арқылы негіздеу және шешу жолдарын ұсыну, жобалау маңызды мәселеге
бағытталғанын көрсетеді.
Өлшемдері болуын бағалау. Жобалау нәтижесі қалыптасқан
жағдайды өзгертетін, не жетілдіретін болуы керек. Ол үшін алдын ала
анықтау алуды қажет ететін сұрақтар: 1) жобаның қандай көрсеткіштері
нәтижелер деп есептеледі; 2) оларды қандай параметрлер арқылы өлшеуге
болады және олар немен өлшенеді?
Қолжетімдігін бағалау. Жобалаудың қолжетімдік стратегиясын
жүзеге асыру оның күтілетін нәтижелерінің алдын ала анықталуы және оны
орындау жолдары мен механизмдерінің нақты кезеңдері мен алгоритмінің
жасалуынан белгілі болады.
Шынайылығын бағалау. Жобалауды іске асыратын лайықты адамдар
тобы белгіленуі, жобалаудың мазмұны мен технологиясы, қажетті
ресурстары анықталуы. Осы әрекеттердің болуы жобалаудың шын мәнінде
жүзеге асырылуына мүмкіндік жасайды.
Уақыт шектеулерінің белгіленуін бағалау. Бұл жобалау қызметінің
басталу және аяқталу мерзімдерін, орындау барысындағы аралық кезеңдерді
және әрбір аралық кезеңнің мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің нақты
белгіленуінен көрінеді.
Болуы мүмкін күтілетін кедергілермен тәукелелдік дәрежесінің
анықталуы. Жобалау барысында осыған ұқсас тәжірибелерді зерттеу және
талдау арқылы алдын ала болжау әрекеттеріне сүйене отырып, болуы мүмкін
кедергілер мен қиындықтардың, одан шығатын жолдардың алдын ала
белгіленуі.
Жобаның өміршеңдігін бағалау. Оның мәнісі жоба жетекшілерінің
алдына қойылған міндеттерді орындап, жобаны жасағаннан кейінгі
жағдайын анықтау болып табылады. Бұл жоба әрі қарай жалғасуы мүмкін бе,
ол үшін қандай ресурстары бар, қандай ресурстар қажет? Міне, осы
талдаулардың болуы жобаның өміршеңдігін көрсетеді.
Берілген талаптарға сай педагогикалық ұжымның дамуын қамтамасыз
ететін мақсаттық - бағдарлы жобаларды ұйымдастыру және оның
тиімділігін аталған көрсеткіштер арқылы бағалау жобалаудың тиімділігін
қамтамасыз етеді.
Қорыта келе, жаңа білім беру нәтижелері мазмұны жағынан білім,
білік, дағдыларға бағытталған дәстүрлі білім беру шеңберінен шығып,
адамның тұлғалық сапаларын әрекеттік тұрғыдан қалыптастыруды көздейтін
жаңа талаптар білім беру ұйымдарының өзгерістерін қажет ететіні белгілі
болды. Сондықтан, педагогикалық ұжымдарда болашақ өзгерістердің алдын
– ала дайындық жүргізілуі тиіс. Өзгерістердің алдын – ала дайындық
дегеніміз қол жеткен нәтижелерді талдау барысында болашақ жағдайды
ілгері көре білу, соған сай жүйенің дамуын қамтамасыз ететін ресурстарды
алдын – ала даярлай білу дегенді білдіреді.
Алдын – ала даярлық педагогикалық ұжымның тұрақты дамуына
мүмкіндік береді, өйткені, бұл жағдайда төмендегі қызметтер жүзеге
асырылады: педагогикалық ұжымды дамытудағы нақты жаңа өзгерістер
алдын – ала белгіленеді; ұжым мүшелерінің бірлескен әрекеттері барысында
аталған өзгерістерді қамтамасыз етуге қажетті құзыреттіліктер анықталады;
педагогтар бойында жүзеге асыруға қажетті кәсіби құзыреттіліктерін
арттыратын жобалау арқылы оқыту бағдарламасын құрастырылады және
жүзеге асырылады. Сөйтіп, жобалау негізінде педагогтар құзыреттіліктерін
қалыптастыру олардың өзгерістер жағдайында нәтижелі жұмыс жасауына
қажетті инновациялық мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: