ІІІ. Жүзеге асыру кезеңі
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге жүзеге
асыруын қамтамасыз ету.
Бұл кезеңнің мазмұны:
1) Педагогикалық
ұжымның
инновациялық
мүмкіндіктерін
дайындық кезеңі бойынша аралық диагностикалау;
2) Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д.Колб әдісімен
тақырыптық семинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар,
тренингтер түрінде жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі
аралықта тәжірибеде бекіту, талдау, әріптестерімен талқылау;
Бағдарлама бойынша практикалық, ғылыми - әдістемелік жұмыстарды
төмендегі бағыттарда жүргізу: сабақтарға қатысу, талдау сияқты дәстүрлі
әдістемелік қызметтер; сонымен қатар, матрицалық түрдегі шығармашылық
зертханалар, тәжірибе алаңдары, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топ; оқу
зертханаларында тәжірибелік жұмыстарды шыңдау;
Ұжымдағы іс әрекеттердің мазмұндық өзгерістері: сыныпішілік,
сыныптаралық, ұжымдық жобалар жасалуы; білім беру жобаларымен қатар,
тәрбиелік, әлеуметтік мәнді жобалар жасалуы; білім алушылар мен
педагогтар және ата- аналардың қатысатын бірлескен жобалар пайда
болуына жағдайлар туғызу;
Басқару құрылымының өзгеруі, матрицалық құрылымдар пайда болуы,
педагогтар ұжымының, білім алушылардың, ата – аналардың түрлі
тақырыптадағы инновациялық жобаларға белсенді қатысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |