әрекетін педагогтар әлеуметтік білім беру
аумағының ішіндегі демократиялық қарым-қатынас үшін қолданған.
Дж. Дьюидің танымал «Демократия и воспитание» (1916) жұмысынан кейін,
қоршаған ортаның білім берудегі сипаттамасын айтады, жобалау мақсатты
түрде білім берудегі әлеуметтік мазмұнның мәселе мен қоршаған өмір
сұрақтарын іздеу негізінің тәсілі ретінде дамыды. Өмір, күнделікті
динамикада болған уақытта, тұлға әлеуметтік тәжірибеге сәйкес келетін жаңа
дағдыларды алуды талап етті. С.И. Гессен, «бүкіл мектептік өмірдің негізгі
түрін тануға кіруде екі оңай қарым-қатынас, оймен алмасады, болжам мен
шешім, адынғы тәжірибедегі сәттілікпен сәтсіздікке байланысты. Мектеп
«кіші қоршаған ортаға» ауысу». (Гессен С.И. Педагогические сочнения.-
Саранск. 2001.- с. 404).
Ресейде жобалау білім беру ойыны туылғанда, американдық педагогтардың
жетілдіруімен қатар шықты. С.Т. Шацкий 1905 жылы басшылығымен шағын
қызметкерлер тобы ұйымдастырылды, балалармен тәжірибелік жұмыс
істеуде, түрлі жобалау түрлерін белсенді түрде қолданды. Бақылаушылық
пен эксперименттік негізі және қажетті білім берудегі түрінен
құралады.Практикалық (В.А. Герд) тәжірибелік-сынау, (А.П. Пинкевич)
табиғи- ғылым, (Б.Е. Райков) зерттеушілік, тәжірибелік-көрсетуші әдіс, (К.П.
Ягодовский) зертханалық әдіс сабағы, деген көптеген анықтаулы келеді.
1925 жылы Ресейде кітап аудармасы шыққан соң, В.Х. Клипатрик білім беру
мен әлеуметтік-педагогикалық жобалау педагогикалық іс-әрекеттің арнайы
қалпы ретінде ауқымды таралды.
1931 жылы ЦК ВКП(б)ның қауылысы бойынша, жобалау әдіске тоқтау
қойылды, өйткені ол «оқушыларға білім берудегі жүйесінде нақты оқу
курсында білуге мүмкіншілік бермеді», Ресейде бұндай әдіс жарты ғасыр өз
бетінше қолданбады. Алайда шетел мектептерінде белсенді және табысты
жетілді. АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Германия,
Италия, Бразилия, Нидерланд және тағы басқа көптеген елдерде
гуманитарлық ойлардың білім берудегі Дж. Дьюи мен жобалау әдісі ХХ
ғасырда үлкен танымалдылыққа ие болды.
Жобалау түсінігі кеңес уақытындағы педагогика ғылымына А.С. Макаренко
қолданды, педагогикалық ойлаудың логикалық негізін жасаған. Тұлғаны
тәрбиелеу мақсатының негізінде жобалау сонымен қатар тәрбиелеушінің
мүмкінішілігімен нақты сәйкестілігі жайында айтылады. Г.П. Щедровицкий
1968 жылы «Педагогика и логика» атты еңбегінде, өз уақытында әлемді
таңғалдырмай, 1994 жылы ғана түгелімен басып шығарды.
ХХ ғасырдың 70 жылдарында жобалау компоненті педагогикалық іс-
әрекетінің жүйесі (Н.В. Кузьмина) болып ерекшеленді. Педаготың
терминологиялық аппараты «педагогикалық жобалау», «мұғалімнің жобалау
іс-әрекеті», «педагогикалық жоба» оысндай түсініктермен толтырылды.
Бұндай жағдайда жобалау объектісі болып мазмұны, педагогикалық іс-
әрекетінің әдісі мен қалпы болып идеалды құралы болып табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |