ұстанымдарына негізделеді;
5) Одан соң, берілген әрекет үлгісінен – күтілетін нәтижесіне
жеткенге дейінгі барлық жолдары анықталады, ол кезедерге
жүйелі түрде бөлініп көрсетілген әрекеттің нормасы жоспар
болып табылады.
6) Одан соң барлық ұйымдастушылық қызметтер мен оны
орындауға қажетті құралдар анықталады;
7) Жобаның орындалу мерзімі, аралық кезеңдер мен әр кезеңде
алынатын аралық өнімдерін нақтыланады;
8) Әрбір кезеңнің технологиялық сипаттамасын жасалады, оған
қажетті ресурстар анықталады.
9) Жоба жүзеге асырылған соң нәтижесі бағаланады, ол алынған
нәтиженің күтілетін нәтижеге сәйкестігімен өлшенеді.
Осылайша, жобалау әрекеті жаңа педагогикалық жүйелер құруға,
немесе, оның компоненттерін жетілдіру арқылы жүйенің жаңа сапаға өтуіне
мүмкіндік береді. Бұл жағдайларда, жобалау объектісі болып тұтас жүйенің
өзі, немесе оның бөлек компоненттері (қызметтік, құрылымдық, т.б.),
сапалары (ашықтық, гуманитарлық, демократиялық), жүйелік қасиеттері
(тұтастығы, инегративтігі) алына алады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай,
жобалау қызметі бірнеше деңгейден – жобалау тұжырымдамасын жасау,
жүйе қызметінің мазмұндық және процессуалдық қызметтерін құрастыру,
орындаудан – тұрады.
Педагогикалық жүйені басқарудағы жобалау қызметі ұйым
мүшелерінің үнемі алға жылжып отыруына, проблеманы тану мен ұғынуға,
оны шешудің түрлі жолдарын талдауға мүмкіндік береді.
Жобалау
қызметі
тиімді
ұйымдастырылған
жағдайда
басқарушылардың әкімшілік стилі өзгеріп, негізінен педагогтардың
белсенділігіне, шығармашылығын дамытуға және қолдауға, олардың топтық
құрылымдардағы қызметі мен желілік ойлау дағдыларын қалыптастыруға
бағыттала бастайды. Ұйымдағы қызметкерлерінің кәсіби сапасын үнемі
жетілдіріп отыру олардың өздерінің қызмет ететін орнында шағын
топтарда «оқытуды ұйымдастыру» арқылы мүмкін болады.
Педагогикалық ұжымда жобалауды жүзеге асыру төмендегі
міндеттерді көздейді:
− педагогикадағы дәстүрлі құндылықтардың тиімділерін сақтай
отырып, қоғам талабына сай жаңа педагогикалық ұжымның жаңа сапасын
қалыптастыру;
−
педагогикалық
жүйе
ретіндегі
білім
беру
ұйымының
тұжырымдамасын, миссиясы мен стратегиялық дамуын құрастыруды
көздейтін стратегиялық қызметтерді басқару мазмұнына енгізу,
− жүйеде болып жатқан үрдістерді реттеп отыру, ұжымдық құрылымға
қажет өзгерістерді уақытылы жасап отыру, өзгерістерді байқай және
бағалай білу;
− педагогикалық жүйелерде функционалдық қарым - қатынастарды
қайта құруға бағытталған, иерархиялық тәуелділік емес, өзара тәуелділік
пен байланыстылықты нығайтатын матрицалық ұйымдастырушылық
өзгерістер жасау, оған міндеттерді қайта бөлісу, әр бөлімше деңгейіндегі
жауапкершілік пен құзіреттіліктің міндеттелуі, т.б. матрицалық, желілік
байланыстарды жатқызуға болады;
− Педагогтарды дамытуға бағытталған жобаларды ұйымдастыруда
мотивациялар мен ынталандыру жүйесін қалыптастыру.
Осылайша, басқарудағы жобалау қызметі білім беру ұйымының кіші
басқару жүйелері мен оның барлық деңгейлеріндегі құрылымдық
бөлімдерінің әрекеттерін үйлестеру механизмі қызметін атқарады.
Бұл жағдайда басқарудың жүйенің иерархиялық - матрицалық және
матрицалық құрылымдары негізге алынады. Иерархиялық құрылым тұтас
педагогикалық жүйені басқару өкілеттігі берілген басқарушының жеке өзі
басқаруын білдірсе, иерархиялық - матрицалық құрылым жүйенің күнделікті
қызметін тігінен басқарумен қатар, белгілі бір маңызды мәселерді шешу
мақсатында құрастырылатын топтар мен жобалық құрылымдарды көлденең
басқару қажеттігінен туындайды. Ал, жоғарыдағы екі құрылымды
біріктіретін ерекше құрылымдар матрицалық түрде болады. Олар ұйым
алдына қойылған белгілі бір мақсатты орындауға жүйенің барлық
компоненттерін біріктіретін интеграциялық қызмет атқарады.
Матрицалық құрылым басқарудың инновациялық қызметі – жүйенің
өзгерістерін мақсаттық - бағдарлы жобалау қызметін ендірудің шарты
болып табылады. Бұл жаңа құрылымның басқарудағы нақты проблемаларды
шешу барысында педагогтардың ізденістік - шығармашылық белсенділігін
арттыруда, білім беру ұйымының пайдаланылмай жүрген түрлі ресурстар
көзін анықтауда маңыздылығы өте зор.
Бұл құрылым күнделікті жұмысты қадағалап отыратын басшылардың,
орынбасарлардың, сала басшылары мен ғылыми - әдістемелік қызметтер,
сонымен қатар, белгілі бір маңызды мәселерді шешу мақсатында
құрастырылатын топтар мен қызметтік жобалардың орындалуын тігінен
және көлденең басқарудың матрицалық түрінде берілген. Дәстүрлі
құрылымнан өзгешелігі, онда ақпаратық - талдау орталығы, жобалау
қызметінің жетекшісі, мақсаттық - бағдарлы жобалар мен олардың
жетекшілері, оқу-тәжірибе алаңы, оқу - жобалау қызметтерінің орын алады,
сонымен қатар, ұйымдағы күнделікті қызметтің орындалуын оның
иерархиялық мазмұны қамтамсыз етеді.
Ақпаратық
-талдау
орталығында
білім
беру
ұйымының
проблемалары талданып, нақты мақсаттар айқындалады, оны шешуді жүзеге
асыратын жобалау қызметі белгіленеді, одан әрі мақсаттық - бағдарлы
жобалар құрастырылып, оған педагогтар мен сала басшылары қатысуы
қамтамасыз етіледі, олар ғылыми әдістемелік қызметпен де өзара байланыста
болады.
Мақсаттық - бағдарлы жобалар көбіне жаңа бағыттарды, мысалы,
ұйымның даму стратегиясын анықтау, адам ресурстарын дамыту, білім
берудің жаңа технологияларын игеру,т.б. инновацияларды жүзеге асыратын
болғандықтан, жобалау бастапқы кезеңде оқу-тәжірибе алаңы, оқу - жобалау
қызметтері түрінде ұйымдастырылады.
Адам ресурстарын ұйым жағдайында дамыту туралы зерттеулер
көрсеткендей, білім алушыларды, педагогтар мен басшыларды дамытудың
нәтижелілігі олардың іс -әрекеттерінде шығармашылық жағдайлар туғызып
және оны үнемі қолдап отыруына байланысты. Соған орай, ұсынылып
отырған педагогтар мен түрлі деңгейдегі басқарушыларды жоба
жетекшілері ретінде арнайы дайындау оған қосымша ақпараттар беру,
сабақ беру, немесе білім жетілдіру курстарына қатысу мағынасында емес,
оның осы бағыттағы қабілеттіліктері мен құзыреттіліктерін жобалау
қызметіне қатысу барысында кеңейтілуі. Өз тәжірибесі арқылы оқып –
үйрену, өзін - өзі дамыту – адамның өмір бойы оқуы
болып табылады.
Педагогикалық жүйелердің жобалау негізіне субъектіні өзіндік
дамыту жүйесі алынады. Осыған сай жүргізілген талдаулар білім берудің
түрлі деңгейлердегі жүйелердің – сынып жүйесін, сыныптық-оқыту жүйесін,
мектепке дейінгі білім беру жүйесін, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім
беру, кәсіптік, қосымша, жоғары білім беру жүйелерін, педагогикалық
жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдары, мекемелері, т.б. жүйелерді басқару
құрылымы мен қызметін өзгертіп, оларды субъектінің өзіндік дамуын
ұйымдастыратын мазмұнда ұйымдастыруды қажет ететінін көрсетеді.
Педагогикалық жобалауды субъектілердің өзара қарым- қатынас
процесін тұтас, ішкі дифференциацияланған, өзін- өзі дамыта алатын жүйе
деп қарастыру қажет. Жобалау процесінде субъектілердің бірін- бірі
дамытуы жүзеге асырылады, сөйтіп, білім беру техноглогиясының өзгеруі
педагогикалық ұжымның өзін дамытуды, он заман талаптарына сай қайта
жаңартуды қамтамасыз етеді.
Жобалау
әрекетін
ұйымдастыруда
педагогикалық
ұжымның
құндылықтық көзқарастары да қалыптасады, өйткені, жүйені жобалау
негізінде дамыту, ондағы адамдар мен олардың қатынастарынд жаңа
сапалардың қалыптаса бастауы жаңа деңгейдегі педагогикалық процестерге
негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |