Бағалау, қорыту кезеңіндегі жұмыстар:
– жобаларды презентациялау, жасалған өлшемдер бойынша
бағалау;
– жоба
жетекшілерінің
өз
ұйымдарындағы
өзгерістер
динамикасын анықтау;
– жоба жетекшілерін даярлаудағы күтілетін деңгей мен
қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау;
– жоба жетекшілеріне арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау.
Жобалау зертханасына қатысушылар – мақсатты түрде дайындалатын
жоба жетекшілері, олардың қатарында: білім беру ұйымдары директорлары,
директорлардың орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктер жетекшілері, түрлі
деңгейдегі әдіскерлер, универитет оқытушылары, бөлім жетекшілері бола
алады. Соған орай, зертхананың бағдарламалық модулі білім беруді
басқарудағы, әдістемелік жаңартудағы, өзігінен оқыту жобалары, т.б.
жобаларды дайындау, құрастыру, жүзеге асыру, нәтижесін бағалау
жолдарын үйретуге құрылады.
Зертхана барысында жоба жетекшілерінің жұмыс бағыттарына, немесе
сұраныстарына қарай (білім беру ұйымын басқаруда, әдістемелік жұмыста,
тәрбие жұмысында, оқыту процесінда, зерттеу әрекеттерінде, т.б.)
проблемаларын анықтау, жоба алды талдау, мақсатты бағдарлы жобалар
арқылы өзгерістер ендіру, оларды бағалау құзыреттіліктері өздерінің
жобаларын жасау арқылы қалыптасады және тәжірибеде бекітіледі.
Осыған байланысты қатысушылар жобаны дайындауда өздері қызмет
істейтін білім беру ұйымдарындағы проблемаларды анықтап, дамыту
жолдарын белгілейді. Сөйтіп, олар өз саласын жетілдіру проблемасы
бойынша мақсатты бағдарлы жоба тақырыбы таңдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |