Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


-дәріс.  Педагогикалық  жобалаудың  мәні,  зерттелуі  мен  түрлері



Pdf көрінісі
бет32/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   315
3-дәріс.  Педагогикалық  жобалаудың  мәні,  зерттелуі  мен  түрлері. 

Жобалау әрекетінің қызметтері.  

 

3.1. Педагогикалық жобалаудың мәні  

 

Педагогикалық жобалаудың  зерттелуі мен түрлері.  

3.3.  Педагогикалық  жобалаудың  түрі  және  жобалау  іс  әрекетінің 

қызметтері.  


 

3.1. Педагогикалық жобалаудың мәні  

 

Педагогтың  жобалық  әрекетін  талдау  үшін  болмысты  тану  мен  қайта 

қалыптастыру тәсілі ретіндегі идеяға көңіл аударайық:  

• 

«Жоба» сөзіне қатысты алға озу, перспективалар идеясы 



• 

Жобалау  пәнінің  өзекті  мәселесі  мен  қалауының(ол  қандай  болуы 

керек) арасындағы «потенциал әртүрлілігі» идеясы 

• 

Болашаққа  қадам  идеясы(келешек  қажеттілігіне  біртіндеп,кезеңімен 



жақындау, ұғымды Н.А.Берштейн енгізді) 

• 

Жобалау  барысында  ресурстар  мен  күш-жігердің  бірігушілігі, 



ортақтылығы, бірлестігі 

• 

Ортақ 



іс-әрекетті 

орындау 


жоспарын 

сақтау 


бойынша 

қатысушылардың  «белсенділіктерінің  бөлінуі»  идеясы(В.Х.Килпатрик 

ұсынған жоба әдісі) 

Жобалық  әрекет  қоғамдық  сипатты  айқын  көрсетеді.  Бұл  жоба  мәселесін 

таңдауда  әлеуметтік  келісіммен,  жобалауда  коммуникацияның  күрделі 

түрлерін  қолданумен,  басқа  адамдармен  пәндәк  не  кәсіби  салада  өзін-өзі 

басқару қажеттілігімен, әлеуметтік маңызды нәтижеге жетумен байланысты.  

Жобалаудың ерекшелігі-жаңа өнім құру және тек көрінуі мүмкін екендігін өз 

мезгілінде  тану.  Ол  шынайылықтың  ғылыми-болжамдық  елестетудің  типі 

болып  табылады  және  оны  тәжірбие  дамуның  талаптарына  сәйкес  қамтиды 

және  өзгертеді.  Жобалық  әрекет  -  бұл  толық  аяқталмаған  әрекетті(сол 

мезеттегі)  өзгертуге  әрдайым  талаптанушылық  және  сол  сияқты  жобалау 

авторларының  пікірі  бойынша  келешекке  баңытталушылық.  Педагогикалық 

жобалаудың бұдан басқа мақсаты-адамдардың өзгеруі, жобаның іске асуы. 

Тәжірбие  дәлелдегендей,  жобалық  әрекет  объективті  түрде  педагогикалық 

потенциалға тән. О.С.Газман бойынша, бұл-автодидактизмнің ерекше тікелей 

нәтижемен  қатар(жоба  құрумен  байланысты)  жаңа  білімді  игеруді 

қамтамасыз  ету,  жаңа  түсінік  қалыптастыру,  жаңа  атаулардың,  құндылық 

динамикасының  барысында  жаңа  ақпарат  алумен,  басқа  ойлап  табушының 

ұстанымымен, «адам жағдайын басқару»  ұстанымымен бірге белсенділіктің 

жаңа  түрлерін  игерумен  байланысты(Бедерханова  В.П.  Становление 

личностноориентированной  позиции  педагога.-Краснодар,  2001.-с.171). 

Мұны  жобалық  әрекетке  енгізу  кез-келген  жастағы  адам  ұстанымын 

өзгертеді,оны  әлкуметтік  өзін-  өзі    басқару  мен  қоршаған  әлемді  қайта 

қалыптастыруға  қатысудың  субъективтік  формасын  өзгертеді.  Жобалаудың 

тұлғалық-әрекеттік  бастамасы  өзін-өзі  жетілдіруге  түрткі  болады.  Бұл 

таңғаларлық  жайт  емес,  жобаланатын  тақырыпта  өзіндік  «Менін»  іспен 

көрсетуде  педагогикалық  салдардың  ұзағынан  созылары  белгілі.  Жобалық 

әрекет  ерекше    жобалық  талантқа  қатысты,  оған  қоса  балалар  мен 

ересектердің  қайнар  көзі  ретіндегі  тәсілі  болып  табылады.  Сонымен  қатар, 

адамның барлық тұлғалық құрылымын тәжірбие жүзінде дамытады. Жобаға 

қатысушыларда  жоспарланған  өнімнен  басқа  жобалық  әрекеттің  ірбір 




кезеңінде  белгілі  бір  тұлғалық  жетілу  қалыптасады.  Құндылық,  норма, 

мақсат қою динамикасы айқын көрінеді.  

Жобалық әрекет басқа әрекеттің фрагменті болып табылатын іс-әрекеттерден 

қалыптасқан  мозаикалық  табиғатымен  ерекшеленеді.  Осы  арқылы 

жобалық  әрекетке  қатысу  потенциалының  дамуы  жобаны  іске  асырудың 

әрбір  кезеңінде  белсенділік  түрлері  мен  формаларын  игеру  қажеттілігі  мен 

мүмкіндігі  арқылы  артады.  Мұнда  сөз  диагностикалық,  болжау,  бағалау  іс 

әрекеті 


туралы, 

ойлау 


және 

жоспарлау, 

қолдау, 

басқару, 

коммуникация,экспертизамен  байланыста  болатын  ойлау  және  практикалық 

процедуралардың  әр  түрлі  формалары  мен  түрлері  туралы  айтылған. 

Жобалауды  ұйымдастырушыларға  қатысты  мынадай  маңызды  сұрақ 

туындайды:  жобаны  іске  асыруда  қайсысы  септігін  тигізеді(приоритетке 

септігін  тигізеді):  қол,  сана,  сана-сезім?  Осыған  байланысты,  жобалық 

әрекеттің жетекші адамзаттық бастамасы не болып табылады? Бұл сұрақтың 

жауабы жобаға кіретін дамушы әлеуетті қолдануға байланысты.  Кез келген 

адамға  жобаға  енуі  барысында  қоршаған  ортаға  басқаша  қарау,  іздену 

белсенділігі  пайда  болу  және  шынайылыққа  қызығушылығы  арту 

мүмкіндіктеріне  ие  болады.  Сонымен  қатар,  онда  шығармашылық  елес  пен 

сыни ойлау қасиеттері дами бастайды. Бұдан басқа, жобаға қатысушылардан 

ерік-жігер  мен  табандылық,дербестілік  пен  жауапкершілік,  өзін-өзі 

тәртіптілікке  үйрету  талап  етіледі.  Бұл  талаптарды  ескермеу  –  жобалау 

логикасын  алдын-ала  қарастыратын  нақты  анықталған  қадамдардан    жүйелі 

өту қиынға соғады. Жобалық әрекеттің әрбір қатысушысы басқа адамдармен 

бірге  іс  атқаруы  қажет,  бұл  олардың  коммуникациялық  мәдениетін 

қалыптастыруға  көмектеседі.  Оған  қоса,  жобалық  әрекет  алынған  нәтиже 

жаңашылдықтары  қатысушының әсерленуі  мен рефлексияға  қабілеттілігінің 

даму мүмкіндігіне қол жеткізеді.  

Тұтастай алғандағы, жобалауға тән белгілер білім беру саласындағы жобалық 

әрекетте  кең  таралған.  Алайда,  бұл  -    барлық  әлеуметтік-психологиялық 

«иемдену»  жобалық  әрекет  қатысушысының  әрқайсысында  кездеседі  деген 

сөз емес. Жобалаудың әр кезеңіндегі педагогикалық өнімділік шарттары бар. 

Бұл  педагогикалық  әрекет  мазмұны,  ерекшелігі  мен  даралылығымен 

толықтырылады.  Білім  беру  саласында  жобалық  әрекеттің  өзіндік  мақсаты 

болмайды. Ол педагогикалық мақсатқа тәуелді және оған жету тәсілі ретінде 

рөл атқарады.  

Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған 

жобалау  әрекеттері  педагогикалық  белсенділіктің  қайнар  көзі  ретінде 

мәдениет  тарихында  ұзақ  жылдар  бойы  қалыптасып  келді.  Педагогикалық 

теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік 

бағыттар  болуы  оқытудың  табысты  болуына  ықпал    ететіні  туралы  былай 

дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың 

өздеріне  аспан  мен  жерді,  түрлі  ағаштарды  бақылап,  заттарды  зерттеу  мен 

тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін 

ғана есте сақтап отырмайды». 



   Осы  идея  кейін  көптеген  белгілі  философтар  мен  педагогтардың 

еңбектерінде  одан  әрі  жалғастырылды.  Мысалы,  француз  философы 

Ж.Ж.Руссо    баламен  қарым  –қатынаста  оның  шамасы  жететін  мәселелерді 

қойып,  оны  өз  бетімен  шеше  білуге  үйретудің  маңызын  айтады,  ол  туралы 

«бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі 

ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды. 

    Оқушының  зерттеушілік  ойлау  әрекеттері  арқылы  айналадағы 

құбылыстарды 

танып 

білуінің 



маңыздылығын 

швейцар 


ғалымы 

И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл  –ойы әрекет 

барысында  дамиды,  өйткені,  тәжірибеде  қателіктер  мен  олқылықтар  оңай 

байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар 

ретінде қарастырған. 

    Педагогикалық 

идеялар  мен  тәжірибенің  даму  барысында 

Сократтың  әңгімелесу  әдісі  мен  Ф.Динтердің  дамытушы  катехизация  

әдісіне, одан А.Дистервегтің  эвристикалық  әдісіне  қарай жүретін бағдарлар 

да болғаны белгілі.  

Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және 

білім  саларында  ғылыми  –  әдістемелік  тұрғыдан  қамтамасыз  етуге 

ғылымның әртүрлі салалары  өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, 

К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда,  Д.Дьюи 

еңбектерінде  педагогикада  «жобалау»  әдіс  түсінігінде  қолданылса, 

В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.  

В.  Килпатриктің  айтуынша,  кез  келген  әрекет,  егер  ол  белгілі  бір 

мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс 

ретінде  орындалған  білім  алушылар  тобының  әрекеті  болса,  онда  ол  жоба 

болып  есептеледі.  Килпатрик  жобаның  үш  негізгі  компоненттерін  бөліп 

көрсетті. Олар:  

–  Оқушылардың  табиғаты  мен  қызығушылығына  құрылған  оқу 

материалдары; 

–  Мақсатқа бағытталған әрекет; 

–  Оқытуды  –  өмірді  үздіксіз  жаңғырту  және  одан  жоғары 

сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру. 

     Жобалау  әрекеті  оқушының  нақты  ситуацияларда  жол  таба  білуіне 

бағытталған  мақсатты  іс–әрекеттерді    ұйымдастырудан  көрініс  табады. 

Осыдан  шығатын  оқыту  мақсаты  –  оқушыларды  проблеманы  шешудің, 

ізденіс–зерттеулердің  әдіс–тәсілдерімен  қаруландыру.  В.Х.Килпатрик 

еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген: 

1)  өндірістік, немесе жасампаздық

2)  тұтынушылық; 

3)  интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге 

бағытталған; 

4)  жоба–жаттығулар.  

       Өткен  ғасырдағы  педагогикада  гуманитарлық  идеялардың  дамуы 

жобалауды  кәсіби  әрекеттің  ерекше  түрі  ретінде  қабылдап,  білім  беруде 

жобалау  мәдениетінің  қалыптасып  дамуына  ықпал  етті.  Батыстық 



педагогикада  (К.Роджерс,  Э.Фромм)  оқытудың  жобалау  мәдениеті 

тұрғысынан  қарастырылуы  білім  алушының  жобалау  әрекеттеріне  қатысуы 

арқылы  тұлғалық  өсуіне,  жеке  әлеуметтік  тәжірибесінің  дамуына, 

шығармашылық  еркіндігін  көтермелеуге  бағытталған  педагогикалық 

жағдайлар туғызылады деп қарастырылды. 

Оқытудағы  жобалау  әдістерімен  қатар,  жобалаудың  өзі  педагогтар 

үшін  жаңа  міндеттер  пайда  болуына  негіз  болды.  Мысалы,  мектеп өмірінің 

демократиялануына  байланысты  жобалау  оқушылар  мен  мұғалімдердің 

бірлескен өнімді әрекеті түріне  айналды, өзара тең дәрежедегі жаңа қарым–

қатынастар  құруға  мүмкіндіктер  туғызды.  С.И.Гессеннің  айтуынша 

педагогикалық  ортада  «қоғамдық  өмірдің  сан  алуан  түрлеріндегі  өзара 

әрекеттердің  өркендеуіне»,  Килпатрик  бойынша  айтқанда,  жобаға 

қатысушылардың  «белсенділіктері  ағаш  бұтақтарындай  таралып  өсуіне» 

қатты  ықпал  етті.  Сөйтіп,  жобалау  әрекетін  алдаңғы  қатарлы  педагогтар 

жобалау үрдісіне тартылған әлеуметтік–білімдік кеңістіктегі демократиялық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет