Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет83/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   315
Байланысты:
лекция

Жобаның негізгі бөлімдері: 

Аталуы; 


Түйіндемесі; 

Кіріспе бөлімі (жағдайды талдау, проблема қою); 

Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары мен кезеңдері; 

Жобаны  жүзеге  асыру  барысының  мониторингі,  әр  кезеңнің 

нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру; 

Жобаның жалпы нәтижесі мен өміршеңдігін бағалау; 

Жоспарланған бюджеті. 

Аталуы.  Жобаның  аты  оның  мазмұнын,  мақсаты  мен  ниетін,  негізгі 

идеясын  барынша  айқын  білдіретіндей  болғаны  жөн.    Жобаның  аталуынан 

оны  кім,  нені  және  қалай  жүзеге  асыратыны  көрініп  тұруы  тиіс.  Сонымен 

қатар, жобаның атында ешқандай артық сөз де болмағаны орынды. Жобаның 




аталуына  көңіл  аудару  аса  маңызды,  өйткені  оның  нақты  болуы  және 

мақсатқа сай болуы жобаға қажетті адамдардың назарын аудара алады. 



Түйіндемесі. Бұл жобалар үшін де, немесе жобалық ұсыныстар үшін де 

міндетті  бөлім,  өйткені,  онда    жобаның  атауы  нақтыланады,  мәні 

түсіндіріледі.  Түйіндеме  қысқа,  айқын  және  нақты  болуы  тиіс,  ол  әдетте 

жазбаша  мәтіннің  «мұқабасы»  сипатында    беріледі.  Онда  авторлар  туралы 

мәлімет,  жобаның  мақсат-міндеттері,  қажет  болса,  қаржылану  көздері 

беріледі. 



Кіріспе бөлімі: жағдайды талдау, проблема қою. Бұл бөлімде жобалау 

нысаны  туралы  жалпы  баяндаудан  бастап,  жұмыстың  орындалатын  әрбір 

нақты қадамдары төмендегі ретпен көрсетіледі:  

Алғашқы  қадам.  Жағдайды  талдау  негізінде  проблема  нақтыланып, 

оны  шешудің  қажеттігі  негізделеді.  Ұйым  үшін  өзекті  болып  табылатын 

проблеманы  айқындау  арқылы  оны  шешудің    нақты  жолдары    көрсетіледі, 

сонымен  қатар,  олар    қоғамдық  -  тарихи,  ұлттық,  жергілікті  ерекшеліктер 

мен талаптарға сәйкес болуы міндетті.  

Екінші қадам. Жағдайды талдау мен  проблема қою арқылы  жобаның 



мақсат  –  міндеттері  нақтыланады,  ресурстарға  баға  беріледі.  Оларға 

әдетте, адам ресурстары, қаржылық, материалдық, әкімшілік, қоғамдық,  т.б. 

жатқызылады.  

Үшінші  қадам.  Бұл  қалыптасқан  жағдайға  сай  проблеманы  шешу 

жолдарын,  мақсат  –міндеттерін,  ресурстарын  талдау  негізінде  жасалатын 

жобаны мазмұндық – құрылымдық сипаттау кезеңінен тұрады.  

Жобалау  идеяларын  ұсынудың  бірнеше  әдістері  бар,  олардың  ең 

қарапайымы  «ойға  шабуыл».  Бұл  әдіс  өзгеріс  жасау  бағыты  анықталып,  

нақты  іс  әрекеттерін  белгілеу  қажет  болғанда  пайдаланылады,  яғни,  «осы 

өзгерістерді  жүзеге  асыру  үшін  не  жасау  керек»  деген  сияқты  сұрақтарға  

жауап ойға шабуыл жасау арқылы беріледі. Білім беруде бірнеше әлеуметтік  

топтар  мүдделері  тоғысатындықтан  осы  әдіспен  жүргізілетін  кездесулерде 

жобалаушыларға сан алуан құнды идеялар алу мүмкіндігі бар. 

Қазіргі  кездегі  талдаулар  жасау  тәжірибесінде  кең  таратыла  бастаған  

және тиімділігі дәлелденген  құралдар қатарында  SWOT-талдау және PEST- 

талдауды  жобалау  алды  зерттеу  кезеңінде  пайдалануға  болады.  Басында 

маркетнигтік  зерттеулерде  пайда  болып,  қолданысқа  енген  бұл  құралдарды 

білім берудің әлеуметтік ролін бағалауда да орынды және пайдалы құралдар 

деп  танылуда.  Мысалы,  әлеуметтік  маңызды,  немесе,  ұзақ  мерзімдік 

жобалауда  ресурстарды    SWOT  -  әдісі  (Strengths  –  мықты  жақтары



Weaknesses  -  әлсіз  жақтары,  Opportunities  –  мүмкіндіктері  және  Threats  – 

қауіпті жақтары) арқылы бағалауға болады. Бұл жердегі мықты және әлсіз 

жақтары  ұйымішілік  қажетті  ресурстар  мен  олардың  жеткілікті  – 

жеткіліксіздігін  бағалайды.  Мүмкіндіктері  және  қауіпті  жақтары  жобаның 

орындалуына  мүмкіндік  беретін,  немесе,  кері  ықпал  етуі  мүмкін  тұстарына 

баға  береді.  Осылайша,  сапалы  жасалған  жоба  алдындағы  талдау  жобаның 

мақсатын жүзеге асыруда  жеткіліктілік (ресурстардың жобаның мақсатына 

сай  күтілетін  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  жеткіліктілігі)  және  қажеттілік 



(ресурстардың жобаның барлық кезеңдері үшін қажетттілікке қарай бөлінуі, 

бірін - бірі толықтырып отыруы) принциптерін сақтауға мүмкіндік береді.     

 SWOT- талдаудың нәтижелі болуы төмендегі ережелердің сақталуына 

тығыз байланысты:  

1.  Әрбір  SWOT-  талдау  шектеулі,  берілген  нысанға  ғана  қатысты 

жүргізілуі тиіс,  сонда ғана талдау дәл жасалады. 

2.  SWOT-  тың  элементерін  нақты  ажырату  қажет,  өйткені  оның 

мықты және   әлсіз жақтары ұйымның ішкі сапалары, яғни, оны 

қадағалауға,  реттеуге  болады.  Ал  мүмкіндіктері  және    қауіпті 

жақтары сыртқы ортаға қатысты болғандықтан оған ықпал етуге 

болмайды, сондықтан оны ескеру қажет. 

Мықты  және      әлсіз  жақтары  салыстырмалы  көрсеткіштерге  жатады 

және олардың  түрі өте  көп  болуы  мүмкін.  Соған  орай,  жобалау  мақсатына, 

нәтижелік өлшемдеріне қатысты сапалар маңыздылығы бойынша іріктелгені 

жөн(кесте 3). 

Талдауға  қатысты  ақпараттар  шынайы  және  арнайы  зерттеу 

қорытындыларына  сүйеніп  қана  жасалуы  керек,  сонда  ғана  жобалау 

нәтижелі болады. 

 

Кесте 3 − SWOT - әдісімен талдау 



 

Ішкі 


Жобалау  нысанына  тікелей  қатысты 

элементтерді сипаттау 

Мықты жақтары 

Әлсіз жақтары 

Сыртқы 

 Ортаға  қатысты          мысалы, 

құқықтық, 

қоғамдық 

саяси, 


ресурстық, 

т.б. 


факторларды 

сипаттау 

Мүмкіндіктері 

Қауіпті жақтары 

 

 

SWOT  -  әдісі  өзінің  тұжырымдалық  тұрғыдан  арнайы  дайындықты 



қажет  етпейтін    қарапайымдылығынан  оны  қолдану  тиімділігімен  қатар, 

негізгі түсініктері дұрыс анықталмаса, теріс ақпараттар қолданылса пайдасыз 

құралға  айнала да алады.  

Жобалау  білім  саласының  көлемді  бөлігін    талдау  негізінде  үлкен 

институционалдық өзгерістерді көздесе, PEST- талдаулар жасалады. Ол төрт 

құрамдас  элементтен  тұрады:  P  –    саясатқа  қатынасты  талдаулар,  E  –

экономикалық жағдайына қатысты талдаулар, S – қоғам дамуына және адам 

ресурстарының  жағдайларына  қатысты  талдаулар  және  T–  нақты  нысанға 

қойылатын технологиялық өлшемдерге сәйкестігін талдау.   

PEST-талдаудың принциптері:  

-  Жүйелілік  –  әрбір  элемент  басқаларымен  тығыз  байланыста 

қарастырылады,  өйткені,  бір  фактордағы  өзгерістер  міндетті  түрде 

келесі фактордың өзгеруіне әкеледі. 



-  Шынайылық  –  жобалау  нысанының  сыртқы  орта  талаптарына 

сәйкестігі.  

-  Проблеманы  белгілеу  және  мақсат  қою.  Талдаулар  негізінде 

қайшылықтар  анықталса,  соған  сай  өзгерістерді  жүзеге  асыру 

мақсатын қоюға кірісу қажет. 

Сөйтіп,  бастапқы  кезеңде    атқарылатын  жұмыстар:  жобалау 

объектісінің  қазіргі  жағдайын  талдау;  диагностикалау,  бағалау;  орын  алып 

отырған қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау; осы бағыттағы ғылыми –

зерттеулерді талдау; проблеманы теориялық негіздеу; жобаны ресурстармен 

қамтамасыз  ету(кесте  4).  Бұл  кезеңнің  нәтижесі  –  жобалаудың  қажеттігін 

анықтау, оны ақпараттық –материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті 

жағдайлар туғызу. 

 

Кесте 4 – Жобалаудың логикалық құрылымы 



 

Жобаның 


компоненттері 

Объективті  

көрсеткіштер, 

негіздемелер 

Сыртқы  жағдайлары, 

алғы шарттары 

Проблеманы анықтау: 

Жобаны 


орындауға 

қажеттік неліктен пайда 

болды? 

Неліктен 

бұл 

проблеманы 



шешу 

маңызды болып отыр? 

Проблеманың 

шын 


мәнінде  бар  екенін,  оны 

шешуге 


болатынын    

қандай қосымша ақпарат 

көздері  көрсете алады? 

 

Мақсат қою: 



Жобалаудағы 

іс  


әрекеттер 

қандай 


мақсатты 

орындауға 

бағытталған? 

Ол  


берілген 

проблеманы 

шешуге 

қаншалықты 

байланысты? 

Мақсатқа  қол  жеткізген 

жағдайда кімдер ұтады? 

Жобалауда 

орындалатын  әрекеттер 

қалыптасқан  жағдайды 

қалай өзгертеді?  

Мақсаттың 

орындалғанын 

қандай 


құралдармен  тексеруге 

болады? 


Тексерушілер  жобаның 

мақсатын 

орындаудың 

маңызын  неден  көре 

алады? 

Жобаның 


мақсатқа 

бағытталғанын  өлшеуге 

болатын 

мәліметтер 

жинау 

қарастырылған 



ба?  

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет