құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтауға бағдар
болып табылады», «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына
сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы
қалыптасып, дамиды. Түйінді құзыреттерге: ақпараттық құзырет;
коммуникативтік құзырет; проблемалардың шешімін табу құзыреттері
жатады» деген жолдар еліміздегі білім нәтижелерінің жаңа сапасын
қамтамасыз етудің нақты қадамдарын көрсетеді.
Сонымен қатар, Стандарттардың «Білім беру процесін ұйымдастыру
ерекшеліктері» туралы бөлімінде білім беруді ұйымдастыруға қойылатын
жаңа талаптар белгілеген. Мысалы, 9.4 бөлімде: «Білім алушылардың жеке
және топпен өз бетінше іс-әрекетін жүзеге асыру үшін білім беру үдерісі
білім, білік және құзыреттердің кіріктірілуін қамтамасыз етуі тиіс. Білім
беруді ұйымдастыруда білім алушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде
олардың өзбетінше зерттеу жүргізулері негізінде субъективті жаңалық
ашуларын жүзеге асыратын тақырыптық және пәнаралық жобалар
басымдық танытады» делінген. Ал, 9.5 бөлімдегі «Мұғалім мен оқушы
арасындағы серіктестік қатынаста құрылған оқу ортасы білім беру процесіне
қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жерде
мұғалім ұйымдастырушы ретінде сыныптағы оқушылардың жеке білім беру
траекториясын іске асыруды қамтамасыз етеді, олардың сыныптан тыс оқу-
іс-әрекеттерде бағдарлануына көмектеседі, өз бетінше білім алу дағдыларын
дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсетеді» деген міндеттер педагогикалық жүйелердегі білім беру процесін
басқарушы педагогтардың жаңа әдістерді меңгеру ғана емес, алдымен осы
бағытта қалыптасқан ой - пікірлерінің, жалпы педагогикалық біліктіліктері
мен құзыреттіліктеріндегі жаңа сапалық өзгерістерді қажет етеді.
Осылайша, жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы
және өзгерістердің басты ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім
беру жүйелеріндегі барлық салаларды жаңаша ұйымдастыру талаптарын
қоюда. Қазіргі таңда білім беруді дамыту бағыттарын көрсететін бірнеше
маңызды факторларды атауға болады. Олар:
7. Жаңа білімді «туындату», немесе жаңа білім түзілімдерін
құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана жаңа білім көзі бола
алатын) көптеген адамдардың, ұжымдардың қатысуына
байланысты педагогтардың ролінің, сонымен қатар, білім беру
мазмұнының өзгеруі;
8. Педагогтардың бойында өз әрекетін интеллектуалдық тұрғыдан
қамтамасыз ететін жаңа құзыреттіліктерін дамыту
қажеттігі;
9. Қазіргі заманда өмір сүру барысында кез келген адамның
құзыреттік сапаларын бірнеше рет жаңартып отыру
қажеттігін түсіну;
10. Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы, яғни, әрбір білім
алушы педагогтар мен тьюторлардың көмегімен, өзіндік білім
алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі;
11. Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа
проблемаларды шеше алатын, ойлау мен инновациялық әрекет
етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуын қажет
етуі.
12. Ғылыми
білімнің
мектептегі
сабақ–сыныптық,
университеттердегі дәрістік–семинарлық формада жаттанды
түрде берілуін өзгерту қажеттігі.
«Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, ағылшын зерттеушісі
М.Барбер «білім беру нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар,
олар: педагогтық қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау,
оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау
және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Кез
келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін
оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін емес деген. Ол сонымен
қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып,
«әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ
қасиет - ұйым жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден бір
факторы педагогтарды дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» дейді.
Бүгінде түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерде көптеген
инновациялық бағыттар пайда болып, жеке педагогтар тарапынан жаңа білім
беру мазмұнын көздейтін оқулықтар мен бағдарламалар, оқытудағы
ақпараттық - комуникативтік, интерактивтік технологиялар ретінде
ендірілуде. Дегенмен де, заман талабынан туындап отырған білім берудің
жаңа құзыретттілік нәтижелерін қалыптастыру педагогикалық ұжымның
түгелдей теориялық дайындығын, әдістемелік және технологиялық
тұрғыларын терең меңгеруін қажет етеді.
Білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа білім нәтижелерін
қалыптастыруды педагогикалық ұжымдардағы өзгерістердің өзегі деп
қарастырсақ, ұйымның оны қамтамасыз ететін инфраструктурасы,
ресурстары болуы тиіс. Өйткені, жаңа нәтижелеріне бағытталған өзгерістер
мазмұны білім беру ұйымын басқарушылардың қалыптасқан көзқарасын,
ойлау әрекеттерін өзгертуді, жаңа құзыреттіліктерін дамытуды талап етеді.
Сонымен қатар, педагогтардың ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын,
мотивациялары мен ұстанымдарын, басқару стилі мен әдістері өзгертуі тиіс.
|