Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет214/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   315
Байланысты:
лекция

Н.А.Бернштейн 

жасаған 


функционалдық  жүйе  дамуында  ішкі  бағдарламалардың  (қажетті  болашақ 

моделі,  бейнелер)  рөлін  анықтайтын  белсенділік  физиалогия  принциптері 

жатыр.  Белсенділікті  жаңа  концептуалды  түсіну  адамды  басқа  адамдармен 

біріктіре,  функционалдық  жүйелерді  индивидуалдық  шеңберінен  шығара 

отырып,  олардың  өмірлік  шыңдарына  субьективті  шынайылық  бейнелерін 

қозғалту мен дамыту процестерін бейнелеуге мүмкіндік береді. 

Н.А.Бернштейннің  әр  түрлі  әрекеттерді  осы  әрекеттер  мәліметтері 

параметрлерін  мақсат  деңгейіндегі  қалаулармен  біріктіру  арқылы  басқару 

мүмкіндігі және «өз қалпынан» «қалай болу керекке» өзгерісі акмеологиялық 



жобаларды  адами  қасиеттерді  жүйелі  дамыту  бойынша  жұмыстар  ретінде 

теория  мен  практикасын  құрудың  негізі  болды  (Ю.А.  Гагарин). 

Акмеологиялық  жобалардың  жүзеге  асуының  мағынасы  мен  мазмұны 

адамның  өзінің  өмірлік  мәселелерін  түсініп,  «қазіргі  қалпын»  «қалай  болу 

керек»  жобасымен  үйлесімдеу  арқылы  қалаған  мақсаттарға  жетуге 

тырысады.  Ю.А.  Гагарин  ұсынған  бағытқа  байланысты  акмеологиялық 

жобалауда  шынайы  және  маңызды  күйлер  үйлеседі.  Гормондардан 

айырмашылығы  олар    қозғалыс,  тыныс  алу,  кез  келген  арнайы  таңдалған 

проктикамен  іс-әрекет  арқылы  жанама  әсер  етеді.  Болашақ  бейнесін 

құралдардың 

бірі 

ретінде 


құру 

үшін 


«мақсатқа 

бағытталу 

матрицасын»қолдану  керек.  Оның  көмегімен  акмеологиялық  үйлесімділік 

салаларының  құрылымы  анықталады  және  осы  құрылымның  негізінде 

акмеологиялық әрекеттер топтары қалыптасады.  

Мақсаты  педагогикалық  шеберлікті  қалыптастыру  болып  табылатын 

акмеологиялық жобаның жүзеге асу логикасын мысал ретінде көрсетеміз.  

Алғашқы  кезеңде  педагог  іс-әрекеті  контекстін  құрайтын  адамдар  (мұғалім, 

оқушы,  ата-ана,  акмеолог,  басқа  адамдар)  шеңбері  анықталады.  Жобалауға 

ену процесі оның барлық қатысушыларының жалпыға ортақ қарым-қатынас 

пен  тәрбиелеу  мақсаттарын  саналау  және  оларды  императив  ретінде 

қабылдаумен  байланыстырылады.  Жобаның  мақсаттарын  көп  жоспарлы 

рефлексиялау кезінде педагогикалық процес қатысушыларының қол жетерлік 

шыңдарын түсіну жүреді. Акмеолог рефлексияны ұйымдастыруда және жоба 

қатысушыларының өзін жетілдіруінің мақсаттары мен мотивтерін келістіруде 

көмек көрсетеді. 

Кейін мұғалімнің «қалай болу керек» педагогикалық іс-әрекетін зерттеу мен 

педагогикалық  процстің  қалған  субьектілерінің  іс-әрекет  параметрлерін 

анықтау  жүреді.  Педагогикалық  ситуацияны  зерттеудің  акмеологиялық 

бағдарламасы  жасалады.  Құрылған  бағдарланған  сызба  негізінде  әрбір 

қатысушы  диагнозтикалық  зерттеуге  енеді.  Оның  шеңберінде  бақылау 

өзіндік  есеп  тестілеу  қолданылады.  Акмеолог  қарым-қатынастың 

сенімділігіне  негізделіп  жұмыста  көмектеседі,  ересектермен  балаларға 

көмектеседі. 

Бұл  кезеңде  болашақта  жүйелі  анализдеуді  қажет  ететін  тұлға  мен  іс-

әрекеттің маңызды сипаттарын анықтау керек. Инвариантты сипаттамаларды 

анықтау  тұлға  мен  іс-әрекетті  реттеудегі  екі  аналитикалық  матрицаны 

құрумен  анықталады.  Матрицалық  мәлімет  негізінде  іштей  байланысқан 

және  өзара  күшейетін  немесе  өзара  әлсіздене  алатын  тұлға  мен  іс-әрекеттің 

инварианттық  қырларынан  акмеологиялық  жұптар  құрылады.  Әрбір  жұп 

мақсатқа  жетуіне  байланысты  жобалауға  қатысушымен  бағаланады.  Ол 

өзінің  жобада  жұмыс  істеу  қабілеттілігі  туралы  шешім  қабылдайды.  Бұл 

жерде өзінің тәжірибесіне рефлексия амалдары қолданылады.  

Келесі  кезең  педагогикалық  іс-әрекеттің  «қалай  болу  керек»  құрылымын 

субъективті параметрлердің көптігін ескере отырып акмеологиялық моделді 

құрумен  байланысты.  Кейін  педагогикалық    іс-әрекеттің  және  оның 

субъектілерінің  дамуы  алдын  ала  жасалған  акмеологиялық  процедуралар 



көмегімен  жобаланады.  Жоба  жоспарланға  іс-әрекет  жүйесі  арқылы  жүзеге 

асады.  Нақтылы  әрекеттер  календарлық  графиктерімен  сәйкестендіріліп 

жүзеге  асады  (кездейсоқ  пайда  болған  ситуацияларға  тәуелді  өзгерістер 

енгізуге көмектесетін сызықтық және желілік). 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: 

1. 


Техникалық жобалаудың гуманитарлықтан айырмашылығы неде? 

2. 


«Әлеуметтік серіктестік» ұғымы нені білдіреді? 

3. 


Акмеологиялық жобалау негізінде не жатыр? 

                                         Сұрақтар мен тапсырмалар 

7.  Педагогикалық 

әрекеттерді  жобалау    технологиясының 

кезеңдеріне сипаттама беріңіз 

8.  Иновациялық  үрдістерді  жобалау  технологиясына  қойылатын 

талаптар. 

9.  Педагогикалық  жобалауға дайындық мазмұны 

10. Педагогикалық 

ұжымның 


инновациялық 

мүмкіндіктерін    

дамыту жобасы негізінде оның барлық кезеңдерін қамти отырып, 

берілген  үлгімен    өзіңіз  үшін  өзекті  тақырыптағы  жоба 

құрастырыңыз және оны топпен талқылыңыз. 

11. Жобаны бағалау көрсеткіштерін жасап, өз жобаңызды бағалаңыз. 

12. Жобалаудың  дәстүрлі  әдістемелік  шаралардан  айырмашылығын 

мысалдар арқылы ажыратыңыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет