Үшіншіден, қатысушылардың өзара қарым – қатынасы идеяның, түпкі
ойды жүзеге асыру әрекеттерінің айналасында шоғырланып, олар жаңа өнім
алу, не қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін әр адамның міндеттерін
анықтап, бөлісіп алады;
Бұлардың барлығы да пайда болған идея, не түпкі ойды жүзеге асыруға
арналған арнайы әрекеттер жасалмаса, идеядан айырылып қалуы да мүмкін.
Кейбір жағдайда бір идеяны орындамай, келесі идеяға қызығып, соған көшіп
кетуі де ғажап емес.
Идеяның жүзеге асырылмауы – оқушылардың түпкі ойды ұзақ уақыт
ұстап тұруға шамасы келмейтіні болуынан дей аламыз. Мысалы,
идеяны іске асыру барысында кездесетін техникалық қиындықтар
оқушылардың ынтасын басуы, сонымен қатар, сол істен көңілдерін
қалдыруы да мүмкін.
Әсіресе мектепке дейінгі жастағы, кіші мектеп жасындағы оқушылар
жобасы орындалмаса оның ешкімге қажеті жоқ іспен айналысқандық немесе
уақыт жоғалтқандық деп түсінбейді. Олардың пайымдауынша, ойласқан
идеяның жүзеге асырылмауы мүмкін емес, тіпті олар өз қолдарынан
келмейтін іс болмайды деп санайды. Әрине, кіші мектеп жасындағылардың
көптеген жобалары орындаусыз қалып та жатады, бірақ біз үшін олардың
орындалуына үлкендер күш салуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: