Мысалы, бастауышта 1 – 2 күн бұрын жоспарланса, 5 – 6 сыныпта 2 апта
Оқушылардың жоспарлай білу қабілеттерін дамытылуын неден
көруге болатынын қарастырайық. Олар:
Шығармашылық тапсырманың, жобаның тематикасы оны орындау
мүмкіндігін ескере отырып жасалуы;
Оқушы (топ):
- тақырыпты таңдамас бұрын оның нәтижелерін дайындайтын
уақытын, өз мүмкіндіктерін талдайды;
- тапсырманы орындау кезеңдерін анықтайды, оның уақытын,
орындаушыларын көрсетеді, уақыт бөледі;
- тапсырманың кейбір бөліктерінен мүмкіндікке қарай бас тарта
алады (мысалы, ресурс жеткіліксіз, уақыт аз, т.б.);
Осылайша, міндеттерді орындаудан – оның кезеңдерін жоспарлау,
бағдарлама жасау, қолда бар ресурстарды игеру сияқты жұмыстар
жалғастырылады.
Білім беру барысындағы құрылымда оқушылар төмендегі
жұмыстарды орындайды:
- тақырып таңдайды;
- жұмысты орындау жолдарын таңдайды;
- жұмыстарды орындаудың бірнеше әрекеттерін жоспарлайды;
- жоба өнімін жасайды;
- қорытынды
өнімнің
нәтижелерін
көрсетудің
түрлерін
анықтайды;
Жобалаудың әрбір кезеңіндегі әрекеттерін оқушылар өздері құруы
тиіс, әр кезеңнің басталғанын көрсететін «белгі» де тұруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: