Алтыншы қадам. Әрбір бағыт бойынша жұмыс жасау, оқу және
әдістемелік өнімдердің жаңа түрлерін жасау; мектеп ішілік құжаттарды
бірігіп жасау; өзіндік құалыптасу бойынша жұмысты жоспарлау.
Жетінші қадам. бағыттар бойынша іс әрекеттер нәтижелерін жалпылау.
Жоба алды кезеңді жобаны халық алдында көрсету аяқтайды. Жобалауға
қатысты кең түсіндірілетін көрнекіліктерге педагогикалық талаптар тек
қана адамның мәселені табуға араласуы ғана емес, сонымен қатар оны
басқа адамдарға дәлелді түсіндіруді қамтиды. Ойды жеткізу сурет, сызба,
іс әрекет принциптерін сөзбен бейнелеу арқылы көрсетілуі мүмкін.
Жобаны көрсету формасына талаптарды қалыптастырған пайдалы.
Мысалы ретінде «жазға лагерь: болжамы» жобасына қойылған талаптарды
көрсетейік.
Жобада тұжырымдамалы тақырыптардың біреуі өңделеді: «Бала және
лагерь», «Лагерьдегі педагогика», «Қоғам және лагерь». Жоба ұжымдық
шығармашылық негізінде жасалады.
Жобаның мазмұны мәселелер жүйесін шешуді немесе бір, бірнеше
мәселе блоктарын мақсатты жасауды бейнелеуі мүмкін.
Жоба логикалы, дәлелді көрсетілуі, бүгінгі күндегі кемшіліктер
позитциясымен негізделуі керек. Ол уақытты озуы мүмкін, бірақ
шынайы түрде қалады.
Жобаны көрсету формасы бойынша ғылыми, бұқаралық немесе әдеби
шығармашылық болуы мүмкін.
Жобаның сызбамен, суреттермен және т.б көрсетілгені дұрыс. Көркем
әсемдеу және театрализация элементтерін қолдануға болады.
Әр бір құрлымдық бюро және әр бір жобаның визиттік карточкасы
болады: девиз, атау, эмблема.
Жобаның бастауы туралы соңғы шешімдерді қабылдау презентация
барысында немес одан кейін оның сәттілік алғашарттарын эксперттік
бағалау қабылдайды. Осындай авторлық және сыртқы, тәуелсіз, кешенді,
экспертиза кезінде тарихи педагогикалық аналогия әдістерін, мамандар
бағалауын эмитациялық моделдеуді, рейтингтік бағалауды қолдануға
болады. Ойды түзету экспертиза шешіміне байланысты жүреді, сонымен
жоба алды кезең аяқталады. Әрі қарай жобалық ойларды өмірде жүзеге
асыру бойынша жұмыстар басталады.
|