нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру. Мониторинг екі түрлі мақсатты
көздейді. Біріншіден, қойылған мақсат – міндеттердің қаншалықты тиімді
орындалып жатқанын бақылау, екіншіден, жобаны жүзеге асыру барысында
қажеттілікке сай өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін ақпараттар жинақтау,
яғни, жобаның тиімділігіне баға беріп, уақытында түзетулер ендіріп отыру.
Бұл жерде бағалануы мүмкін параметрлер:
Жұмыстың ұйымға, әлеуметтік ортаға, адамдарға ықпалын анықтау
(мысалы, жоба болмаса қалай болар еді);
Ресурстардың тиімділігін анықтау (олардың қол жеткен нәтижелерге
сәйкестігі);
Өткізілген шаралардың тиімділігін анықтау? Олар мақсатына жетті ме,
жасалған еңбек пен шыққан шығын күтілетін нәтижені берді ме?
Жобаның жалпы нәтижесі мен өміршеңдігін бағалау. Жобаны
қаржыландырушылар үшін де, жоба авторлары үшін де жобаның
қаншалықты өміршең болатыны, яғни, одан әрі тиімділігінің сақталуы, өзекті
болуы, өздігінен инвестиция тарта алатындығы - маңызды мәселелердің бірі.
Жобаның өміршеңдігі әрі қарай өзін қаржыландыра алатын, мемелекет
тарапынана, басқа да гранттар мен бизнес қорларынан қаржыландырыла
алатын дәрежеде маңызды болуымен өлшенеді.
Жоспарланған бюджеті. Жоба бюджетінің құрылымы түрлі
жағдайларға байланысты жасалады, олар: нәтижені орындауға бағытталған
«тікелей қаржыландыру», қосымша қаржыландыру, т.б. Мысалы, жобаның
қаржысы 70-80 % «тікелей қаржыландырудан» тұратын болса, ал қалғаны
қосымша қаржы көздерінен құралса, бұл өте қолайлы жоба болып
есептеледі.
Қорытынды кезеңде атқарылатын жұмыстар:
– жобаны және оны эксперименттік байқаудың сапалық
нәтижелерін бағалау;
– жобаның тиімділігін тәуелсіз эксперттердің бағалауы;
– пайда болған проблемаларға сыни рефлексия жасау;
– жобаны коррекциялау, түзетулер енгізу.
Бұл
кезеңнің
нәтижесінде
жобаның
жаңғыртылған
түрі
құрастырылады.
Жобалау құжаттары мақсаттарына сай түрлі деңгейлерде
жасалынады, мысалы, белгілі бір ұйым үшін маңызды проблеманы шешуді
жобалау, белгілі бір қаржылық ұсыныстарға жобалар даярлау, авторлық
жобалар, т.б.
Жобалау қызметі туралы құжаттар құрастыруды аяқтау үшін оның
шын мәнінде орындауға болатынын тексеру жолдарын белгілеу керек.
Жобалаудың құжат ретінде аяқталғаны, толықтығы - онда жүзеге
асырылып жатқан үрдістердің дұрыстығын, аралық нәтижелері мен
қорытындыларын тексеру, бағалау өлшемдері берілген бөлімінің болуынан
көрінеді. Бұл бөлім жобаларды бағалауға арналған эксперттердің
сараптамалық тәжірибелеріне сай жасалады. Бүгінгі тәжірибеде екі түрлі
сараптама қалыптасып отыр, олар:
Квалиметриялық сараптама – бұл тексерілетін мәліметтердің
белгіленген сапалық нормалары негізінде қатаң процедуралармен тексеру.
Квалиметрия жүргізуші нақты технологиялар мен әдістемелерге сай
стандарттық көрсеткіштермен сараптама жасауы тиіс.
Статустық сараптама – жобаны бағалауға тартылатын эксперттердің
мәртебесі мен кәсіби беделіне, танымал тәжірибесіне қатысты сараптама.
Мұнда белгілі бір өлшемдерге сүйенген сараптамашының пікірі негізге
алынады, бұл жағдайларда тәуелсіз сараптамашылар бірнеше адамнан тұруы
мүмкін.
Жобалаудың жақсы жасалғандығының тағы бір белгісі – оның
Достарыңызбен бөлісу: |