Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет257/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   315
Байланысты:
лекция

  Педагогикалық ұжымды дамытуға қажетті өзгерістер. Кез - келген 

ұйым,  соның  ішінде  білім  беру  ұйымы  институционалдық  сипатта 

болғандықтан,  сондықтан  оған  қажет  болатын  өзгерістер  деңгейі  ұжымда 

қалыптасқан    қарым  -  қатынастарға  байланысты  жасалады.  Педагогикалық 

ұжымға  қатысты  қарастырсақ,  ондағы  ұйымдастырушылық  өзгерістерді 

білдіретін,  біріншіден,  ұжымның  өзіндік  ерекшеліктері,  білім  беруді 

ұйымдастыру    тәжірибесі,    педагогикалық  дәстүрлері,  әлеуметтік  - 

психологиялық  жағдайлары, т.б., екіншіден, ұжымның ішкі ұйымдастырылу 

тәртібі,  педагогтардың        кәсібилігі  және  жалпы  деңгейі,  ұжымның 

құрылымы, ондағы қарым - қатынастар, т.б.  

Қалыптасқан  ұжымдық құндылықтар ұйымның мүшелеріне белгілі бір 

дәрежеде  еркіндік  пен    сенімділік  береді.  Білім  беру  ұйымдарын  дамыту 

өзгерістері қалыптасқан   құндылықтардың өзгеруіне әкелетіндіктен, оларды 

енгізу  ұйым  мүшелерінің  мақұлдауын  қажет  етеді.  Сондықтан, 

ұйымдастырушылық өзгерістердің  табысты жүзеге асырылуы оны ең әуелі 

сол  ұжымдағы  адамдардың  дайындығын  қамтамасыз  еткен  жағдайда  ғана 

мүмкін болады.        

Педагогикалық ұжымның жаңа талаптарға сай өзгерістерін қамтамасыз 

ету  ұйымдастырудың жобалауға негізделген жаңа моделін жасауды қажет 

етеді.  Өйткені,  педагогтарды  бірлескен  шығармашылық  жұмыстарға  тарту, 

олардың мүмкіндіктерін анықтай білу және пайдалану, өзгелермен қарым  – 

қатынас жасау, проблемаларды талдау мен шеше білу жолдарын меңгеруде 

жобалау  әрекеттерін ұйымдастыру тиімді болады.

      


Педагогикалық  ұжымда  жүзеге  асырылатын  жобалау  әрекеті  ең 

алдымен,  педагогтардың  құзыреттілігін  дамытуға  бағытталса,  олар  оқыту 

барысында  білім  алушылармен  жаңа  субъектаралық    қарым  -  қатынастар 

орнату арқылы  білім берудің жаңа сапасын   қамтамасыз етеді деп күтіледі.  

Білім беру ұйымдарын дамытуда жобалауды жүзеге асыру тәжірибеде 

әлі  де  аз  кездеседі,  бүгінде  бұл  жұмыс  педагогтарды  дамыту  қызметі 

негізінен      әдістемелік  семинарлар  арқылы  жүргізіліп  отыр.  Соған 

байланысты,    педагогтарды    жобалау  қызметіне  тарту  олардың  нақты    іс  - 

әрекетін жобалау арқылы  өз тәжірибелері негізінде жүргізілуі тиіс.  

Осылайша, педагогикалық ұжымдарда жаңа құзыреттілік нәтижелеріне 

сай  мақсаттық  -  бағдарлы  өзгерістерді  жүзеге  асыру  үшін  педагогтармен 

жобалау  қызметін ұйымдастыру қажеттілігі және осы мақсатта ұжым 

мүшелерінің арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттері отыр.   

Педагогикалық ұжымды жобалау әрекетіне тікелей қатыстыру арқылы 

оқытудың  негіздемелері: 

–  жобалау    барысында  негізгі  міндеттер  қатысушылардың  ойлау 

және  іс  -  әрекеттерінің  нәтижесі  ретіндегі  жобалар  арқылы 

жүзеге асырылады; 

–  жобалауға  қатысушылардың  ойлау  әрекеттері  мен  тәсілдерін 

өзгертуге  мүмкіндік  беріп,  өзара  тиімді  қарым  –  қатынастар 

қалыптастыруға  ықпал  етеді,  ал  өзара  түсіністік  жағдайында 

ұйжымды жаңарту жұмыстары нәтижелі болады; 




–  жобалау  ұжымның  әрбір  мүшесі  үшін    құндылықтары  мен 

қабілеттерінің,  дағдылары  мен  ішкі  сенімдерінің  өзгеруіне 

ықпал етеді; 

–  жобалау  педагогтарға  жаңа  іс  -  әрекет  түрлеріне  қатысуға, 

оларды игеруге мүмкіндік береді, сонда - ғана олардың бойында 

өзгерістер жасауға қабілеттілік пайда болады; 

Сөйтіп, қазіргі заман талаптарына сай болу үшін білім беру жүйелеріне 

қажет    іс  -  әрекеттер:  оқытудың  жаңа  идеялары,  әдістері  мен 

технологиялары,  білім  беру  инфраструктурасының  жаңартылуы,  т.б. 

жобалауды игеру нәтижесінде мүмкін болатын өзгерістер. 

Педагогикалық  ұжымдағы  адам  ресурстарының  жаңа  сапасын 

қалыптастыру 

мақсатындағы 

өзгерістер 

ең 

әуелі, 


педагогтардың 

инновациялық  мүмкіндіктерін  дамытуға  бағытталса,  оның  нәтижесі  білім 

берушілермен қарым - қатынастың өзгеруіне әкеледі.   

Осылайша, педагогкалық ұжымды арнайы дайындау арқылы  олардың 

педагогикалық  қызметін  жаңаша  ұйымдастыруына  қажетті    құзыреттілік 

сапалары қалыптасады деуге болады.   

Жобалау  әрекетін  жүзеге  асыру  оны  ұйымдастыратын  адамдардың 

құзыреттілігінің    жоғары  болуын  талап  етеді,  өйткені,      ұйымдағы 

педагогтардың  жобалауды  өз  тәжірибелеріне  ендіруі  үшін  қолайлы  жағдай 

қалыптастыру қажет.   

Педагогтардың  құзыреттілігін  дамыту  олардың    оқытудағы 

жобалаудың  мазмұны  мен  әдістерін  меңгеру,    оның  тиімділігін  бағалау 

көрсеткіштері мен өлшемдерін  жасай білуді меңгеруіне тығыз байланысты. 

Ол үшін, алдымен, педагогтардың жоба жетекшілері ретіндегі арнайы 

құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған бағдарламасының мазмұнын, соған 

орай, күтілетін нәтижесін құрастыру керек.  Олар төмендегі құзыреттіліктер 

болып анықталады:  

–  жаңа нәтижелерге бағытталған оқыту үрдісін жобалай білу және 

оны жүзеге асырылу жолдарын жасай білуі; 

–  оқушылардың жобалау қызметін ұйымдастыра білу; 

–  жобалардың тиімділігін бағалай білуі; 

Одан кейін, бағдарлама бойынша жоспарланған оқыту мен тәжірибені 

ұштастыру  барысында  жобалау  әдістерін  игерген  педагогтардың  аталған 

құзыреттіліктерінің  қалыптасу  деңгейі  олардың  жұмыс  өнімдері,  немесе, 

күтілетін  нәтижелері  -  жасалған  жобаларға  сараптама  беріледі.  Сараптама 

бірнеше  деңгейлерде  ұйымдастырыла  алады:  берілген  өлшемдерге  сәйкес 

өзіндік сараптама, жобалау қызметін ұйымдастырушы сараптамасы, немесе, 

басқа ұйымнан шақырылған тәуелсіз сараптамашы- маман бағасы. 

Жобаларды  бағалаудың  бүгінгі  күні  бірнеше  өлшемдері  мен 

көрсеткіштері  қалыптасып  отыр,  олардың  ең  көп  пайдаланылатыны  

төмендегі бағалау картасы: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет