5-семинар.
Педагогикалық
жобалауды
ұйымдастырудың
шарттары.
Жобалау бүгінгі еліміздегі және шет елдер тәжірибесіндегі
инновациялық өзгерістерді қолдауда, маңызды ғылыми – зерттеу салаларын
дамытуда, ұйымның даму бағдарламасын құрастыруда кеңінен қолданыла
бастаған тиімді қызметке айналып отыр. Сонымен қатар, оның білім беруді
ұйымдастыру тәжірибесіне әлі де кеңінен тарай қоймаған, басқарушылар мен
педагогтар үшін жаңа технология болғандықтан оны ұйымдастырудың
өзіндік шарттарын анықтау қажет.
Өйткені, түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерді дамытуды
көздейтін жобалауды тиімді ұйымдастыру белгілі бір шарттарының қатаң
орындалуына тығыз байланысты.
Бірінші шарты, педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру
ұйымдарын, педагогикалық үрдіс, оқыту мен тәрбие беру, әдістемелк жұмыс,
т.б. дамыту үшін, ең әуелі, жүйенің стратегиялық мақсатқа сай күтілетін
нәтижелерін анықтап алып, мақсатты – бағдарлы жобалау қызметі арқылы
оны қайта жаңарту мінбдеті қойылады.
Екінші шарт, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін жоба
жетекшілерінің (басшылардың, педагогтардың, білім алушылардың)
құзыреттіліктерін дамытуға ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыру
арқылы мүмкіндіктер жасалуы керек. Бұлар арнайы ұйымдастырылып,
тұрақты түрде қызмет істейтін семинарлар, немесе, оқу-тәжірибелік алаңдар
мен зертханаларды ұйымдастыру арқылы мүмкін болады
Үшінші шарт, кез келген деңгейдегі жобалау әрекетрін ұйымдастыру жаңа
идеялар тудыратын және ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын
«белсенді топтар» құруды қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары
ретінде ұйымдастырылып, белгілі бір жоба аяқталғанда таратылуы тиіс.
Төртінші шарты, педагогикалық жүйені басқаруды жобалау қызметі қатаң
құрылымданбаған матрицалық, немесе иерархиялық – матрицалық болуын
талап етеді, өйткені, мақсатты бағдарлы жобалау технологиясы құрылымы
иерархиялыққа бағытталмайды, тұтастық пен жүйелікке негізделеді және
қозғалмалы болады, яғни, әртүрлі деңгейлердегі жобалар уақытша басқару
құрылымдары арқылы жүргізілу мүмкін.
Аталған шарттардың орындалуы педагогикалық жүйенің жаңа
сапасын, бірлесіп үйрену мен бірлесіп білім алуға бағытталған қарым –
қатынастар мен құрылымдарды дамытатын, қатысушылардың субъектілік
позицияларын қалыптастыратын, мақсат қою және оны жүзеге асырудағы
жаңа әрекеттерді тудыратын тиімді басқару тетігі – жобалаудың тиімді
ұйымдастырылуына негіз болады.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері(жұмыс жоспары). Кіріспе
бөліміндегі нақтыланған міндеттерді орындау белгілі бір іс -әрекеттерді
логикалық сабақтастықпен, белгілі бір мерзімде жүзеге асыруды, қажетті
ресурстарды әр кезеңге бөлуді, ірбір кезеңнің күтілетін нәтижесін белгілеуді,
адамдар арасында жауапкершілікті бөлісуді талап етеді. Жобаның әр
кезеңіндегі іс -әрекеттер нақты жоспарланады, қатаң қадағаланады. Сөйтіп,
бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан өткізу
орындалады. Нәтижесі –білім беру жүйесінің жаңа сапаға өткендігін назарға
алу.
Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр кезеңнің
Достарыңызбен бөлісу: |