Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет33/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   315
Байланысты:
лекция

қарым–қатынас құралы ретінде пайдалана бастады.  

    Джон  Дьюидің  «Демократия  және  тәжірибе»  атты  еңбегінде 

оқытудың  қоғамдық  сипаты  қарастырылуына  байланысты,  жобалау  әрекеті 

қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген 

білім  мазмұнын  әлеуметтендіру  амалы  ретінде  мақсатты  түре  дамытыла 

бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас 

меңгеруге  негізделген    дағдыларды  талап  ететін  болды,  ол  мектептердің  де 

өзгеруіне ықпал ете бастады. 

      Посткеңестік  елдерде,  соның  ішінде  Ресейде  және  Қазақстанда 

жобалау  әдістері  негізінде  оқыту  шетел  тәжірибесімен  қатар  жүрді  деуге 

болады. өткен ғасырдың басында – ақ С.Т.Шацкийдің жетекшілігімен оқыту 

барысында  жобалаудың  бірнеше  түрлерін  пайдалану  жұмыстары 

ұйымдастырылды.  Одан  соң,  В.А.Герд  практикалық  жүмыстағы  жобалау 

әдістерін, А.П.Пинкевич жаратылыс тану ғылымындағы сынақ –тәжірибелік 

жұмысында, 

Б.Е.Райков 

зерттеу 

жұмыстарында, 

К.П.Ягодовский 

зертханалық жұмыстарда жобалау әдістерін дамыта бастады. Оған осы кезде 

орыс  тіліне  аударылған  Килпатрик  еңбегінің  ықпалы  мол  болды,  соның 

негізінде  оқу  және  әлеуметтік  –педагогикалық  жобалау  педагогикалық 

әрекеттің ерекше түрі ретінде терең таратылды. 

1931  жылы  БКП  (б)  Орталық  Комитетінің  Қаулысымен  жобалау 

әдістері үлкен сынға ұшырады, өйткені, «оқушыларға нақты пәндер аясында 

білім  жүйесін  игеруге  мүмкіндік  бермейді»,  деп  көрсетілді.  Соған  орай, 

кеңестік  елдерде  жарты  ғасырға  жуық  уақытта  жеке  әдіс  ретінде 

қолданылмады. 

Шетелдер 

тәжірибесінде, 

атап 

айтқанда, 



АҚШ, 

Ұлыбритания,  Бельгия,  Израиль,  Финляндия,  Германия,  т.б.  көптеген  елдер 

жобалау әдістері ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады. 

Жобалау  әрекеттерінің  одан  әрі  дамуы    мәдени        құбылыстардың  

қалыптасу логикасы бойынша – жай репродукциядан –  зерттеуге, зерттеуден 

–мақсатты  қайта  құруға  әкелді.  Дамытып  және  дамып  отыратын  жобалық 

түзілім:  танымға  қызығушылық  –  таным  әдістері  –  білім  құрылымы 



негізінде  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар  ойлаудың  жобалық  амалы,  жолдары 

қалыптасты. 

Кеңестік  мектептерде  жобалауды  педагогикалық  ойлау  логикасы 

тұрғысынан  А.С.Макаренко  қолданды,  ол  нақты  бір  тәрбиеленушінің 

қабілеті мен қызығушылықтары негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның 

оқу –тәрбие әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды. 

1970-  жылдары    Н.В.Кузьмина  еңбектерінде  жобалау  компоненті 

педагог әрекеттерінің құрылымына енгізілді, қазіргі кезде терминологиялық 

аппараттан  «педагогикалық  жобалау»,  «мұғалімнің  жобалау  әрекеті», 

«педагогикалық  жобалау»  ұғымдары  орын  алды.  Олардағы  жобалау 

объектілері ретінде педагогикалық әрекеттің әдістері мен түрлері алынады. 

Жобалауды  одан  әрі  зерттеген  В.В.Давыдов,  Генисаретский, 

Н.Г.Алексеев, 

А.В.Петровский, 

И.В.Якиманская, 

И.А.Колесникова, 

В.И.Безруков,  т.б.  жобалауды  білім  беру  жүйесін  жаңартуға  бағытталған 

әрекеттер негізінде қарастырады.  

Осылайша,  кәсіби  –  педагогикалық  ой  –  пікірдің  даму  барысында 

жобалау  идеясы  педагогикалық  практикадан  педагогикалық  теорияға  қарай 

ауыса бастады.   

Жобалау әрекетінің негізі болып табылатын  «жоба»  түсінігінің өзі де 

ғылымда  түрліше  қарастырылғанын  көруге  болады.  Философиялық 

тұрғыдан  қарастырушылар    (М.С.Каган)  оны  рухани  қайта  жаңғыру 

әрекеттері  нәтижесі  десе,  әрекеттік  тұрғыдан  қарастыру  (И.А.Колесникова) 

жоба  –жобалаудың  мақсаты  мен  нәтижесі  деп  түсіндіреді.  Жалпылай 

келгенде, жоба – «белгілі бір уақыт ішінде жүргізілетін, нәтиженің сапасына 

нақты  талап  қойылған,  ұйымдастыруға  қажетті  құралдары  мен  қолжетімдік 

ресурстары  айқындалған  белгілі  бір  жүйені  мақсатты  түрде  өзгерту»  деген 

(В.Н:Бурков,  Д.А.Новиков)  пікірге  сай  дей  аламыз,  өйткені  бұл  жобаның 

мақсаты мен нәтижесін көрсетеді. 

Жобаны құрастыру материалдары ретінде теориялар, модельдер, түсініктер, 

таңбалар  мен  формулалар,  алгоритмдер  мен  парадигмаларды  айта  аламыз. 

Жобалаудың  түрлі  салалардағы  инструменталдық  жүйесі  ретінде    әрекет 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет